Сенбі, 16 ақпан 2013 6:14
2013 жылғы 8 ақпан Астана қаласы
«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін іске асыру мақсатында бұйырамын:1. 2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдаудың және аталған конкурсты өткізудің төмендегі мерзімдері белгіленсін:1) құжаттар қабылдау – 2013 жылғы 18 ақпан мен 1 қазан аралығы;

2) конкурс өткізу – 2013 жылғы 25 ақпан мен 2014 жылғы 31 қаңтар аралығы.2. Мыналар:1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі;2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесі бекітілсін.3. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М.Төлеков):1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі С.Б.Шаяхметовқа жүктелсін.5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы С. ШАЯХМЕТОВ.