• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Сәуір, 2019

Қ. Тоқаев – бизнес қауымдастығына танымал саясаткер

788 рет
көрсетілді

Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде айтты.
«Мен Тұңғыш Президент – Елбасының стратегиялық бағыты жалғаса беретініне сенемін.Бәріміз білеміз, Елбасы өз саясатында бизнеске көңіл бөліп келеді. Ал Елбасы ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес қауымдастығына танымал саясаткер. Сондықтан бәріміз бірауыздан оның Елбасы саясатын әрі қарай сәтті жалғастыратынына сеніп, қолдау көрсетейік», деді Абылай Мырзахметов.