Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1503
Сенбі, 12 қаңтар 2013 5:39 2012 жылғы 29 қарашадағы, Астана, Үкімет үйі«Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Сенбі, 12 қаңтар 2013 5:39 2012 жылғы 29 қарашадағы, Астана, Үкімет үйі«Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1303 қаулысына өзгерістер енгізу туралыҚазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1303 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012ж,. №2, 19-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларында: 52-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) көлік қауіптілігінің 1.4 кіші тобы бар пиротехникалық заттар мен бұйымдарды тасымалдау салмағы жағынан шектеусіз, жүк жөнелтуші немесе жүк қабылдаушы әзірлеген бағыт бойынша тасымалдау қағидаларының талаптарын сақтай отырып, қауіпті жүк тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлігі бар көлік жүргізушісі жүргізетін автомобиль көлігімен жүргізіледі. Жүкті алып жүру үшін жүк жөнелтуші немесе жүкті қабылдап алушы жауапты адамды бөледі, бұл функцияны тасымалданатын пиротехникалық заттар мен бұйымдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін білетін жүргізуші орындауы мүмкін. Қауіпті жүкті тасымалдау бағытын келісу талап етілмейді.»; 63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «63. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды автомобиль көлігімен әкелу (әкету) кезінде қауіпті жүкті тасымалдаудың жол полициясы органдарымен келісілген бағыты ұсынылады.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ