Сенбі, 16 ақпан 2013 6:21
2012 жылғы 20 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі
Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 29-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасында:

27-тармақта:
1) тармақшаның жетінші және сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«көпжылдық екпелерді отырғызу жүзеге асырылатын АШТӨ-нің нақты жер учаскесіне бақтарды, жидектіктерді және жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақтық-мелиоративтік зерттеулердің жүргізілгенін растайтын) жұмыс жобасына (бұдан әрі – жұмыс жобасы) сәйкес. Алманың «Апорт» сортының көпжылдық екпелерін отырғызу кезінде жұмыс жобасында АШТӨ-нің жер учаскесінің теңіз деңгейінен биіктігі көрсетіледі;
АШТӨ-нің штатында «агрономия» немесе «жеміс-көкөніс өсіру» мамандығы бойынша кемінде бір білікті маманның болуы шартымен жүзеге асырылуы тиіс»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) отырғызылуы республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылған екінші вегетацияның (аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен салынғандар үшін), екінші-үшінші вегетацияның (жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен салынғандар үшін), екінші-үшінші-төртінші вегетацияның (республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2009 – 2011 жылдары дәстүрлі технология бойынша отырығызылғандар үшін) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің, ал алманың «Апорт» сорты бойынша екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда, көп жылдық екпелерін өсіру (күту).»;
29-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) агроном (жеміс-көкөніс өсіруші) маманының біліктілігін растайтын куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелерінен тұратын өтінім береді.»
32-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 5 жұмыс күні ішінде ағымдағы жылдың өткен тоқсанынан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей, ал төртінші тоқсанда – 1 қарашадан кешіктірмей осы Қағиданың 27-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидияларды алуға АШТӨ тізбесін (бұдан әрі – аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбе) қалыптастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жібереді.».
35-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ағымдағы жылдың өткен тоқсанынан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін, ал төртінші тоқсанда – тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде жергілікті жерге барып:».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.