2017 жылғы қаңтар айында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап кеткеніндей, инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану арқылы жаңаша білім беру әрбір ұстаздың міндеті.
Бүгінгі күнге дейін білімнің 60 пайызын мұғалім беріп, 40 пайызын оқушы өзі ізденіп табатын еді. Енді интернеттен ақпарат алып, саралай білуді, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқушылардың білімін дамытуды қолға алдық. Нәтижесінде, қазіргі Bilimland, Itest сайттарына, Bilimbook жүйесіне кіріп, ҰБТ ға және қорытынды аттестаттауға дайындық барысында оқушылар жан-жақты ізденіп, қажетті материалдардың 70-80 пайызын өзі тауып, дайындалатын болды.
Оқушы өз мақсатын айқындай отырып, проблеманы шешуге әрекеттенеді, білімді жете меңгеру үшін өзінің барлық іскерлігін пайдаланады. Қазақстан Республикасының азаматы елінің ертеңгі болашағы қандай болатынына жауапты. Өзі өмір сүріп отырған қоғамды әрі қарай дамыту оның міндеті және парызы. Олай болса, әрбір оқушының өз Отанының тарихын білуі аса маңызды. Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ ға дайындық барысында «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ жоспарын жасадым. Өз ойымды басқалармен бөлісуді жөн көрдім.
Күлән Абдикаимова, N83 "1 мамыр" жалпы орта мектебінің тарих мұғалімі Түркістан облысы, Келес ауданы