• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Желтоқсан, 2018

Қарағанды облыстық сотында – жаңа төраға

576 рет
көрсетілді

Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып бұған дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот қызметтертін қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі қызметін атқарған Нұрсерік Шәріпов тағайындалды.

Облыстың судьялық корпусына жаңа төрағаны Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асанов таныстырды.

Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов 1965 жылы дүниеге келген. 1990 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады. 2006 жылы Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «экономика» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған.

Еңбек жолын 1988 жылы бастаған. Сол уақыттан бері 1990 жылға дейінгі аралықта Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1990 жылдан 1992 жылға дейін Қазақ мемлекеттік университетінде әкімшілік құқық кафедрасының ассистенті болған.

1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының азаматтық рақымшылық бойынша бөлімінің аға референті болды. 1995 жылы Алматы қаласының Фрунзе ауданының, ал 1996 жылы Медеу ауданының халықтық сот судьясы қызметіне тағайындалған.

2007 жылы Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы болып тағайындалды. 2008-2010 жылдар аралығында Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болды. 2010 жылы осы сотта аппеляциялық сот алқасының төрағасы қызметін атқарды. 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болған. 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот қызметтерін қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі қызметін атқарды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды