• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қараша, 2017

«Астана – Ардағым»: Алматыдан басталады

420 рет
көрсетілді

Алматыдағы Республика сарайында 2017 жылдың 10 желтоқсанында Астананың 20 жылдығына орайластырылған «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімі өтеді.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Айтулы шараны 10 желтоқ­санда өткізу тектен-текке бел­гіленіп отырған жоқ, өйткені 1997 жылдың дәл осы күні Қазақ­стан Республикасының Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен жаңа астанаға ресми көшіру басталған болатын. «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру 2018 жылдың 6 шіл­десіне дейін астананың мерейлі мерекесіне орай өте­тін думанды шаралардың алғаш­қысы болып саналады.

«Астана – Ардағым» мере­келік сыйлығымен Астананың қалыптасуына үлес қосқан және Президенттің еліміздің бас қаласын көшіру туралы ше­шіміне барынша қолдау көр­сеткен, өмірінің басым бөлі­гін Алматы қаласында өткіз­ген алматылықтар – мемлекет және қоғам қайраткерлері мара­патталады. Сыйлық 20 ата­лым бо­­йынша таңдалады. Оның ішінде білім мен ғылым, сәулет пен құрылыс, денсаулық сақтау, спорт, өнер, кинематография, журналистика, әдебиет салалары бар.

Шараны өткізу бірнеше кезеңдерден тұрады, яғни ұсынылған номи­нанттарға электронды түрде дауыс беруге де болады. Байқау қорытындысы бойынша мәреге жеткен ең таңдаулы 20 жеңімпаз лайықты сыйлықтарға ие болады. Іріктеу комиссиясының қа­ты­с­уымен интернет арқылы ашық дауыс беру алдағы жел­тоқ­сан айының 1-інен басталады.

 

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ