• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қараша, 2018

Мысыр басшысы бас мүфтиді бірінші дəрежелі орденмен марапаттады

394 рет
көрсетілді

Египет Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Сиси Мысырдың Уақыф министрлігінің ұйымдастыруымен әл-Әзһар университетінде өткен пайғамбардың туған күні – мәуліт мерекесі аясында Ислам ғылымына үлес қосқан бірқатар ойшылдар мен ғалымдарды марапаттады, деп хабарлайды muftyat.kz.

Ислам дініне, білім мен ғылымға еңбегі сіңген қайраткерлердің арасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз да бар.

Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы I дәрежелі ғылым мен өнер орденімен марапатталды.