• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Футбол 20 Тамыз, 2017

«Егемен Қазақстан» – Сейдахмет Бердіқұлов турнирінің жеңімпазы!

614 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің командасы Астанада өтіп жатқан БАҚ өкілдері арасындағы шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұлов турнирінің чемпионы атанды.

Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен БАҚ өкілдері арасындағы шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған турнир өз мәресіне жетті.

Осымен 20-шы рет өткізіліп отырған спорт додасына биыл 22 команда қатысты.

«Проспорт» командасына 1:2 есебімен есе жіберген «егемендіктер», «Қызылжар» командасын 4:2 және «Казспорт» құрамасын 7:0 есебімен тізе бүктіріп, топтық кезеңнен өтті.

Бұдан кейін 1/4 финалда 2:1 есебімен ОҚО-2 командасынан басым түсіп, жартылай финалда «Хабар» телеарнасын да дәл осындай есеппен ұтты (2:1).

Финалдық кездесуде «Егемен Қазақстанның» жігіттері Оңтүстік Қазақстан облысының БАҚ өкілдерінен құралған ОҚО-1 командасымен кездесті. Тартысты матчта «егемендіктер» қарсыластарын өздеріне үйреншікті 2:1 есебімен тізе бүктіріп, турнирдің жеңімпазы атанды.