• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1508

215 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1508

Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 5:54 2012 жылғы 29 қараша, Астана, Үкімет ҮйіЭлектр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 5:54 2012 жылғы 29 қараша, Астана, Үкімет ҮйіЭлектр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1508 қаулысымен бекітілгенЭлектр энергиясының теңгерiмдеуші нарығының жұмыс iстеу қағидалары1. Жалпы ережелер 1. Осы Қағиадалар «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасындағы электр энергиясының теңгерiмдеуші нарығының жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесi – өлшеу құралдарының және электр энергиясын есепке алу деректерiн өлшеуге, жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен жиынтығы; 2) электр энергиясын өндірудің – тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету шарты – жүйелік оператор және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері немесе олардың теңгерім провайдерлері арасында жасалатын шарт; 3) реттеуге қатысуға арналған өтiнiм – Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi бойынша электр энергиясының теңгерiмсiздiгiн табиғи реттеуге қатысу үшiн теңгерiмдеуші электр энергиясын жеткiзушiлердiң сатып алушылардың жүйелiк операторға беретiн теңгерiмдеуші электр энергиясын жеткiзуге сатып алуға арналған жазбаша құжат; 4) теңгерiмдеу аймағы – қуаттың бiртұтас резервiн пайдалануға, теңгерiмдеуші электр энергиясының бiрыңғай бағасын қолдануға кедергi келтiретiн техникалық сипаттағы шектеу қойылмаған Қазақстанның бiртұтас энергетикалық жүйесiнiң бiр бөлiгi; 5) электр энергиясының теңгерiмдеуші нарығының имитациялық режімi (бұдан әрi – имитациялық режим) – электр энергиясының теңгерiмсiздiгiн қаржылық реттеудi жүзеге асырмастан электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығының жұмыс iстеуi; 6) теңгерiмдеуші электр энергиясын жеткiзушi сатып алушы – реттеуге қатысуға берілген өтінімге сәйкес электр энергиясының теңгерiмсiздiгiн табиғи реттеуге қатысатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiсi; 7) теңгерiм провайдерi – жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын өндiру-тұтынудың өзінің теңгерiмсiздiктерiн де, электр энергиясы нарығының басқа субъектiлерiнiң теңгерiмсiздiктерiн де қаржылық реттеу үшiн жауапкершiлiк қабылдаған электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiсi; 8) жүктеме бейіні – көтерме сауда нарығы тұтынушысының (энергиямен жабдықтаушы ұйым) электр энергиясын тұтынудың сағаттық мәнін есептеудегі (сальдо-ағыны) жүйелiк оператормен келiсiлген (айқындалған) есептеу алгоритмі. Жүктеме бейіні коммерциялық есепке алудың сағаттық деректер жүйелерi (аспаптары) болмаған жағдайда тұтынудың нақты сағаттық шамаларын есептеу үшiн (сальдо-ағыны) пайдаланылады; 9) есеп айырысу кезеңi – нәтижесінде Қазақстан Республикасының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында электр энергиясын сатудың орталықсыздандырылмаған және орталықтандырылған нарықтарында шарттар бойынша электр энергиясын сатып алу-сату көлемдеріне соңғы есеп айырысулар жүргізілетін күнтізбелік ай; 10) есеп айырысу орталығы – жүйелік оператордың атынан теңгерімдеуші нарықта операцияларды және теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыратын жүйелік оператордың еншілес ұйымы; 11) сұрыпталған тізім – теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу сатуға мәлімделген бағалар бойынша реттеуге қатысу үшін берілген өтінімдердің реттелген тізімі; 12) өсіруге бағытталған реттеу – Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi бойынша электр энергиясының теңгерімсіздігін өтеу мақсатында жүйелік оператордың өндіруді арттыру немесе тұтынуды азайту үшін реттеуге қатысуға берілген өтінімдерді жандандыру жөніндегі әрекеті; 13) төмендеуге бағытталған реттеу – Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi бойынша электр энергиясының теңгерімсіздігін өтеу мақсатында жүйелік оператордың өндіруді азайту немесе тұтынуды арттыру үшін реттеуге қатысуға берілген өтінімдерді жандандыру жөніндегі әрекеті; 14) электр энергиясының сальдо-ағыны – электр беру желісінің белгілі бір тобы (қимасы) арқылы немесе коммерциялық есепке алу нүктелері арқылы электр энергиясын қабылдау/босату мәнінің алгебралық сомасы; 15) электр энергиясын коммерциялық есепке алу нүктелері – электр энергиясының көтерме сауда нарығында қаржылық өзара есеп айырысу жүзеге асырылатын, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің құрамына кіретін, электр энергиясын есептеудегі жүйелік оператормен келісілген өлшеу кешендері; 16) электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру – электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік оператор көрсететін қызмет; 17) Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімі – жүйелік оператор жасаған орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында есепті кезең ішінде өндірілген, жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемдерін атаулы бөлуді белгілейтін құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері арасында өзара есеп айырысуларды жүргізу үшін негіз болып табылады; 18) электр энергиясының теңгерімсіздігі – электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты шамасының электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік кестесіндегі жүйелік оператор бекіткен шамадан ауытқуы; 19) теңгерімдеуші электр энергиясы – электр энергиясын өндірудің-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыру кезінде туындайтын теңгерімсіздікті жою үшін пайдаланылатын электр энергиясы; 20) электр энергиясының теңгерімдеуші нарық жүйесі – жүйелік операторда орнатылған және теңгерімдеуші нарықты басқару, теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемі мен құнын айқындау, сондай-ақ нарыққа қатысушылар арасында есеп айырысу жүргізу үшін қажетті барлық ақпаратты алу жөніндегі орталық тетік болып табылатын аппараттық бағдарламалық кешен. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады. 3. Электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар электр энергиясының теңгерімсіздігін физикалық реттеу нәтижелері бойынша жүйелік оператор ұсынатын теңгерімдеуші электр энергиясы көлемін есептеу негізінде электр энергиясын өндірудің-тұтынудың шарттық және физикалық шамалары арасындағы теңгермелі электр энергиясы нарығында қаржылық реттеу үшін өзара міндеттемелер алады. 4. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері меншік нысанына қарамастан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысады. 5. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу жағдайында теңгерімдеуші нарық субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау тетігін пысықтау, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр жүйесіндегі электр энергиясын өндіру-тұтынудағы теңгерімсіздіктің нақты шамаларын айқындау, реттеуші қуатқа қажеттілігін нақтылау, теңгерімдеуші электр энергиясының бағалар ауқымын айқындау мақсатында теңгерімдеуші нарықтың жұмысы 2014 жылға дейін имитациялық режімде жүзеге асырылады.2. Электр энергиясының теңгерiмдi нарығының жұмыс iстеу тәртібі 1. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысушылардың өзара іс-қимылы 6. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жүйелік оператормен электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі жүйелік қызметтерді көрсетуге жасалған шарттар негізінде нақты уақыт режимінде де, имитациялық режимде де жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысады. 7. Электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі жүйелік оператордың қызметтеріне ақы төлеуді: 1) энергия өндіретін, оның ішінде өнеркәсіп кешендерінің құрамына кіретін ұйымдар энергия өндіруші ұйымдардың шинасынан босатылған электр энергиясының нақты көлемі үшін, сондай-ақ бөлшек сауда нарығының тұтынушылары (оның ішінде жеке тұлғалар) осы энергия өндіруші ұйымдардан тікелей сатып алған электр энергиясының нақты көлемі үшін; 2) энергия беруші ұйымдар энергия беруші ұйымдардың желілеріндегі электр энергиясының технологиялық шығысын өтеу және энергия беруші ұйымдардың шаруашылық қажеттіліктері үшін алынған, сондай-ақ бөлшек сауда нарығының тұтынушылары тікелей өңірлік энергия өндіруші ұйымдардан алған және энергия беруші ұйымдардың желілері бойынша берілген электр энергиясының нақты көлемі үшін; 3) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда және бөлшек сауда, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс нарықтарда энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушылары үшін алынған электр энергиясының нақты көлемі үшін; 4) электр энергиясының көтерме сауда нарығының тұтынушылары электр энергиясының көтерме сауда, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс нарықтарда алынған электр энергиясының нақты көлемі үшін, сондай-ақ өнеркәсіп кешендерінің энергия өндіруші ұйымдарынан осы кешендердің құрамына кіретін кәсіпорындар мен бірлестіктер тұтынған электр энергиясының нақты көлемі үшін жүргізеді. 8. Жүйелік оператормен өз бетінше электр энергиясының өндіру-тұтынуын теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге шарт жасасқан электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында меншікті теңгерімсіздік бойынша теңгерім провайдерлері болып табылады не меншікті теңгерімсіздікті табиғи және қаржылай реттеу жауапкершілігін басқа теңгерім провайдеріне береді. 9. Электр энергиясы нарығының теңгерім провайдерлері болып табылмайтын электр энергиясының көтерме нарығының субъектілері теңгерім провайдерімен электр энергиясындағы теңгерімсіздікті қаржылық реттеу бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасады. Электр өндіруші ұйымдардың шиналарына тікелей немесе өңірлік деңгейдегі желілерге қосылған және екі жақты шарт бойынша олардан электр энергиясын алатын бөлшек сауда субъектілері үшін теңгерім провайдері энергия өндіруші ұйым болып табылады. 10. Электр энергиясының көтерме нарығының субъектілері – энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы, энергия өндіруші ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, электр энергиясындағы теңгерімсіздік үшін дербес жауапкершілік алатынына, не өз жауапкершілігін теңгерім провайдеріне бергеніне қарамастан мыналарды қамтамасыз етеді: 1) теңгерімдік тиесілілік шегіне келтіре отырып коммерциялық есеп нүктелерінің тізбесіне сәйкес электр энергиясын сағат бойынша есептеу және теңгерім провайдеріне, сондай-ақ көтерме нарық субъектісі желілеріне тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына келісілген хаттамалар бойынша электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған дерекқорынан сағат бойынша есептеу деректерін беру; 2) көтерме сауда нарығының сабақтас субъектілеріне және желілеріне тікелей қосылған энергия беруші ұйымдармен бірге электр энергиясы ағынының сағат бойынша есебінің он күндік актілерін қалыптастыру және келісу; 3) тәуліктік кестені жасау үшін электр энергиясын өндіру тұтынудың, сатып алу сатудың жоспарланған көлемдері туралы деректерді уақытында беру және түзету енгізу (қажет болған жағдайда); 4) теңгерім провайдерлерімен немесе есеп айрысу орталығымен электр энергиясын сағаттық теңгерімсіздіктерін сатып алу-сату бойынша уақтылы операциялар. 11. Электр энергиясының орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарығында имитациялық режим кезеңінде нарықтың субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу пайдаланылған электр энергиясының нақты көлемі үшін жасалады, электр энергиясының теңгерімсіздігіне қаржылық реттеу жүргізілмейді. Бір күндік кестемен берілген энергия көлемінен көтерме сауда нарығындағы субъектілердің электр энергиясын өндіру-тұтыну көлемдерінен ауытқуы тек жүйелік оператормен электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімділігін ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге шарт болған жағдайда рұқсат етіледі. 12. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өз қызметін жүзеге асыру кезінде жүйелік оператор: 1) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұрақты және сенімді жұмысына, тұтынушыларды энергиямен үздіксіз қамтамасыз етуге қажетті қуат резервтерін дайындықта ұстау бойынша қызметтерді сатып алады; 2) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi бойынша электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу кезінде олардың диспетчерлендіру реттілігін айқындайтын теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізуге сатып алуға арналған өтінімдердің сұрыпталған тізімін жасайды; 3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегі электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеуді жүзеге асырады; 4) теңгерім провайдерлерімен қаржылық міндеттемелерді реттеуді жүргізеді, оның ішінде теңгерім провайдерлері электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерінің бағалары мен көлемдерін айқындауды жүзеге асырады; 5) осы Қағидалардың 35, 36, 37-тармақтарына сәйкес іске қосылған теңгерімдеуші электр энергиясының бағалары мен көлемдерін айқындауды жүзеге асырады; 6) жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінен меншік нысанына қарамастан ақпарат алады; 7) табиғи теңгерімсіздіктерді реттеуге және электр энергиясын теңгерімдеуші жеткізушілермен сатып алушылармен қаржылық өзара есеп айырысуларды жүзеге асыруға қатысуға өтінімдер беру регламентін әзірлейді. 13. Жүйелік оператор тәуліктік кестені құрастыру кезінде оған жүйелік оператормен не теңгерім провайдерімен теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсетуге шарттар жасасқан электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін ғана қосады. Теңгерім провайдерлері теңгерімдеуші нарықта жасасқан шарттарының талаптарын бұзған жағдайда жүйелік оператор көтерме сауда нарығының субъектілерінің ауытқуларға жол бермей, тәуліктік кестені және электр энергиясын жеткізу-тұтынудың айлық көлемін орындауын қамтамасыз етеді. 14. Теңгерім провайдері бір теңгерім аймағында орналасқан көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуге арналған шарттар жасасады. 15. Теңгерім провайдері шарттық негізде электр энергиясының теңгерімсіздіктері үшін жүйелік оператордың алдындағы жауапкершілігін теңгерім провайдеріне берген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу бойынша қызмет көрсетеді. 16. Көтерме сауда нарығы субъектісінің басқа теңгерім провайдеріне ауысуы кемінде бір ай бұрын теңгерім провайдері мен жүйелік операторды қызметтерден бас тарту және шарттың қолданысын тоқтату туралы алдын ала хабардар еткеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте теңгерім провайдері хабарламаны алғаннан кейін 3 тәуліктен кешіктірмей, электр энергиясының теңгерімі үшін өзіне жауапкершілік қабылдаған электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері құрамының алдағы болатын өзгерістері туралы жүйелік операторды хабардар етеді. Электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісі келесі айдың бірінші күнінен бастап қана басқа теңгерім провайдеріне ауыса алады. 17. Теңгерім провайдері электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өз қызметін жүзеге асыру кезінде: 1) электр энергиясының теңгерімі үшін жауапкершілік қабылдаған және электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу жөнінде қызмет көрсетуге олармен шарттар жасасқан электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектілерінің құрамы мен коммерциялық есепке алу нүктелерін жүйелік оператормен келіседі; 2) электр энергиясын өндіру-тұтыну, беру-қабылдау, сатып алу-сатудың жоспарланған сағаттық мәндері туралы деректерді қалыптастырады және жүйелік операторға береді; 3) бекітілген тәуліктік кестенің мүмкін болатын түзетулерін жүйелік оператормен келіседі; 4) келісілген хаттамалар бойынша электр энергиясын беру-қабылдаудың нақты сағаттық мәндерін қалыптастырады және жүйелік операторға береді; 5) жүктеме профилін жүйелік оператормен келіседі; 6) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерінен, жүйелік оператордан осы Қағидалармен айқындалған функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алады; 7) жүйелік оператормен электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді, оның ішінде жүйелік оператордың есеп айрысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі операцияларды жүзеге асырады; 8) жүйелік оператор алдындағы электр энергиясы теңгерімсіздігі үшін жауапкершілікті теңгерім провайдеріне берген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырады. 18. Теңгерімдеуші нарықтағы теңгерімдеуші электр энергиясының жеткізушілері сатып алушылары: 1) жүйелік оператор белгілеген регламентке сәйкес табиғи теңгерімсіздіктерді реттеуге қатысуға арналған өтінімдерді жүйелік операторға беруді; 2) берілген өтінімге сәйкес электр энергиясын өндіру немесе тұтыну режимін жедел өзгертуге арналған жүйелік оператордың тапсырмасын орындауды; 3) жүйелік оператордың есеп айрысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі операцияларды; 4) осы Қағидаларда айқындалған функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты жүйелік операторға беруді; 5) келісілген хаттама бойынша электр энергиясын берудің нақты сағаттық мәндерін жасау мен жүйелік операторға беруді жүзеге асырады. 19. Электр энергиясын есептеудің өлшеуші кешеніне ие немесе оны шарттық негізде пайдаланушы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысушысы жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесімен электр энергиясының коммерциялық есептеудің деректерімен алмасуды қамтамасыз етеді. 20. Электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйелерінің ақпарат алмасу хаттамасының регламенті және құрылымы жүйелік оператор қолданатын жүйемен біріздендірілген. Жүйелік оператор тараптармен келісе отырып, коммерциялық ақпарат алмасу хаттамасын ауыстырады. 21. Жүйелік оператор теңгерім провайдері электр энергиясының меншікті теңгерімсіздіктерін есептеуге қажетті коммерциялық есепке алу дерекқорынан алынған электр энергиясының көтерме нарығы субъектілері туралы деректерді келісілген мерзімде және келісілген хаттамаға сәйкес теңгерім провайдерлеріне ұсынады. 2. Электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеу 22. Көтерме нарық субъектілері – теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізушілер сатып алушылар жүйелік операторға келесі операциялық тәуліктерге арналған реттеуге қатысу жөніндегі өтінімдерін жібереді. 23. Алдағы операциялық тәулiктердiң әрбiр сағаты үшiн қатысуға арналған өтiнiм мынадай ақпаратты қамтиды: 1) энергия өндiрушi ұйымның немесе электр энергиясын тұтынушының атауы; 2) энергия өндiрушi ұйым немесе электр энергиясын тұтынушы орналасқан өңiр; 3) ұсынылатын реттеудiң бағыты – энергия өндiрушi ұйымдар үшiн тиісінше электр энергиясын өндіруді өсiруді немесе азайтуды, сондай-ақ тұтынушылар үшiн электр энергиясын тұтынуды азайтуды немесе ұлғайтуды бiлдiретiн өсiруге немесе азайтуға бағытталған реттеу; 4) операциялық тәулiктердiң әрбiр сағатына арналған реттеудiң әрбiр бағыты үшiн ұсынылып отырған реттеудiң шамасы; 5) өсiруге арналған реттеу кезiнде теңгерiмдеушi электр энергиясының бiр кВтс бағасы; 6) азайтуға арналған реттеу кезiнде теңгерiмдеушi электр энергиясының бiр кВтс бағасы; 7) ұсынылып отырған толық көлемдегi шаманың жиналуы/түсуі уақыты (мин); 8) операциялық тәулiктер iшiнде реттеу үшiн ұсынылып отырған электр энергиясының теңгерiмдеушi көлемi. Ұсынылып отырған реттеудiң шамасы 10 МВт есе болуы тиiс. Жүктеменiң толық жиналуының түсуінің барынша көп уақыты 1 сағаттан аспауы тиiс. 24. Жүйелiк оператор реттеуге қатысуға түскен өтiнiмдерге техникалық сараптама жүргiзедi. Өтiнiм теңгерiмдеушi электр энергиясын жеткiзушiнiң келiсiмi бойынша түзетілуі немесе өтінімді реттеу үшін қабылдауға мүмкіндік бермейтін келесі техникалық себептерді көрсете отырып, кейінге қалдырылуы мүмкін: электр қуатын беру желілерінің өткізу қабілетінің шектеулілігі; теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізу сатып алу жөніндегі теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізушінің өтінімде көрсетілген мүмкіндіктерімен іс жүзіндегі мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуі. 25. Қуат резервтерiн әзірлікте ұстау жөнiнде қызмет көрсетуге арналған шарттардың негiзiнде реттеуге қатысуға арналған өтiнiмдер шарттың талаптарына сәйкес автоматты түрде жасалады және сұрыптау тiзiмiне енгiзiледi. Теңгерiмдi электр энергиясын жеткiзушi реттеуді арттыру кезiнде теңгерiмдеушi электр энергиясының бағасын төмендетуге, не болмаса азайтуға реттеу кезiнде теңгерiмдеушi электр энергиясының бағасын арттыруға арналған өтiнiм бере алады. 26. Реттеуге қатысуға қабылданған өтiнiмдер: 1) теңгерiмдеушi электр энергиясының мәлімделген бағасының өсу ретімен арттыру бойынша; 2) теңгерiмдеушi электр энергиясының мәлімделген бағасының кему ретімен кему бойынша сұрыпталады. 27. Сұрыптау тiзiмiне енгiзiлген реттеуге қатысуға арналған өтiнiмдер жүйелiк оператордың тапсырмасы бойынша орындау үшін міндетті. 28. Қуат резерві жетіспеген жағдайда, жүйелiк оператор реттеуге қатысуға арналған қосымша өтiнiмдердi қабылдауды жариялайды. 29. Жүйелiк оператор мына жағдайларда сұрыпталған тiзiмге сәйкес реттеуге қатысуға арналған өтiнiмдердi жандандырады: 1) жиiлiктің Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi жұмысының оқшауландырылған режимiнде номиналдық мәндерiнен ауытқуы; 2) iргелес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi мемлекетаралық электр энергиясының сальдо-ағындарының нақты мәндерiнiң келiсiлген тәулiктiк кестедегi мәндерiнен ауытқулары; 3) қималардағы жүктемелер; 4) технологиялық бұзушылықтар мен авариялардың алдын алу, оқшауландыру және жою. 30. Жүйелiк оператор Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясының сальдо-ағыны теңгерiмсiздiгiнiң мәнi оң болған жағдайда, арттыруды реттеуге қатысуға арналған өтiнiмдердi жандандырады. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясы теңгерiмсiздiгiнiң мәнi терiс болған жағдайда, жүйелiк оператор азайтуды реттеуге қатысуға арналған өтiнiмдердi жандандырады. 31. Жүйелiк оператор бiрiншi кезекте 15 минуттан аспайтын толық мәлімделген жүктеменi бiртiндеп жинай тастай отырып, реттеуге қатысуға арналған өтiнiмдердi жандандырады. 32. Жүктеменi жинау тастау жылдамдығын есепке ала отырып, электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеу үшiн жүйелiк оператордың тапсырмасы бойынша iске қосылған реттеу көлемi бекiтiлген тәулiктiк кестенiң түзетiлiмi ретiнде тiркеуге алынады. Түзетiлген тәулiктiк кестеден ауытқу электр энергиясының теңгерiмсiздiктерi ретiнде қаралады және қаржылық реттеуге жатады. 33. Реттеуге қатысуға арналған өтінімдерді іске қосу нәтижелері бойынша теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелері жасалады. Жүйелік оператор теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату бойынша өткізілген сауда-саттық нәтижелері туралы хабарламаға қол қояды және оны теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізушіге сатып алушыға жібереді, онда мыналар көрсетіледі: теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізушінің сатып алушының атауы, оның пошталық және банктік деректемелері, қызмет көрсету кезеңі, теңгерімдеуші электр энергиясын сату сатып алу көлемі, сұрыпталған тізім бойынша қалыптасқан баға, теңгерімдеуші электр энергиясының құны. Жүйелік оператор тәуліктік кестеде теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізушілердің/сатып алушылардың электр энергияны өндіру-тұтыну көлемдеріне түзетулер енгізуді жүзеге асырады. 34. Теңгерiмдеушi электр энергиясының көлемiн есептеу реттеуге қатысуға арналған өтiнiмдердi жандандыру туралы жүйелiк оператордың деректерi бойынша есеп айырысу кезеңiндегі операциялық тәулiктерiнiң әрбiр сағаты үшiн жүзеге асырылады. 35. Есеп айырысу кезеңiндегi операциялық тәулiктердiң әрбiр сағаты осы сағатта Жүйелiк оператор жүргiзген реттеудiң барынша көп көлемiнiң өлшемдерi бойынша төмендегідей айқындалады: 1) арттыруға арналған реттеу сағаты; 2) азайтуға арналған реттеу сағаты; 3) реттеусiз сағат. 36. Есеп айырысу кезеңiндегі операциялық тәулiктердiң әрбiр сағаты үшiн теңгерiмдеушi электр энергиясының бағасы сұрыптау тiзiмiнен түскен осы сағатта соңғы iске қосылған ұсыныстардың бағасымен айқындалады. 37. Ұлттық электр желiсiнде технологиялық бұзушылықтар мен авариялардың алдын алу, оқшауландыру және жою жөнiнде (қолмен немесе жүйелiк аварияға қарсы автоматиканың iс-қимылымен) операция жүргiзiлген уақыт кезеңiнде технологиялық бұзушылықтар мен авариялардың алдын алу, оларды оқшаулау және жою кезінде жүйелiк оператор азайтуға не болмаса арттыруға арналған реттеу жүргiзiлгенiне қарамастан, реттеусiз сағат ретiнде айқындайды. Теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізушілермен барлық өзара есеп айырысуларды реттеусіз сағат үшін айқындалатын (осы Қағидалардың 46-тармағы) электр энергиясы теңгерімдсіздігінің бағасы бойынша жүйелік оператор жүргізеді. 38. Электр желiлерi учаскелерiнiң қималары шектен тыс жүктелген жағдайларда, реттеуге қатысуға арналған өтiнiмдердi іске қосудың реттілігі шектен тыс жүктелген қимаға қатысты теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізушінің орналасқан орнына қарай айқындалады: 1) жүйелiк оператор қиманың шектен тыс жүктемесiн тiркейді; 2) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiнiң бiр бөлiгiн теңгерiмдеудiң жекелеген аймағына бөлу туралы шешiм қабылдайды; 3) сұрыпталған тiзiмдi бөлiнген аймақтарға сәйкес бөледi; 4) әрбiр аймақ бойынша жеке электр энергиясы теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеу жөнiндегi барлық операцияларды жүргiзедi. 39. Қималар шектен тыс жүктелген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі теңгерімдеудің түрлі аймақтарына бөлінген жағдайда, теңгерiмдеушi электр энергиясының бағасы әрбiр аймақ бойынша жеке айқындалады. 40. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесі жекелеген бөлiктерiнiң жеке жұмысы кезiнде, оның iшiнде жоспарлы және авариялы жөндеулер кезiнде қуаттардың резервтерiн дайындықта ұстау жөнiндегi барлық операциялар, теңгерiмдеушi электр энергиясын жеткiзуге/сатып алуға арналған өтiнiмдердiң сұрыпталған тiзiмiн жасау, электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи және содан кейiн қаржылық реттеу әрбiр аймақ бойынша бөлек жүргiзiледi. 41. Имитациялық режимде жүйелік оператор теңгерімсіздіктерді табиғи реттеу мақсатында электр энергиясын сатып алу-сатуды, сондай-ақ қуаттылықты реттеу жөніндегі қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады. Қуаттарды реттеу жөніндегі қызметтерді көрсету шарттарында қызметтер көлемі мен оларды пайдалану талаптары айтылады. 42. Имитациялық режимде теңгерімсіздіктерді табиғи реттеу мынадай түрде жүзеге асырылады: 1) жүйелік оператор электр энергиясын сатып алу/сату көлемдерін, сондай-ақ Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергияны өндірудің және тұтынудың болжамды теңгерімдері негізінде қуаттылықтарды реттеу жөніндегі сатып алынатын қызметтер көлемін айқындайды және электр энергияны сатып алуды/сатуды және қуаттылықты реттеу жөніндегі қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады; 2) жүйелік оператор электр энергияны сатып алу-сатуға және қуаттылықты реттеу жөніндегі қызметтерді сатып алуға жасалған шарттарды мынадай жағдайларда іске қосады: жиiлiктiң Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi жұмысының оқшауландырылған режимiнде номиналдық мәндерiнен ауытқуы; iргелес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi мемлекетаралық электр энергиясының сальдо-ағындарының нақты мәндерiнiң келiсiлген тәулiктiк кестедегi мәндерiнен ауытқуы; қималардағы жүктемелер; технологиялық бұзушылықтар мен авариялардың алдын алу, оқшауландыру және жою; 3) жүйелік оператор мен нарық субъектісінің арасындағы келісім бойынша электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартта аталған нарық субъектісінің ықтимал теңгерімсіздіктерінің диапазоны белгіленеді; 4) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарда көзделген ықтимал теңгерімсіздіктер диапазонының шегінде ғана теңгерімсіздіктерге жол беріледі. Бұл ретте, тәулік және есеп айырысу кезеңі бойынша теңгерімсіздіктердің алгебралық сомасы (сальдо) нөлге тең болуы тиіс; 5) жүйелік оператор нарық субъектілерінің ықтимал теңгерімсіздіктер диапазонын және теңгерімсіздіктердің нөлдік сальдосын сақтауына мониторингті жүзеге асырады және нарық субъектісі осындай шарттарды бұзған жағдайда электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шектеулерді енгізеді. 3. Электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн қаржылық реттеу 43. Электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн қаржылық реттеудi жүйелiк оператор теңгерiм провайдерлерiмен теңгерiмдеудi ұйымдастыру жөнiндегi қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жүзеге асырады, бұл ретте есеп айырысу орталығы теңгерiмдеушi электр энергиясын сатып алу-сату операцияларын теңгерiм провайдерлерiмен теңгерiмдеушi электр энергиясын сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырады. 44. Жүйелiк оператор электр энергиясының сағаттық теңгерiмсiздiктерiн есептеуді төмендегідей жүзеге асырады: 1) электр энергиясын сағаттық коммерциялық есепке алу жүйелерінің (аспаптардың) деректері негiзiнде теңгерiм провайдерi қабылдаған босатқан электр энергиясының іс жүзіндегі көлемi анықталады. Бұл ретте, теңгерiм провайдерiнiң электр энергиясын қабылдауы «+» белгiсiмен айқындалады, электр энергиясын босатуы «-» белгiсiмен айқындалады; 2) теңгерiм провайдерi үшiн электр энергиясының теңгерiмсiздiгi жүйелiк оператор бекiткен тәулiктiк кестедегi (келiсiлген түзетулердi есепке ала отырып) осы сағат үшiн көрсетiлген көлемнен бiр сағат iшiнде қабылданған босатылған электр энергиясының іс жүзіндегі көлемiнiң алгебралық айырмасы ретiнде есептеледi; 3) теңгерiм провайдерiнiң электр энергиясының оң теңгерiмсiздiгi тәулiктiк кестеде көрсетiлген көлемнен артық электр энергиясын тұтынуды немесе электр энергиясының іс жүзінде жеткiлiксiз берiлуiн бiлдiредi. Теңгерiм провайдерiнің электр энергиясының терiс теңгерiмсiздiгi шартта көрсетілген төмен электр энергиясының іс жүзіндегі тұтынылуын немесе электр энергиясының артық берiлуiн бiлдiредi; 4) деректерді автоматты түрде берудің техникалық мүмкіндіктері жоқ электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерi күн сайын Жүйелiк операторға келiсiлген хаттама бойынша тұтынудың жеткiзудiң сағаттық есебiнiң, көтерме сауда нарығының аралас субъектiлерiмен және желiлерiне тiкелей қосылған энергия берушi ұйымдармен электр энергиясы сальдо-ағынының деректерiн жiбередi. Келiсiлген деректер электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн алдын ала есептеу және бұл ретте туындайтын қаржылық мiндеттемелер үшiн негiз болып табылады; 5) теңгерiм провайдерiнiң электр энергиясының сағаттық коммерциялық есепке алу жүйелерiнің (аспаптарының) деректері жоқ болған жағдайда, электр энергиясының сағаттық теңгерiмсiздiгi осы Қағидалардың 19, 20, 21-тармақтарына сәйкес есеп айырысу жолымен айқындалады; 6) есеп айырысу кезеңiнiң нәтижелерi бойынша электр энергиясын есепке алу деректерін растау актісі ресімделеді. Теңгерім провайдеріқабылдаған босатқан электр энергиясының іс жүзіндегі көлемі есептік кезеңдегі сағаттық мәндерінің сомасынан ауытқыған жағдайда, сағаттық мәндерге түзетулер енгізіледі және теңгерім провайдерінің электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктері қайта есептеледі; 7) жүйелiк операторға келiсiлген актiлердi ұсынбау электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiсiнiң, теңгерiм провайдерiнің жүйелiк оператордың осы Қағидалардың 2-бөлімінің 5-кіші бөліміне сәйкес есеп айырысу әдiсiн пайдалануға келісім бергенін білдіреді. 45. Электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйелері жоқ электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу актісін ресімдейді, оның негізінде теңгерім провайдері қабылдаған/берген электр энергиясының іс жүзіндегі көлемі айқындалады. 46. Жүйелiк оператор әрбiр теңгерiм провайдерi үшiн тәулiктiң әрбiр сағатына электр энергиясының теңгерiмсiздiгi үшiн төлемдердi есептеуді жүзеге асырады: 1) арттыруға арналған реттеу сағаты үшiн теңгерiм провайдерлерi оң теңгерiмсiздiктер үшiн дебетке жазылады және терiс теңгерiмсiздiктерге арттыруға арналған сұрыптау тiзiмiнде соңғы iске қосылған теңгерiмдеушi электр энергиясының бағасы бойынша кредиттеледі; 2) азайтуға арналған реттеу сағаты үшiн теңгерiм провайдерлерi оң теңгерiмсiздiктер үшiн дебетке жазылады және терiс теңгерiмсiздiктер үшiн азайтуға арналған сұрыптау тiзiмiнде соңғы iске қосылған теңгерiмдеушi электр энергиясының бағасы бойынша кредиттеледі; 3) реттеусiз сағат үшiн теңгерiм провайдерлерi оң теңгерiмсiздiктер үшiн дебетке жазылады және терiс теңгерiмсiздiктер үшiн спот-сауда-саттығындағы осы сағатта электр энергиясының клирингтiк бағасымен айқындалатын электр энергиясының бағасы бойынша кредиттеледі. Есеп айырысу сағатында спот-сауда-саттығы болмаған жағдайда, электр энергиясы теңгерiмсiздiгiнiң бағасы орталықтандырылған сауда-саттықта ұқсас кезеңдегi клирингтiк баға ретiнде айқындалады; 4) есеп айырысу кезеңiнiң нәтижелерi бойынша шектес мемлекеттердiң ұйымдарымен және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiмен жасалған шарттар мен өзара қарым-қатынастардың өзге талаптарымен негізделген есеп айырысу дебетi мен есеп айырысу кредитiнiң көлемдерi сәйкес келмеген жағдайда, электр энергиясы оң теңгерiмсiздiгiнiң сағаттық бағалары түзетуші коэффициенттi есепке ала отырып, қайта есептеледi; 5) арттыруға бағытталған реттеу сағаты және реттеусiз сағат үшiн. Жүйелік оператордың есеп айырысу дебетi мен жүйелік оператордың есеп айырысу кредитi сәйкес келмеген жағдайда, теңгерімдеуші электр энергиясын сатуға сағаттық бағалар түзетуші коэффициенттi есепке ала отырып, қайта есептеледi. Түзетуші коэффицент есеп айырысу дебетiнің есеп айырысу к