• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1528

320 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1528

Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 5:53 2012 жылғы 30 қараша, Астана, Үкімет үйі«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимннің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 5:53 2012 жылғы 30 қараша, Астана, Үкімет үйі«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимннің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыҚазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимннің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №36, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»; Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимннің мәтінін орналастыру ережесінде: тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (Бұдан әрі – Конституциялық Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимннің мәтінін пайдалану тәртібін айқындайды.»; 2- тармақ мынадай мазмұндағы 10-1 тармақшасымен толықтырылсын: «10-1) халықаралық ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде;»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.»; мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2 және 10-3- тармақтармен толықтырылсын:» 10-1. Осы Ереженің 2- тармағының 10-1 тармақшасында көзделген рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шараларды өткізуі кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Конституциялық Заңға, сондай-ақ сол мемлекеттік хаттамалық практикасына және жергілікті салт-дәстүрлерге сәйкес орналастырылады. 10-2. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орналастыру тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге міндетті. 10-3. Шетелдік спортшылардың (командалардың) қатысуымен өтетін жарыстардың жүлдегерлерін марапаттау рәсімі кезінде өкілдері спорттық жарыстардың жүлдегерлері болып табылатын қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік тулары салтанатты түрде көтеріледі.»; 14- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «14. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын бір және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері және мынадай өлшемдер пайдаланылады:»; 18- тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс.»; 21- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «21 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бір және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер пайдаланылады:»; 28- тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «28. Осы Ереженің 26-тармағының 1) және 2 тармақшаларында көрсетілген мөрлер мен құжаттардың бланкілерінде, ресми басылымдарда орналастырылған Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнелері ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс:»; 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «30. Осы Ереженің 26 тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарда орналастырылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.»; 35-тармақ мынандай редакцияда жазылсын: «35. Мемлекеттік рәміздер бейнелері бар стенділер (плакаттар) салтанатты іс-шаралар өтетін көпшілік назарына қолжетімді жерлерде орнатылуы тиіс.»; 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар