• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2018

Ауыл сәні – әнімен

313 рет
көрсетілді

Сандықтау ауданының Белгород ауылындағы мәдениет үйінде музыкалық аппаратура мүлдем болмаған еді. Енді оның да орайы келді. Нақты айтқанда, «Белгородское» ЖШС директоры Артем Любимов әртістер мен көрер­мендердің көңілінен шығатын музы­калық аппаратура сатып алып берді.

«Ән – көңілдің» ажары демекші, енді аталған музыкалық аппаратура бар кезде мәдениет үйіне келушілер қатары да арта түсті. Әнмен қоса би билеуге де мүмкіндік туып отыр. Жергілікті тұрғындар осындай керемет музыкалық аспап сатып әперген жерлестеріне дән риза. Өйткені ауылдық жердегі ауыр еңбектен кейін кештетіп ән салғанды жақсы көретін белгородтықтар ара-арасында ауылдық клубта концерт қойып жібереді. Аталған мәдениет үйінің ұжымы жастар мен балаларды көптеп тарту үшін әртүрлі мерекелік шаралар мен шығармашалық концерттер ұйымдастырады. Музыкалық аппаратура міне осындайда керек.

Жалпы ауылдық округте ардагерлердің «Реченка» және жастардың «Ивушка» деген шығармашалық хорлары құрылғандығын айта кету керек. Бұл екі ұжым да ауданда өткен бар­лық мерекелік шараларға қатысып, өз өнер­лерімен көпті тәнті етіп жүр.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы