• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Тамыз, 2017

Қарой-шейітсай – егіз ұғым

1231 рет
көрсетілді

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жүктеген міндеттер аясында «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының бастамасымен «Қарой – Шейітсай – Қарой» автоэкспедициясы ұйымдастырылды.

Исатай мен Махамбет бабамыздың мəңгілік жай тапқан мекеніне барған сапарымыз − өткенімізді ұмытпай, болашақтың бесігінде батырларымыздың рухын тербету­дің басты көрінісі деп есептеймін.

Индер ауданының Қараой жазығында Махамбет батыр мен Малайсары би жатқаны баршаға белгілі. Экспедиция мүшелерін Индер ауданының əкімі Серік Арыстан қарсы алып, тарихи-мəдени мұраларымыздың рес­публика көлеміндегі алатын орны, маңыз­ды­лы­ғына кеңірек тоқталды.Тарих­тың қой­­­науынан сыр шертетін Жəңгір хан, Иса­тай мен Махамбеттің арасында өрбі­ген оқи­ға­лар­ды қойылым арқылы аудан өнер­паз­дары көр­сетті.

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауда­ны­ның мұражайы тарихи мəні бар экспонаттармен қамтылған, мəдени мұрамызды айшықтайтын ордалы отау екенін ұғындық. Сырым ауданында Алаш қайраткерлерінің мүсіндері менмұндалап тұр. Елім деп еңіреп өткен ерлеріміздің есімі Алаш саябағының төрінде алтын зерлі жазумен жарқ етіп тұрғаны көңілге қуаныш сыйлайды. Халық жазушысы, көрнекті ақын Қадыр Мырза Əлінің ескерткішін қойып, əдебиеттің алтын дəуірін жасаған қаламгерді əспеттеген жұртшылыққа алғыс білдіру қажет.

Ақтөбе облысы, Қобда ауданының ты­ныс-тіршілігімен таныса келе, мəдени мұ­ра­мыз­дың мəйегі екенін айтқым келеді. Исатай бабамыздың кесенесі Шейітсай мекенінде орналасқан. Атақты Михаил Герасимовтің шəкірті, антрополог-ғалым Ноэль Жұмабайұлы Шаяхметов зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, сүйекті ашуға атсалысқан қария Жауғашты Жұмағалиевпен, «Исатай» қоғамдық қо­рының президенті, исатайтанушы Еркін Құрманбековпен жүздестік. Қобда ауданының əкімдігі Исатай бабамыздың кесенесіне жол салу жөнінде сметалық құжаттары дайындалып жатқанын жеткізді. Ауданда 320 орындық білім беру нысанына Исатай бабамыздың есімі беріліп, би­ік­тігі 11 метрді құрайтын бабамыздың ес­кер­т­кіші қазан айында ашылатындығы жөнін­дегі жағымды жаңалықтан хабардар болдық.

Экспедицияның басты мақсаты – Исатай мен Махамбет бабаларымыздың рухын жаңғырту, баһадүр батырларымыз бастаған көтеріліс жөнінде тың деректерді жинақтау еді. Мақсат орындалды.

Әділбек ӨМІРЗАҚОВ, «Қарой – Шейітсай – Қарой» экспедициясының мүшесі