• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2019

Қарағандыда Armanǵa jol марафоны өтеді

879 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасында 19 мамыр күні «Armanǵa jol-2019» атты жартылай марафон өтеді.

Жарыс бағдарламасына сай, жүгірушілер 21 шақырымдық қашықтықты бағындыруы тиіс. Сонымен қатар, желаяқтар жеті шақырымдық  «Скандинавия жүрісі» сынында да күш сынасатын болады.

Ауқымды спорттық шара өтетін күні қаладағы Бұқар жырау және Нұркен Әбдіров даңғылдары мен тағы да екі-үш көше жабылады. Марафон барысында жанкүйерлер мен көрермендерге арналып ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылмақшы.

Жыл сайын өтетін дәстүрлі жартылай марафонға кәсіпқой атлеттермен қатар әуесқой жүгірушілер де қатыса алады.

  

Қарағанды облысы