• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қараша, 2017

Суицид – қоғам әл-ауқатының барометрі

885 рет
көрсетілді

Елдің экономикалық дамуы мен халқының әл-ауқаты жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім (ІЖӨ), ұлттық кіріс көлемі секілді макроэкономикалық көрсеткіштермен бағаланады. Осылардың негізінде мемлекеттердің рейтингісі жасалады. Алайда бұл көрсеткіштер біз бен сіз өмір сүріп отырған әлеуметтік өміріміздің шындығын көрсете ме?! Бұл – мәселенің басқа қыры. Осы тұста өз-өзіне қол жұмсау – әлеуметтік дертін де жан-жақты қарастыру қажет.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Өзіне қол жұмсау – бұл бір адамның немесе оның айналасындағылардың ғана психологиялық проблемасы емес. Бұл – микрокөзқарас және мәселенің тек салдары. Негізгі себептерін тереңірек іздеу керек. Өзін-өзі өлтіру жағдайы – қоғамның әлеуметтік әл-ауқатының барометрі.

ХХ ғасырда француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм «Суицид. Социоло­гиялық зерттеу» кітабында қоғамда суицид көрсеткішінің өзгеріп отыруына әсер ететін әлеуметтік ортаның әртүрлі жағдайын бөліп қарастырған болатын (діни нанымдары бойынша, отбасылық жағдай, саяси өмір және т.б.). Автордың пікірінше, ұжымдық қарым-қатынас және қоғамның ауызбіршілігі өзіне-өзі қол жұмсауды тежейді. Қоғамның бірігуі әлсірегенде, адам қоғамдық өмірден алшақтап, ортақ игіліктен өзінің жеке мақсаттарын жоғары қояды. Мысалы, суицидке саяси жағдай, соның ішінде ұлтаралық соғыстар да әсер етеді.

АҚШ-Ресей әлеуметтанушысы Пити­рим Сорокин қоғамның әл-ауқатының деңгейін адамның әлеуметтік мәртебесімен анықтайды. Әлеуметтік мәртебе оның мамандығының беделі, білім деңгейі, табыс көлемі, билікке қол жеткізуінен тұрады. Бұл тұжырым бүгінде көптеген зерттеулермен дәлелденген. Өзіне қол салған әлеуметтік-демографиялық топтар арасында білім деңгейі, әлеуметтік мәртебесі мен жағдайы төмен адамдар басым.

Қоғамның игілігі материалдық, рухани құндылықтарды қамтиды және адамның өмірлік мүдделерімен байланыс­ты. Әлеуметтік әл-ауқатқа қол жеткізу қашанда жеке тұлғалардың еңбек етуіне негізгі түрткі болады. Басқаша айтқанда, адамдар әрдайым жақсы өмір сүруге тырысады және соған ұмтылады. Дәл осы мотивпен кезінде адам «отты игерсе», бүгінде «айфон» ойлап тапты. Бүгінгі күннің негізгі ұрандардың бірі – «жайлылықта өмір сүру».

Әлеуметтік әл-ауқатқа толық қол жеткізу үшін жай ғана «ыңғайлы» немесе молшылықта өмір сүру жеткіліксіз, «жайлылық» адамның жүрегінде орын алуы керек. Мысалы, адамның жүрегі тыныштық, көңіл күйі жақсы болса, ол ешқашан өз-өзіне қол жұмсамайды.

Әлеуметтік желілердің бірінде қойыл­ған «Сіз үшін «жайлылық» деген нені білдіреді?» деген ашық сұраққа ғаламтор қолданушылары: «адам жанының жайлылығы дегеніміз сүйікті және саған жақын адамдардың жанында болып, ауырмай жүруі», «жан тыныштығы ауыр немесе негативті уайым жоқ кезде орнайды», «жан тазалығы болуы керек, яғни барлық мәселелер шешілген, ал шешілмегені – шешім жолында» деп жауап берген.

Демек, жанның жайлылығы материал­дық әлем мен әлеуметтік мәселелермен, яғни уайым, шешілмеген мәселе жұмысқа орналасу, несие, оқу ақысын төлеумен байланысты болуы мүмкін. Ата-аналардың мұндай проблемалары тікелей немесе жанама түрде балаларға әсер етіп, үйдегі жалпы көңіл күйді қалыптастырады. Бүгінде әбден жұмысқа жегілген ата-ана­лардың өз балаларына назар аударуға уақыттары да жоқ. Отбасының тәрбиелік функциясы бұзылған. Тәрбие тұрғысында барлық міндеттерді ата-аналар балабақша немесе мектеп, жоғары оқу орнына беріп қойған. Көптеген ата-аналардың балаларымен жай отырып сырласуға мүмкіндігі жоқ. Міне, осыдан барып жасөспірімдер суицидтерінің себептері көріне бастайды...

Әлеуметтік зерттеулер бойынша кә­ме­лет­ке толмағандар арасында өзіне қол жұмсау оқиғаларының шамамен 70 па­йызында олардың ата-аналарымен қарым-қатынастарында проблемалардың бары анықталған. Одан кейінгі орында оқу орнымен байланысты және достарымен арадағы қиындықтар тұр. Негізінен көбіне сезімге байланысты мәселелер жасөспірімдерде жиірек кездеседі.

Отбасының ұйытқысы суицид жағ­дай­ла­рында маңызды рөл ойнайды. Себебі, деректер өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің жартысының ата-анасының біреуі қайтыс болған немесе тас­тап кеткендігін көрсетіп отыр. Жас өскін тығырыққа тірелгенде, көбінесе өмірден кетуді ойлайды. Зерттеулерге сәйкес, 90 пайыз жағдайда жасөспірімнің өзіне-өзі қол жұмсауы дабыл сигналы. Сондықтан әлеуметтік саясаттағы кемшіліктер ересектердің өз-өзіне қол жұмсауы жә­не жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқына әсер етеді.

Цюрих университетінің зерттеушілері 2000 жылдан 2011 жылға дейін 11 жыл бойы әлемнің 63 елінде өлім туралы жиналған деректерге талдау жүргізді. Осы уақыт ішінде жыл сайын 233 мың адам суицидке барса, оның 45 мыңы тікелей жұмыссыздық әсерінен болған көрінеді. Ғалымдардың пікірінше, экономикалық тұрақтылық пен даму кезеңінде адамдар жұмысын жоғалтып алуды көбірек уайымдап, бұл кей жағдайда өзін-өзі өлтіруге итермелейді екен.

Өз-өзіне қол жұмсауға бейім балалар­дың белгілі бір ауыртпалығы бар әлеуметт­ік ортасы болады: тұрмысының нашар болуы, толық емес отбасыда өсуі, жалғыздық және тастандылықты басынан кешуі, ересек адам қолдауының болмауы және т.б.

Неліктен отбасылар толық емес?! Қоғам­да жыл сайын ажырасу көлемі өсіп отырғандығы белгілі. Ажырасудың себеп­тері – жұмыссыздық, отбасылар табы­сының төмен болуы және тұрғын үй жоқтығы сияқты және т.б. әлеуметтік мәселелер. Әрине, бұл проблемалар ажы­расудың барлық жағдайында себеп бола бермейді. Алайда әсіресе біздің қоға­мымызда бұл мәселелер өткір күйінде қалып отыр. Сондықтан экономикалық макро­көр­сеткіштері туралы әңгіме болғанда ең алдымен қоғамның өзіне үңіліп қарауымыз керек: азаматтар осы жетістіктердің әсерін сезініп отыр ма, жұмыссыздар саны қанша, елдегі табыс деңгейі қандай, кедейлік деңгейі, нәрестелер өлімінің саны, өз-өзіне қол жұмсау және т.б. Сонда ғана қоғамның немесе ел өмірінің қаншалықты деңгейде екенін көре аламыз.

Экономикалық өсу индикаторларына емес, атап айтқанда, халықтың әлеу­меттік әл-ауқатының көрсеткіштеріне қарап елдегі жүргізіліп отырған саясат­тың жемісіне баға беруге болады. Ал әлеуметтік қорғау әрбір адамның әлеумет­тік қауіпсіздікті сезінуімен өлшенеді.

Қоғамның өркендеуі үшін бәріне бір­дей жалақы немесе әлеуметтік төлемдерді көтерудің қажеті жоқ. Заңның аясында әрбір жеке адам өзінің қабілеттері мен дарынын дамытып, өз ісін ілгері жылжыту үшін нақты тетіктер болуы тиіс. Әлеуметтік иерархия бойынша көтерілуге мүмкіндік беретін «әлеуметтік лифт» жұмыс істеуі керек. Қысқасы, азаматтар әлеуметтік әділеттілікті сезінгенде ғана қоғамның әлеуметтік, рухани т.б. жаң­ғыруына куә бола аламыз. Сонда ғана адамдар философиялық (өмірдің мағынасын жоғалту) және психологиялық (күйзеліс, торығу), әлеуметтік (әлеуметтік қанағаттанбаушылық, беделі, мәртебесін жоғалту, және т.б.), этикалық, құқықтық және медициналық өздерінің түрлі мәсе­лелерін еңсеруге қабілетті болады.

 Әлеуметтік «сау» қоршаған орта жасау арқылы ғана жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алуға болады. Ал суицид көрсеткіші қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуын өлшейтін «лакмус» іспеттес. Түптің-түбінде эконо­микалық өсім қоғамға қызмет етіп, әлеу­меттік өмірімізге әсер етуі тиіс.

 

Айсұлу МОЛДАБЕКОВА,

әлеуметтанушы,

“Bilim Foundation” қоғамдық қорының қызметкері