Сейсенбі, 10 шілде 2012 7:26
Астанада тұңғыш рет жылдам шахмат және блицтен өтіп жатқан әлемдікбәсекелердің алғашқы чемпионы анықталды.
8 шілде күні рапид бойынша өткен соңғы турда Игорь Курносовпен теңбе-тең ойнаған Сергей Карякин жедел шахматтан әлем чемпионы атанды. Екінші орынды Магнус Карлсен, ал үшінші орынды Веселин Топалов иеленді.

Жарыстан соң Сергей Карякин мен жүлдегерлер чемпионат кезінде қарсыластарының өте мықты болғанын атап өтті. Карякин әлем чемпионаттарының ұйымдастырылуына жоғары баға бере келіп, қалада серуендеуге уақыт болмаса да, Астананың ұнағанын, қазақ халқына қонақжайлылығы үшін алғыс білдірді. «Мен үшін залдағы бәсекелестік рух жақын. Соңғы мәреде жеңіске жеткеніммен, қарсыластар өте мықты болды», – деді жылдам шахмат бойынша тұңғыш әлем чемпионы.
Магнус Карлсен «рапид патшасы» болуға кедергі жасаған қателерден сабақ алатынын, Веселин Топалов жалпы нәтижеге разы екенін, ал кейбір партияларға көңілі толмағанын жеткізді.
Енді рапидтен жеңімпаз атанған мен жүлдегерлер блиц бойынша әлем чемпионы атағы үшін бақ сынасады.
Осы күндері Астана төрінде жер жүзінің мықты гроссмейстерлерінің қатысуымен өтіп жатқан әлем чемпионаттары бүкіл әлемнің назарын өзіне аудартуда. Қазір жарыстарды Алматы, Павлодар, Қарағандыдан келген шахмат әуесқойлары сияқты елімізде іссапармен жүрген ресейліктер де тамашалауда.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».