• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №75/139

320 рет
көрсетілді

2011 жылғы 23 желтоқсан, Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 63/118  қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сай­лау туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Конституциялық заңының 12-б­а­бына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. «2012 жылғы 15 қаңтарға тағай­ындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кан­дидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыс­тары­ның нормативтерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 63/118 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2), 3) және 5) тар­мақшаларында «және аудандық» деген сөздер алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-тар­мақ­пен толықтырылсын:

«1-1. Қазақстан Республикасы аудан­дық мәслихаттарының депу­тат­тығына кандидаттардың республика­лық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай нормативтері белгіленсін:

1) сайлау алдындағы бағдарламаны теледидар арқылы баяндау – 43 200 (қырық үш мың екі жүз) теңге сомасында;

2) бағдарламаны радио арқылы баян­дау – 10 000 (он мың) теңге со­масында;

3) баспа басылымдарында екі мақала жариялау – 63 900 (алпыс үш мың тоғыз жүз) теңге сомасында;

4) үгіттiк баспа материалдарын басып шығару – 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында.».

2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.

3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қау­лыны төмен тұрған сайлау комиссия­ларының және Қазақстан Рес­пуб­ликасы мәслихаттарының депутат­ты­ғына кандидаттардың назарына жеткізсін.

4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов,

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы  Б. Мелдешов.