• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Мамыр, 2018

Мәу­лен Әшімбаев Астанадағы жаңа партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

267 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәу­лен Әшімбаев Астанадағы әлеуметтік нысандарға барып, жаңа партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Бүгінде «Нұр Отан» партиясы бірқатар стратегиялық жобаларды қолға алып отыр. Соның аясында алдағы үш жылда елімізде 1000 ІТ-сынып ашылып, жылына 8-16 жас аралығындағы жүз елу мың бала бағдарламалау мен робот техникаларының негіздерін үйренетін болады. Партия аталған жобаны мемлекеттік органдармен, жергілікті әкімдіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес қауымдастықпен бірлесіп жүзеге асырмақ.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары ат басын бұрған №73 мектеп-лицейде ғылымға қызыққан жастар үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда физика, химия, биология және арнайы STEM зертханалары жұмыс істейді. Одан бөлек, білім ордасында 1-9 сынып оқушыларына арналған робот техникалары, радио техникалары, логика, онлайн бағдарламалау және компьютерлік модельдеу курс­тары ашылған. М.Әшімбаев жастарға бағдарламалау мен робот техникаларының негіздерін үйретудің маңызы зор екенін айтты.

– Елбасының тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан» партиясы еліміз бойынша 1000 тегін ІТ-сынып ашу жобасын қолға алып, сол бағытта жұмыс істеуде. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде осындай сыныптар ашылып, өз жұмыстарын бастап жатыр. ІТ-сы­ныптар факультативті түрде те­реңдетілген білім береді. Сон­дық­тан бұл бастаманы партия­ның «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ламасына қосқан үлесі деп те қарас­тыруға болады, – деді Мәу­лен Әшімбаев.

Аталған сыныптарда білім беру ісі халықаралық тәжірибе бо­йынша жүргізіледі. Яғни, оқу­шылар қарапайым алгоритм­дер құрудан бастап, арнайы бағ­дарламалар мен WEB-сайттар жа­сауды еуропалық білім беру стандарттарына сәйкес үйре­неді. ІТ-сыныптар Astana Hub ха­лықаралық ІТ-стартаптар техно­паркімен бірлесіп жұмыс істемек. Жоба бойынша бірінші кезекте шағын және ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларын заманауи цифрлы жүйемен қамтып, сол бағытта жан-жақты білім алуына көңіл бөлінеді.

«Цифрлы Қазақстан» бағдар­ламасын табысты жүзеге асыру үшін білікті мамандар қажет екені түсінікті. Осы мәселеге назар аударған партия Төрағасының бірінші орынбасары жастарды мектеп кезінен бастап даярлап, оны жүйелі түрде жүргізу керектігін айтты.

– ІТ-сыныптармен қатар пар­тияның бастамасымен еліміз бо­йынша 20 ІТ-орталық ашылады. Олардың да бірқатары бүгін­де өз жұмысын бастап кетті. Ол жерде кез келген жұмыссыз аза­мат бағдарламалау негіздері бойын­ша білім алады. Аталған орта­лықта жарты жылдай оқып, кейін осы бағытта жұмыс істеуге мүм­кіндік туады. Партия бұл жобалар­ды Үкіметпен, жергілікті әкімдік­термен, «Атамекен» ұлттық кә­сіпкерлер палатасымен және үкі­меттік емес ұйымдармен бірле­сіп жүзеге асырады, – деді М.Әшім­баев.

Алдағы жаңа оқу жылынан бастап тегін ІТ-сыныптар елор­да­мыздағы барлық 84 мектепте ашылмақ. Онда ең алдымен әлеу­меттік аз қамтылған отбасы ба­лаларының білім алуына жағдай жасалады.

Сонымен қатар «Нұр Отан» пар­тиясы өскелең ұрпақтың ден­саулығын нығайту мақсатында мектеп асханаларының жұмысын жаңғырту ісін де қолға алды. Осы бағыттағы жұмыс барысымен танысу үшін М.Әшімбаев №15 мектеп-лицейге арнайы келді. Бүгінде бұл білім ордасында «Авиценна-мектеп» қанатқақты жобасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – мектеп оқушыларының медицина саласындағы біліктіліктерін арттырып, дайындықтарын пы­сықтау. Соған орай аталған мек­теп «Астана» медициналық универ­ситетімен, Л.Н.Гумилев атында­ғы Еуразия ұлттық универ­си­те­тінің биотехнология курсымен, «Даналық» медициналық-фар­мацевтикалық колледжімен, Қара­ғанды қаласындағы Ж.Әбі­шев атын­дағы химия-металлургия инс­титутымен және Астанадағы №10 емханамен бірлесіп жұмыс істейді.

Мектеп асханасының жұмы­сымен танысқан партия Төра­ғасының бірінші орынбасары елімізде осы салада кейбір келең­сіз­діктер бар екенін айтып, кейбір оқу орындарында тиісті талаптар сақтала бермейтініне назар аударды.

– Біздегі кейбір мектеп асха­­наларының жұмысы көңіл көн­шітпейді. Бұл өз кезегінде аталған салада қордаланған мәсе­лелердің көп екенін аңғартады. Сондықтан барлық мектептерге ортақ бірыңғай стандарт дайындап, асхана жұмысын сол талаптарға сай жүргізудің берері мол, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар ол кейбір оқушылардың түрлі тағамдарға аллергиясы болуы мүмкіндігін айтып, бірыңғай стандартты даяр­лауда осы жайттың да ескерілуі керектігін тілге тиек етті. Соған орай партия Төрағасының бірінші орынбасары осы саладағы алдағы атқарылар жұмыстардың басым бағыттарын айқындап берді.

– Біріншіден, мектеп пен бизнес қауымдастықтың ұзақ­мер­зімді ынтымақтастығын қалып­тастырудың тиімді тетігін табуымыз керек. Себебі бүгінде мек­теп асханасын жалға алып отыр­ған кәсіпкерлердің келесі жылы да сол жерде жұмыс істей­тініне ешқандай кепіл жоқ. Сон­дықтан олар жаңа қондырғылар алып, қызмет сапасын жақсартуға құлықсыз болып отыр. Егер ұзақ­мерзімді келісіммен жұмыс істей­тін болса, жағдай оң бағытта өзге­ретіні сөзсіз. Екіншіден, еліміз бойынша барлық мектептерге арналған міндетті, нақты, бірың­ғай базалық стандарт қалып­тастыру. Бұл жұмысқа тиісті министрлікпен қатар ата-аналар комитеті мен білікті мамандар да қатысып, жаңа жүйені көп кешікпей қолданысқа енгі­зуіміз керек. Үшіншіден, осы жұмыстардың барлығына тұрақты әрі жүйелі қоғамдық бақылау жүргізудің берері мол болмақ. Сол арқылы бизнес қауымдастықтың өз міндеттерін қалай атқарып жатқаны жіті бақылауда болады, – деді Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде партия хатшысы Тамара Дүйсенова бұл ауқымды жұмысқа Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Тағамтану академиясы да белсене қатысып, бүкіл қоғам болып күш біріктіру керектігін айтты.

Іс-шара барысында Астана қалалық ата-аналар комитеті мен бизнес қауымдастық тарапынан тағамтану комбинатын құру бастамасы да айтылды. Бұл бастаманың басымдықтарын ескерген нұротандықтар оған қолдау білдірді.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»