• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Сәуір, 2018

«Эйр Астана» tripadvisor сайтының travelers’ choice awards сыйлығының лауреаты атанды

191 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік саяхаттар сайты TripAdvisor «Эйр Астананы» Travelers’ Choice Awards 2018 сыйлығының «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» аталымында жеңімпаз деп жариялады.

Саяхаттаушылар борттағы қызмет көрсетуді, салондағы тазалықты, тамақ пен сусындарды, креслолар жайлылығын, кресло арасындағы қашықтығы, баға мен сапаның үздік ара қатынасын, тіркеуді және ком­панияның ойын-cауық жү­йесін жоғары бағалады. Үздік тасымалдаушылар 2017 жылғы ақпаннан 2018 жылғы ақпанға дейін әлем бойынша көрсетілген рейтинг пен пікірлер саны мен сапасын ескеретін алгоритм бойынша анықталған.

«Біздің әуекомпания сер­вистің ең жоғары стандарттарына үздіксіз ұмтылады және мен «Эйр Астана» осы марапаттың иегері болғанына бақыттымын, – деді компания президенті Питер Фостер. – Мен TripAdvisor сайтында біздің рейспен ұшқаннан кейін пікір қалдырған әрбір жолаушымызға шын жүректен алғыс айтқым келеді және одан арғы қолдауына сенімдімін».

«Эйр Астана» жүйелі түр­де рейстерді орындауды 2002 жылдың 15 мамырында бастады және қазір 60-тан астам халық­аралық және ішкі рейс­терден тұратын маршруттық желіге ие. Компанияның флоты Boeing 767-300ER, Boeing 757-200, Airbus A320 және Embraer E190 ұшақтарынан тұрады. «Эйр Астана» ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі тасымалдаушылардың арасында Skytrax халықаралық агенттігінің 2012 жылы беделді 4 жұлдызды рейтингін және «Орталық Азия­дағы және Үндістандағы ең үздік әуе-компания» сыйлығын алған алғашқы компания болды. Екі сыйлық та 2013, 2014, 2015, 2016 және 2017 жылдары расталды.

«Эйр Астана» АҚ Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент