• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2012

Буынсыз жерге пышақ ұру ма, әлде…

700 рет
көрсетілді

Буынсыз жерге пышақ ұру ма, әлде…

Сәрсенбі, 18 сәуір 2012 7:37

Ақтөбедегі облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бесінші қабатынан құлаған 73 жас­­­­тағы әйелдің мерт болғаны жайлы бұқаралық ақпарат құрал­дары жарыса жазып жатыр. Иә, осындай бір оқыс оқиғаның орын алғаны шын­­­­дық. Қайғылы оқиға құзырлы органдарды да аяғынан тік тұр­ғызды. Іле оқиғаға байланысты бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері­­мен баспасөз мәслихаты өткізіліп, болған жа­ғ­­дайға облыс­тық ден­­саулық сақтау басқармасы басты­ғы­­­ның орынбасары Самат Данияров, аталған диспансердің бас дә­рі­гері Нұрлан Ағзамов түсінік берді.

 

Сәрсенбі, 18 сәуір 2012 7:37

Ақтөбедегі облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бесінші қабатынан құлаған 73 жас­­­­тағы әйелдің мерт болғаны жайлы бұқаралық ақпарат құрал­дары жарыса жазып жатыр. Иә, осындай бір оқыс оқиғаның орын алғаны шын­­­­дық. Қайғылы оқиға құзырлы органдарды да аяғынан тік тұр­ғызды. Іле оқиғаға байланысты бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері­­мен баспасөз мәслихаты өткізіліп, болған жа­ғ­­дайға облыс­тық ден­­саулық сақтау басқармасы басты­ғы­­­ның орынбасары Самат Данияров, аталған диспансердің бас дә­рі­гері Нұрлан Ағзамов түсінік берді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Самат Данияров оқиға орын алған жерге шұғыл түрде қалалық ішкі істер департаментінің тергеу бөлімінің қызметкерлері жетке­нін, осы іс бойынша сот-меди­ци­налық сараптама тағайындал­ға­нын, оны құзырлы органдар одан әрі тек­­серіп жатқанын жеткізді. Әзірше белгілі жай Қызылорда облысынан келіп емделіп жатқан К.есімді әйелге туберкулезге қар­сы ем та­ғайындалған. Емін, дәрі­лерін уа­­­қытылы алып отырған, емдеу про­цесіне, тамақтың сапасына нау­­­қастың тарапынан еш­­­қ­андай ша­ғым болмаған. Бірақ, бірге емде­ліп жатқан сырқат­тар­дың айтуларына қара­ған­да, мар­құм өзінің туберкулез ауруына шал­­дық­қанына уайымдап жүрген.

Дәл сол күні стационарлық ем алып жатқан бір топ науқас әкім­шілік ғимаратының алдына шы­ғып, өздерінің талаптарын білдір­ген еді. Баспасөз мәслихатында осы жай да назардан тыс қалған жоқ.

– Науқастардың аурухана әкім­шілігінің алдына қойған та­лап-ті­лектеріне қатысты айтатын бол­сақ, бұл жерде жоғары дә­ре­желі диетолог жұмыс істейді, нау­қас­тардың тамақтануын азық-тү­лік­тердің қуаттылығын тұрақты қада­ғалап отырады. Науқастар күніне бес мезгіл тамақ ішеді, – деді Самат Данияров.

Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Нұрлан Ағзамов талап қоюшы топтың өз басшылары бар, жанжал шығарушылар сол «көсем­де­ріне» бөлек жеке бөлме сұрайды. Бұдан басқа олар осы ауруханада өздері бақылау орнатып, түрме­дегідей тәртіпті жүргізіп, бө­лім­дердің арасында күні-түні емін-еркін жүргісі, ойларына келген­дерін істегілері келеді дегенді айтып қалды.

Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде күзет жұ­мыс­тарын лицензиясы бар жеке күзет фирмасы жүзеге асырады екен. Өкінішке орай олар да емдеу орнында ішкі тәртіптің сақ­талуын қамтамасыз етуде дәрмен­сіздік танытуда. Өйткені ұйым­дас­қан топ­­қа күзет қызметінің күші жете бер­мейді. Ал дис­пан­сердің бас дә­рі­гері Нұрлан Ағза­мов аталған нау­қастарды күзетуді ішкі істер органдары өз қолына алуы қажет­тігі туралы мәселені жиырма жылдан бері көтеріп келе жатқанын, алайда ешқандай нәти­же жоқ екендігін жеткізді. Бұл елі­міздегі барлық туберкулезге қарсы күрес диспан­серлері бас­шы­ларының бас ауруы көрінеді. Диспансердегі күзет жұмыстарын күзетуді ішкі істер органдары атқаруы керек дейді дәрігерлер бірауыздан.

Қазір облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері ішкі істер басқармасы жасақтарының ба­­қылауына алынған. Әрине, адам өліміне қатысты соңғы сөзді құ­­­­қық қорғау органдары айтатыны белгілі. Ал, жанжал шыға­рушы топ­­тың талаптарының оры­н­сыз еке­ні жоғарыдағы әңгімелерден де аңғарылатын сияқты. Алайда, тұ­жы­рым жасауға асықпайық, бұл буынсыз жерге пышақ ұру ма, әлде ащы шындық па, оны арнаулы комиссия анықтайтын болады. Десек те, орын алған оқыс оқиға туберкулезге қарсы күрес диспан­се­рінде қордаланып қалған түйін­ді мәселелер де бар екенін көрсетеді.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

Ақтөбе облысы.