Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасында атап көрсетілгендей қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьОсындай өңірлердің бірі болып саналатын Қазталов ауданында да талай тарихтың қилы кезеңдері өткенін біреу білер, біреу білмес. Сонау орта ғасырларға жататын қос өзеннің бойынан табылып жатқан Жалпақтал, Сарыөзен қалалары бұған дәлел болмақ.
Соның бір айғағындай тарихи жәдігерлер көп табылып жатқан Көктерек ауылдық округін атап айтуға болады. Біз аудан әкімі Абат Шыныбековпен бірге осы ауылдық округке қарасты Саралжын (Киров) ауылына барған іссапарымызда ауыл төңірегінен табылған тарихи жәдігерлердің куәсі болдық.
Саралжын ауылындағы М.Жүнісов атындағы негізгі жалпы білім беретін мектепте Елбасымыздың мақаласынан туындайтын «Туған жер» бағдарламасына орай, мектеп ұжымы ауыл тарихынан сыр шертетін өлкетану музейін ашуды қолға алып жатыр екен. Жарас Ғалымов басқаратын ұжым мектеп ішінен бір бұрыш ашып, тарихи жәдігерлерді жинақтауда. Әртүрлі кезеңдерден сыр шертетін жәдігерлер ішінен көзге түскені қанжар, қылыш және садақтың жебесі. Мектеп директорының айтуынша, бұл жәдігерлер ауылдан 10 шақырым қашықтықта орналасқан Бірәлі обасынан табылған екен. Қай ғасырда жасалғаны белгісіз. Зерттеуді қажет етеді. Бірәлі сияқты обалар Саралжын ауылы аумағында көп кездеседі дейді. Жарас Ғалымовтың сөзінен байқағанымыздай, бұндай жәдігерлер обаның беткі қабатынан ғана табылған. Ал астыңғы қабатында қандай құнды заттар жатқанын көру үшін қазба жұмыстарын жүргізу керек сияқты. Бұл болашақтың еншісінде демекпіз.
Шалғайда жатқан шағын ғана ауылдың тарихын ашып жатқан мектеп ұжымының еңбегі барша қазақстандықтарға үлгі болары анық. Өйткені осы ұжым сияқты тарихымызды зерделеп, өткенімізге көз жіберсек, әрбір ауылдың тарихын түгендеу арқылы туған Отанымыздың тарихын жасаумен пара-пар деп түсінуіміз керек.
Қайрат ЖАҚЫП,
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы