• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2012

Ендігі мақсат – қоладан қағылмау

315 рет
көрсетілді

Ендігі мақсат – қоладан қағылмау

Кеше кеш­­­кісін бендиден Қазақ­­стан ұлттық құрамасы Фин­ляндия командасымен болған аса жауапты кездесуде жеңіске жетті. Бұл ойында Алексей Никишов­тың жігіттері қарсы­лас­та­рын 10:4 есебімен ұтып, Ресей, Швеция құрамала­ры­мен бірге жүлделі ор­ын­­ға таласатынын көрсетті.

 

Кеше кеш­­­кісін бендиден Қазақ­­стан ұлттық құрамасы Фин­ляндия командасымен болған аса жауапты кездесуде жеңіске жетті. Бұл ойында Алексей Никишов­тың жігіттері қарсы­лас­та­рын 10:4 есебімен ұтып, Ресей, Швеция құрамала­ры­мен бірге жүлделі ор­ын­­ға таласатынын көрсетті.

Ал сейсенбі күні Швеция құ­ра­масынан ойсырай ұтылған қа­зақ­стандық допты хоккей құра­ма­сы келесі күні Ресей командасынан да 8:6 есебімен жеңіліп қал­ды. Же­ңі­лістің ащы дәмі көңіл­ден кетпей тұ­рып, ресейлік хок­кей­шілерден та­ғы ұтылу кім-кім­нің де еңсесін түсіргені рас. Бірақ әркім шамасына қарай шабады емес пе? Ресей құрамасы соңғы әлем чемпиона­ты­ның жеңімпазы екенін ұмытпаған жөн.Бұл кездесу өте тартысты бас­талды. Алғашқы болып есепті қазақстандық құраманың шабуылшысы Рауан Есәлиев ашты. Орыс хоккейшілері біздің қақпаға жауап гол соғу үшін өте қызу арпалыс жүргізгенін, ресейліктер­дің алғашқы добы соншалықты қиыншылықпен келгенін айту керек. Көп ұзатпай қазақстандық ша­буылшы Александр Насонов есепті үстемеледі. Артынша, 25 минутта Бронников 12 метрлік айып соққысын сәтті орындады. Ресейліктер де қарап қалған жоқ. Бірінші таймның өзі-ақ тым тартысты басталып, екі жақ тең ойынмен үзіліске шықты. Есеп – 4:4.Ойынның екінші бөлігін сергек те сенімді бастаған Қазақстан құра­масы тағы бір гол соғып, жанкүйер қауымды бір желпінтіп тастаған еді. Алайда, қуанышы­мыз көпке созылмай, ресейліктер есепті жедел те­ңес­тіріп қана қой­май, үстін-үстін 3 гол соғып алға озды. Бұдан кейінгі жерде жалқы голмен жауап берге­ні­міз болмаса, Ресей құрамасынан 6:8 есебімен ұтылуға мәжбүр болдық.Спорт жеңу ғана емес, жеңі­лістен сабақ алу екенін де ескерсек, алда әлі шеберлікті сарқа жұм­сайтын кездесулер бар. Сон­дықтан да ел құрамасының осы еңбегінің өзі көп болып талқыға салуға тұрарлық.Қанат ЕСКЕНДІР.Алматы.