• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қазан, 2017

Байзақ ауданында «Кел, ер­кем, Алатауыңа!» атты байқау өтті

246 рет
көрсетілді

Ұлттың тарихында Ха­лық қаһарманы Нұрғиса Ті­лендиевтің есімі ерекше аталады. 

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

«Саржайлау», «Құстар әні», «Өз елім!» сияқты өміршең әндерімен және «Әлқисса», «Ата толғау» сынды көркем күй­лерімен қазақтың музыка тарихында қалған көрнекті күйші, композитордың шығармалары әлі талай ұрпақтың рухани олжасына айналары хақ. Қазақтың сайын сахарасын әнмен әл­дилеп, күймен тербеткен ұлы дарынның атында елімізде жыл сайын түрлі фестивальдер мен конкурстар ұйымдастырылуда. Жуырда ұлы композитор­дың шығармалары Әулие­ата аспанында әуелеп, тыңдар­мандардың құлақ құрышын қандырды. Байзақ ауданындағы әл-Фараби атындағы мәде­ниет үйінде облыстық мә­де­­ниет, архив және құ­жат­тама басқармасының ұйым­дас­ты­руымен бесінші рет «Кел, ер­кем, Алатауыңа!» ат­ты Нұр­ғиса Тілендиевтің шы­ғар­машылығына арналған ән­шілер мен күйшілердің рес­публикалық байқауы өтті.

 Аталған байқауға еліміздің әр түкпірінен 23 үміт­кер қа­тысып, өз өнерлерін көр­сет­ті. Бәйгеге қатысушылар сахна мәдениеті мен орындау шеберлігін ұштастырып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал байқауға еліміздің Еңбек сіңірген мәдениет қай­раткерлері Саят Медеуов, Мұхтарбай Рахманқұлов және белгілі күйші-сазгер Аман Мал­дыбаев қазылық жасап, үміт­керлердің лайықты баға­сын берді.

 Нәтижесінде байқаудың бас жүлдесін жамбылдық Әсел Уашева жеңіп алса, бірінші орынды астаналық Батырхан Әбенов пен қызылордалық Аружан Қойшығара иеленді. Со­нымен қатар, екінші орын астаналық Нұриддин Құ­дайбергенов пен шымкенттік Бек Нұриддинге бұйырса, алма­тылық Ұлжан Ағлақова, жамбылдық Дулат Жасұзақов және Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Еркебұлан Құрасбек үшінші орыннан көрінді. Ал байқаудың ынталандыру сыйлығына жам­былдық Рауан Жексенбі, алма­тылық Нұриддин Қыр­ғызбаев, керекулік Жібек Айтбаева жә­не Батыс Қазақстан облы­сынан келген Таңат Жек­сен­баев лайық деп танылды. Рес­­публикалық байқаудың бар­­лық жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қомақты қар­жылай сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды.

 

Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы