Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы№1711
Сенбі, 26 қаңтар 2013 5:52 2012 жылғы 28 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі«Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Сенбі, 26 қаңтар 2013 5:52 2012 жылғы 28 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі«Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №1711 қаулысымен бекітілген«Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидалары Осы «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды (зиянды) өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қарағандышах-татарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына (бұдан әрі – «Қарағандышахтатарату» РММК) берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды (зиянды) өтеу (сомалар мөлшерін айқындау, оларды қайта есептеу және төлеу тәртібі) тәртібін регламенттейді. 1. Жалпы ережелер 1. Зардап шеккен қызметкер жоғалтқан, онда болған не анық иелене алатын табыс (кiрiс), сондай-ақ денсаулығына зақым келтiруден туындаған шығындар (дәрі-дәрмек сатып алуға, медициналық тексерілуге, оңалтуға, бөгде адамның бағып-күтуiне, протез салғызуға, банктердің, почталардың қызметі және өзгелері), егер жәбiрленушi көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж және оларды тегiн алмайды деп танылса, өтелуге тиіс. 2. Қызметкер қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабында көрсетілген адамдардың залалдың (зиянның) өтелуіне құқығы бар. 2. Залалды (зиянды) өтеу тәртібі 1. Залалды (зиянды) өтеу сомасының мөлшерін айқындау тәртібі 3. «Қарағандышахтатарату» РММК-ге берілген, таратылған шахталар қызметкерлерінің өміріне және денсаулығына келтірілген залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджет есебінен өтелуге тиіс. Залалды (зиянды) өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргізіледі. 4. Өтелуге тиіс жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiнгi не жәбiрленушiнiң кәсiби еңбек қабiлеттілігін жоғалту дәрежесіне сәйкес еңбек қабілеттілігінен айырылу басталғанға дейiнгi орташа айлық табыстың (кiрiстiң) пайыздарымен анықталады.2. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын қайта есептеу тәртібі 5. Таратылған шахталар қызметкерлеріне залалды (зиянды) өтеу сомаларын қайта есептеуді «Қарағандышахтатарату» РММК осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тас көмірді жерасты тәсілімен өндіру қызметімен айналысатын қызмет түріне қарамастан, Қарағанды облысының аумағында орналасқан ұйымдар бойынша Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген лауазымдар мен кәсіптер бойынша жалақы мөлшерінің орташа шамасы туралы деректерінің негізінде жыл сайын жүзеге асырады. 3. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын төлеу тәртібі 6. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын есептеуді және төлеуді «Қарағандышахтатарату» РММК жүргізеді. 7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тиісті жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын 7-күніне дейін «Қарағандышахтатарату» РММК-ны қаржыландыруды жүзеге асырады. 8. «Қарағандышахтатарату» РММК залалды (зиянды) өтеудің есептелген сомаларын алушылардың есеп шотына қолма-қол емес тәсілмен аударуды жүргізеді. 9. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын ТМД-ның басқа мемлекеттеріне жөнелту залалдың (зиянның) өтелуіне құқығы бар қызметкерлердің тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. «Қарағандышахтатарату» РММК, банк, почта бөлімшелері көрсететін қызмет шығындары қызмет көрсету шарттарымен айқындалады. 10. «Қарағандышахтатарату» РММК бөлінген қаражат бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ай сайын, келесі айдың 20-күніне дейін өткен айдың есебін ұсынады. 11. Залалдың (зияның) өтемін алатын, таратылған шахталардың қызметкерлері «Қарағандышахтатарату» РММК-ға нақты тұрғылықты жері туралы ақпаратты тоқсанына бір рет ұсынады.«Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларына 1-қосымша Лауазымдар мен кәсіптердің тізбесі Рс № ҚР МС 01-2005 қызметтер сыныптауышына сәйкес лауазымдар және кәсіптер атауы Өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы актілердегі лауазымдар және кәсіптер атауы 1 2 3 1 Учаске бастығы (өнеркәсіпте) Учаске бастығы, учаске бастығының көмекшісі, аға механик, тиеу бастығы 2 Тау-кен жұмысшылары және жерасты және ашық тәсілдермен пайдалы қазбалар өндіру жөніндегі басқа да кәсіптер жұмысшылары Жерүсті тау-кен жұмысшысы 3 Жерасты тау-кен жұмысшысы Жерасты тау-кен жұмысшысы, жерасты такелажнигі, жерасты қондырғыларының машинисі, шахтаға бекіту материалдарын жеткізуші, тау-кен қазбаларын жөндеу жөніндегі тау-кен жұмысшысы 4 Тазарту забойының тау-кен жұмысшысы Тазартушы забойының тау-кен жұмысшысы 5 Жерасты тау-кен монтажшысы Жерасты тау-кен монтажшысы, монтажшы 7 Жүк тиеушілер Жүк тиеушілер 8 Қазандық машинисі (кочегар) Күлші 9 Бекітуші Бекітуші 10 Электровоз машинисі Электровоз машинисі 11 Тау-кен қазу машиналарының машинисі Тау-кен қазу машиналарының машинисі, комбайншы 12 Бұрғылау қондырғыларының машинисі Бұрғылау станогының машинисі 14 Үңгілеуші Үңгілеуші 16 Оқпаншы (жерасты) Оқпаншы 17 Сылақшы Сылақшы-маляр 18 Жерасты электр слесарі Жерасты электр слесарі, кезекші слесарь 19 Құрал-жабдықтарды жөндеудегі және кезекші электр слесарі (слесарь) Электр слесарі, электрик 20 Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі Электр слесарі – автоматшы 21 Басшы Директор 22 Геолог Геолог 23 Таразышы Таразышы 24 Тау-кен шебері Тау-кен шебері 25 Учаске шебері Көмірді байыту шебері 26 Жарушы Жарушы-шебер 28 Механик Механик 29 Еңбекті нормалау жөніндегі инженер Жерасты хронометражисті«Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларына 2-қосымша Шахталар тізбесі «АрселлорМиттал Теміртау» АҚ 1. Қазақстан 2. Шахтинск 3. Ленин атындағы 4. Тентек 5. Саран 6. Абай 7. Күзембаев атындағы 8. Костенко атындағы «ГЕФЕСТ» ККӨҚ 1. Западная 2. «Батыр» ЖШС «Рапид» ЖШС «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің филиалы – Ғ.О. Омаров атындағы Шахта өтпе жолдары тресті