• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1787

339 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1787

Сенбі, 12 қаңтар 2013 5:41 2012 жылғы 29 желтоқсан, Астана, Үкімет үйі«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Сенбі, 12 қаңтар 2013 5:41 2012 жылғы 29 желтоқсан, Астана, Үкімет үйі«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыҚазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында: 5-тармақ мынадай мазмулдағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Визаларды беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) келісім бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – ҚР СІМ) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен (бұдан әрі – ҚР ІІМ) бірлесіп айқындайды»; мынадай мазмулдағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында рұқсат етілген болу мерзімі көші-қон карточкасында көрсетілген тіркеу мерзімі өткен соң аяқталады. Болу мерзімі көшіп келушінің немесе оның жақын туыстарының ауыр науқасына, форс-мажор жағдаяттарына байланысты көші-қон карточкасына белгі қоя отырып, растайтын құжаттардың негізінде ұзартылады.». 8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықгырылсын: «Көші-қон карточкаларын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп белгілейді.»; 10-тармақга: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Келу мен болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тіркеу визасыз болу рұқсат етілген мерзімге жасалады. Егер нақты мерзім белгіленбесе, тіркеу отыз тәуліктен, ал Кеден одағына мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге ресімделеді және одан әрі осындай мерзімдерге ұзартылады.»; алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Тұрақгы немесе уақытша тұратын жері өзгерген жағдайда көшіп келушілер күнтізбелік бес күн ішінде жаңа тұратын жері бойынша ішкі істер органдарында қайта тіркеуден өтеді.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасы бойынша жүріп-тұру, сондай-ақ олардың шетелдіктер үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) бару тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп айқындайды.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мең азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) жүргізіледі және көші-қон карточкасына немесе визалық-көші-қон порталынан қағаз тасымалдағыштағы мәтіндік файлда белгі қою жолымен: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде; ішкі істер органдары – көшіп келушілердің уақытша немесе тұрақты тұратын жері бойынша, оның ішінде «Бүркіт» БАЖ бойынша заңды және жеке тұлғалардан олардағы көшіп келушілер туралы ақпарат алу арқылы ресімдейді; жеке және заңды тұлғалар дербес сандық электрондық қол қою арқылы «Бүркіт» БАЖ визалық-көші-қон портаяына ақпарат енгізеді. Заңды және жеке тұлғалардың «Бүркіт» БАЖ визалық-көші-қон порталына олардағы көшіп келушілер туралы ақпарат енгізу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ҚР ІІМ) белгілейді.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.