• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2018

Бұл – Тұңғыш Президенттің қолтаңбасы - Виталий ИГНАТЕНКО

368 рет
көрсетілді

Мен үшін әсем қала Астана­ны тұрғызған, өзінің таланты мен ерен еңбегі арқасында Қазақ­станның жаңа елордасын әлемге сыйлаған барлық адамдарды және оның тұрғындарын құттықтау үлкен абырой!

Бұл орайда ерекше жылы сөз өзінің теңдессіз таланты мен айрықша идеясы бірегей қаланы тұрғызуда авторлық қолтаңбаға айналған, Республиканың негі­зін қалаған Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналатыны сөзсіз.

Мен Астанада бірнеше рет бол­дым. Сонда әр келген  сайын, кезінде тың игеру жылдарын­да, біз мәскеулік студенттер, бұл аймақта жұмыс істегенімізді еске аламын. Тіпті сүйектен өтер жел мен көз аштырмас бо­ран­ға қарамастан біздің арқан бойымен Тың игерушілер сарайына жеткенімізді де ұмыту мүм­кін емес. Ал мұны еңсеруге не себеп болғанын анықтар бол­сақ, ол – би кеші еді!

Енді бүгінде Астана көше­сімен серуендеп келе жатқан­да, бұл тек жас қала емес, жас­тар­дың қаласы және жаңа қа­зақ­стандық ұрпақтың қаласы екендігі туралы ой келеді. Міне, бұл сөзсіз, елорданың басты келбетін айқын­дай түседі.

Астана, тұтас Қазақстан секіл­ді болашаққа ұмтылуда!

Бұл жолда Сіздердің барша­ңызға сәттілік тілеймін!

 

Виталий ИГНАТЕНКО,

Бүкіләлемдік орыс баспасөзі ассоциациясының президенті, ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі