• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №20

365 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №20

Сенбі, 16 ақпан 2013 6:13

2013 жылғы 31 қаңтар Астана қаласы

«Отбасылық үлгідегі балалар  ауылы мен жасөспiрiмдер үйлерiнің қызметiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық  кесiмдердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі  № 583 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 105 – бабына сәйкес бұйырамын:

1. «Отбасылық үлгідегі балалар ауылымен жасөспiрiмдер үйлерiнің қызметiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық кесiмдердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 583 бұйрығына (Құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 1629 нөмірімен тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 5 қосымшада:

2.2-тармағының 2.2.3) – тармақшасы алынып тасталсын.

2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П.Шер):

1) осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр       Б. ЖҰМАҒҰЛОВ.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 4 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8211 болып енгізілді.