• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қазан, 2017

Рухани келісім – бейбітшілік негізі

469 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы бойынша алға қойған міндеттерін іске асыруда ассамблея алдында тұрған жұмыстар талқыланды.

Отырыс барысында мемлекеттік тілді латын графикасына көшірудің маңызы жөнінде ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі, профессор Асма Қалыбекованың, Қазақстан өзбектерінің «Дустлик» қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжановтың баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар, Рухани келісім күніне орай қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтудың маңызы жөнінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Свято-Никльский кафедралдық соборының діни қызметшісі Александыр Могилевски және облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары Мәди Бесбаев өз ойларын ортаға салды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.