• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қаңтар, 2018

Қазақ – қашанда қазақ! (08.01.2018)

585 рет
көрсетілді

Сәбиім көпшілікке бетті бұрып,

Тұсауын кесе сала кетті жүріп.

Ақ жолға Аллам өзі түсіргендей,

Танытты-ау тәй-тәйімен текті қылық.

 

Баласы бақытының базарындай,

Балажан бар ма, сірә, қазағымдай.

Есігін дүниенің ашқызатын

Салтымның тұсау кесер ғажабын-ай!

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»