• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Мамыр, 2018

Мәжіліс депутаттары Астана – Павлодар тас жолының құрылыс жұмыстарымен танысты

468 рет
көрсетілді

Парламент  Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы комиссияның  көшпелі отырысы өтті. Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский бастаған Комиссия Ақмола және Павлодар облыстарындағы автожол құрылыстары барысымен танысты.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

 Комиссия бюджеттік және  Ұлттық қордан елімізде қабылданған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау үшін құрылған. Парламент депутаттары Ақмола облысы Ерейментау ауданы -Павлодар облысы Шідерті ауылына дейінгі жол құрылысы қалай жүргізіліп жатқанын көруге келді. Комиссия мүшелерін аймақтағы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуымен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ  облыстық филиалының басшысы Қайрат Кәрібаев және облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек таныстырды.

«Ұзындығы 905 шақырымдық Орталық-Шығыс жобасы  2010 жылдан бері жүргізіліп келеді. Мақсат – Павлодар-Астанаа тас жолын І және ІІ техникалық санаттарға жеткізу. Көліктік дәліздің қайта жөндеу жұмыстары 2019 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда», - дейді Қайрат Кәрібаев.

Екі аралықтағы жол бойында  Ирандық «ДенаРахсазКонстракшн» компаниясы жұмыс істеген кезде 115 шақырымдық жолдың 3 учаскесінде күрделі жағдай туындаған. Талаптар орындалмаған соң, 2017 жылы келісім-шарттар тоқтатылды. Сондықтан, Астана-Павлодар учаскесіндегі жол құрылысы жүзеге аспай қалды. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріскен жаңа мердігер ұйымдар («АКМ» ЖШС, «Автодорсервис» фирмасы ЖШС, «К-Дорстрой» АҚ) белгіленді.

Мәжіліс депутаты Г. Щегельскийдің айтуынша мәжіліс депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Астана – Павлодар ,Ақмола облысы автожолының құрылысында болды. Құрылыс жұмыстарына қатысты күрделі жағдай- жолдың Павлодар облысына тиесілі учаскесінда анықталды. Жағдай түзелуде. Қазіргі кезде жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Мердігерлер жол құрылысын сапалы, әрі мерзімге сәйкес аяқтамақ.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген Айбек Жұматов