• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2018

Сыртқы іс­тер министрлері кеңесінің 45-ші сессиясы өтті

319 рет
көрсетілді

Дакка қаласында (Бангладеш) Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы іс­тер министрлері кеңесінің 45-ші сессиясы өтті. «Тұрақты әлем, ауызбіршілік және да­му үшін ислам құндылықтарын насихаттау» тақырыбында ұйымдастырылған бұл сессияға Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастаған Қазақстан де­­ле­гациясы қатысты.

Іс-шараның күн тәртібі қауіп­сіздік және оның одан әрі даму келешегі тұрғы­сы­нан ислам әлемі үшін өзек­ті болып табылатын мә­се­лелердің кең ауқымын қам­­тыды. Күн тәртібі бойын­ша негізгі мәселе ретінде Бан­гла­деш және Мьянманың ше­­кара маңы аймағынан рохинджа халқының жаппай көшу нәтижесінде туындаған ауқымды гуманитарлық дағдарыс жайы қаралды. Қ.Әбдірахманов өз сөзін­де Қазақстан рохинджа хал­қын қорғаудағы ұжым­дық е­рік-жігер мен жауап­кер­ші­лікті толық ұста­натынын атап өтті. Биылғы сәуір айын­да­ Қазақстан Үкіметі Бангладештегі Рохин­­джа бос­қындарына 500 мың доллар кө­ле­міндегі гума­ни­тар­лық кө­мек көрсетіп, ол тиісті жер­лерге жет­кізілген.

Министр, сондай-ақ мұ­сылман елдерінің арасын­да­ғы қатынастарда шыдам­ды­лықты нығайтудың және мем­лекетаралық ди­алогқа дайын­дық­ты қамтамасыз етудің ма­ңыз­дылығын атап көрсетті. Осыған бай­­ла­нысты Қазақстан 2016 жы­лы Пре­зи­дент Нұрсұлтан Назар­баев пен Түр­кия Пре­зи­денті Режеп Тайип Ердоған ұсын­ған ислам татуластығы бастамасына бас­ты назар ауда­рады. Қарардың тиісті тұ­­жы­­рым­дамалары ИЫҰ СІМ кеңесінің қа­рау­ына ұсы­нылды.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сырт­қы істер минис­тр­лері кеңе­сінің осы 45-ші оты­рысының қорытын­ды­лары бойын­ша декларация мен бір­қатар резолюц­иялар қабылданды. 

ИЫҰ СІМ кеңесі Пре­зи­дент Нұрсұлтан Назар­ба­ев­тың «ғаламдық дағ­дарысқа қар­сы шешімдерді іздеу­ге қатысатын елдер санын кеңей­­ту арқылы xалық­ара­лық эко­номи­ка­лық саясатты айқындаудағы ең сал­мақ­ты күш ретінде жаңа G-Global ком­­му­никациялық платфор­масын құ­ру» жөніндегі бас-

тамасын қоше­мет­теді. Ре­золюция «басқа мекемелер­мен үйлес­ті­ре оты­рып, Ис­лам Ынты­мақ­тас­тығы Ұй­ы­­­мы мен Ислам Да­му банкі­нің бас xат­шы­лық­тары­ның G-Glo­bal платфор­ма­сы­на қа­ты­су мәселесін қа­рас­­тыруға ша­қ­ырады».

Бөлек құжатта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ер­до­ғанның ислам­дық тату­ла­­су туралы бірлес­кен дек­­ла­­рациясына қолдау­шы­лық танытылған. «ИЫҰ СІМ кеңе­сі Қазақстан Респуб­ли­­кас­ының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың бас­тамасымен өткізілетін Әлем­дік және дәстүрлі дін­дер көш­бас­шыларының съезіне ИЫҰ-ның қол­дауын растайды және 2018 жылғы 10-11 қазанда Астанада «Дін­и көш­басшылар қауіпсіз әлем үшін» ұра­ны­мен өтетін VI съезге ИЫҰ-ға мү­ше мем­­лекет­тер мен халық­ара­лық қо­ғам­­дас­тық­тың діни көш­бас­шыларын бел­сенді қа­тысуға шақырады», деген сөз тақы­рып­тық қарарда атап көр­сетілген.

Қару-жарақты өңірлік бақылау және қарусыздану жөніндегі қарар «ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерден ғана тұратын бірін­ші аймақ бол­ған» Орта­лық Азияда ядро­лық қарудан азат ай­мақ туралы келісімнің 2009 жылы 21 наурызда күшіне енуін қолдады.

Қазақстанның бастама­сы бойынша бұ­рын­ғы Се­мей ядролық полигонына, Ха­лық­аралық ядролық сы­­нақ­­тар­ға қар­сы іс-қимыл кү­ніне және Арал те­ңі­зінің айма­ғын қалпына келтіруге ар­налған қарар қа­был­данды.

Тағы бір ерекше тоқтала кетер жайт, сессия барысында қазақстандық дип­ломат Асқар Мусинов ИЫҰ Бас хат­шысының ғы­лым және техно­логия­лар жөніндегі орын­ба­­сары болып сайланды. 

Сайлаудағы бұл жеңіс Қазақ­стан өкілі ИЫҰ-да осын­­­дай жоға­ры лау­а-

зым­­­ға бұрын-соң­ды тағайын­дал­­­­­мағанымен де ерекше бо­­­­лып отыр. А.Мусиновтың сай­­­­­лаудағы қар­­сы­ласы бангла­­­дештік дипломат Кам­рул А­хсан болған еді. Қазақ­стан өкі­ліне ИЫҰ Азия­лық топ­­тың 18 мүшесінің 12-сі дау­ыс берді.

Дайындаған

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»