• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1681

210 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1681

Сенбі, 23 ақпан 2013 5:29

2012 жылғы 25 желтоқсан,   Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің  2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 213-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Сенбі, 23 ақпан 2013 5:29

2012 жылғы 25 желтоқсан,   Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің  2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 213-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      С.Ахметов.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 25 желтоқсандағы №1681 қаулысына қосымшаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Мазмұны1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң миссиясы мен пайымдауы2. Ағымдағы ахуалды және қызметтiң тиiстi салаларындағы (аясындағы) даму үрдiстерiн талдау3. Cтратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi4. Функционалдық мүмкiндiктердi дамыту5. Ведомствоаралық өзара iс-қимыл6. Тәуекелдердi басқару7. Бюджеттiк бағдарламалар

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiңмиссиясы мен пайымдауыҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң миссиясы – мәдениет және ақпарат саласында сапалы және қолжетiмдi қызметтер көрсетуге, мемлекеттiк және басқа тiлдердiң қарқынды дамуына, ел бiрлiгiнiң нығаюына, мемлекет пен азаматтық сектор әрiптестiгiнiң тиiмдi жүйесiн қолдауға бағытталған мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және тиiмдi iске асыру.Пайымдауы – азаматтық бастамаларды iске асырудың тиiмдi тетiктерi, ел бiрлiгiнiң мызғымас қағидаттары бар, жалпыұлттық мәдени, ақпараттық және тiлдiк орта.

2. Ағымдағы ахуалды және қызметтiң тиiстiсалаларындағы (аясындағы) даму үрдiстерiн талдау

1-стратегиялық бағыт. Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруРеттелетiн салалар мен қызмет аялары дамуының негiзгi өлшемдерi.Саланың инфрақұрылымы. Қазақстандағы мәдениет және өнер мемлекеттiк мекемелерiнiң желiсiнде 40 республикалық (9 театр, 6 концерттiк ұйым, 3 кiтапхана, 6 мұражай, 9 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 1 кинокомпания, 6 басқа ұйым) және 8 мыңнан астам облыстық мәдениет ұйымдары (173 мұражай, 4 078 кiтапхана, 2 859 клуб, 44 театр, 25 концерттiк ұйым, 31 кинотеатр және телетеатр, 458 киноқондырғы, 4 хайуанаттар бағы, 2 цирк, 26 мәдениет және демалыс саябағы) қызмет етедi. Соңғы 10 жылда театрлардың саны 20 %-ға ұлғайған, кинотеатрлар мен кинозалдардың саны 40%-ға, мұражайлардың саны 30%-ға, кiтапханалардың саны 15%-ға өскен. Саланың көрсететiн қызметтерiне сұраныс қарқынды түрде өсуде – кинотеатрлар көрермендерiнiң саны 12 есеге артты. Театрлар мен мұражайларға келушiлер санының көрсеткiшi 30%-ға ұлғайды, кiтапханалардың тұрақты оқырмандарының саны 25%-ға өстi.Заңнамалық базаны жетiлдiру. 2010 жылы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қабылданған түзетулер отандық киноматография, мұражай және кiтапхана iсi саласындағы сұрақтарды реттеуге бағытталған. Атап айтқанда, киноөнiмдердi индексациялау және прокаттық куәлiктер беру механизмi енгiзiлдi, ұлттық киноның критерийлерi анықталды, кiтапханалық қорды қалыптастыру нормасы түзетiлдi, жергiлiктi атқарушы органдар құзыретiне облыстық, аудандық не республикалық маңызы бар бiр кiтапханаға «Орталық» мәртебесiн беру функциясы қосылды.Мәдениет мекемелерi көрсететiн қызметтер. 2011 жылы 11 755 спектакль қойылды, 6 401 концерт ұйымдастырылды, 7 ғылыми-қолданбалы,  37 археологиялық зерттеу өткiзiлдi, 30 тарих және мәдениет ескерткiштерiнде қалпына келтiру жұмыстары жалғастырылды, олардың 6-уы толығымен қалпына келтiрiлдi. Республикалық мұражайларда 107 көрме, 357 лекция және 14 353 экскурсия өткiзiлдi. Кiтапханаларда бес жүзден астам iс-шара ұйымдастырылып, өткiзiлдi. Соңғы бес жыл iшiнде саланың көрсететiн қызметтерiнiң саны 18 %-ға өстi.Қазақстан мәдениетiн шетелдерде танымал ету. Соңғы бiрнеше жылда Мәдениет күндерi форматындағы iс-шаралар iсжүзiнде барлық ТМД елдерiн, Еуропаның және Азияның, Таяу Шығыстың жетекшi мемлекеттерiн қамтыды. Жалпы, 2005 жылдан 2011 жылға дейiн әлемнiң 38 елiнде отандық мәдениеттi дәрiптеуге бағытталған мәдени iс-шаралар өткiзiлдi.Мәдениет қайраткерлерiн қолдау. Мәдениет саласындағы талантты және болашағы зор қайраткерлердi ынталандырудың механизмi енгiзiлдi. Тағылымдамалар мен бiлiктiлiгiн арттыру курс­тарын ұйымдастыру және өткiзу жұмыстары тұрақты түрде жүргiзiлiп келедi. Отандық репертуарды толықтыру мақсатында гранттар бөлу және шығармашылық байқаулар өткiзу қарастырылған.Қаржыландыру. Мәдениет саласының қызмет етуi үшiн 2005 – 2010 жылдары бөлiнген қаражат көлемi 134,8 млрд. теңгенi құрады, соның iшiнде 2005 жылы – 8,8 млрд. теңге, 2006 жылы – 11,3 млрд. теңге,  2007 жылы – 20,1 млрд. теңге, 2008 жылы – 37,7 млрд. теңге, 2009 жылы – 34,5 млрд. теңге, 2010 жылы – 21,2 млрд. теңге.Негiзгi проблемаларды талдау.Бiрiншi. Мәдениет саласындағы отандық өнiмнiң қызмет көрсету нарығындағы шетелдiк өндiрушiлердiң басымдығының негiзiнде бәсекелестiгiнiң жеткiлiксiздiгi.Екiншi. Өңiрлердегi мәдениет мекемелерi желiсiнiң дамуындағы үйлесiмдiлiктiң болмауына негiзделген республика тұрғындарының мәдениет мекемелерi көрсететiн қызметтерге қолжетiмдiлiгiнiң теңсiздiгi.Үшiншi. Мәдениет саласын инфрақұрылымының қажеттi жағдайда дамымауы, мамандандырылған кадрлар мен мәдениет ұйымдарының тапшылығы.Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау.Отандық мәдени нарықтағы шетелдiк өнiмнiң басымдығы саланың нарықтық қатынасын дамыту, продюсерлiк және баспагерлiк қызметтi ынталандыру, талантты әдебиет пен өнер қайраткерлерiне қолдау көрсету арқылы мәдениет саласында бәсекеге қабiлеттi өнiм шығарудың механизмдерiн жетiлдiру қажеттiлiгiн тудыруда. Қазiргi заманғы ыңғайлы форматта халықтың мәдени құндылықтарға қолжетiмдiлiгiн кеңейтуге мүмкiндiк беретiн жаңа технологияларды енгiзу, мәдениет нысандарын сандық форматқа ауыстыру процестерiн бұдан әрi жетiлдiрудi, тиiстi интернет-ресурстарды сапалы мазмұнмен қамтамасыз етудi талап етедi.Саланың нормативтiк-құқықтық базасын бұдан әрi жетiлдiру елдiң мәдени кеңiстiгiнiң сәулетiн оңтайландыруға мүмкiндiк бередi. Келешекте – мәдениет ұйымдары желiсiнiң ең төменгi мемлекеттiк нормативтерiн және мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының типтiк штаттарын, саланы паспорттауды енгiзу жоспарланған.2-Стратегиялық бағыт. Отандық ақпараттық кеңiстiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруРеттелетiн саланың немесе қызмет өрiсi дамуының негiзгi өлшемдерi.Ақпараттық сала инфрақұрылымының жағдайы. 2012 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша рес­публикада 2 740 бұқаралық ақпарат құралы (бұдан әрi – БАҚ) қызмет етедi, оның iшiнде: мемлекеттiк 439 (16 %), мемлекеттiк емес – 2 301 (84 %). БАҚ-тың жалпы санының 91 %-газеттер (1 662) және журналдар (832), 8,5 %-ын – электрондық БАҚ-тар (50 телекомпания, 43 радиокомпания, 134 кабель­дiк теледидар және 6 спутниктiк хабар тарату операторлары) және 0,5 %-ын ақпараттық агенттiктер (13) құрайды. Қазақ тiлiнде таралатын (эфирге шығатын) БАҚ-тардың үлесi 543 (20%), орыс тiлiнде – 920 (33%), қазақ және орыс тiлдерiнде 930 (34%), қазақ, орыс және басқа тiлдерде – 347 (13%).Астана қаласында ашылған «Қазмедиа орталығы» бiрегей телерадиокешенi хабар тарату компаниялары үшiн сапалы және бәсекеге қабiлеттi контент өндiрiсiндегi ағымдағы және келешектегi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға мүмкiндiгi бар басты технологиялық алаң болды.Заңнамалық базаны жетiлдiру. 2012 жылғы 18 қаңтарда «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заң қабылданды, онда телерадионарықтағы барлық субъектiлердiң қатынастарын реттеудiң және цифрлық хабартарату форматына көшудiң құқықтық жағдайлары белгiленген.Табыстар және жетiстiктер. 2011 жылдың басында ұлттық цифрлық спутниктiк желi iске қосылды. Хабар тарату жүйесiне барлық жалпыұлттық теле-, радио арналар (37) кiрдi. Оларды спутниктiк ресурстарға орналастыру мемлекеттiк бюджет қаржысынан қамтамасыз етiлдi, бұл отандық теледидарды алыс және шалғай елдi-мекендердi қоса алғанда, Қазақстанның барлық аумағында толық көлемде көру мүмкiндiгiн қамтамасыз еттi. 2006 жылғы Женева келiсiмнiң мүшесi болып табылатын Қазақстан 2015 жылы жерүстi эфирлiк телехабар таратудың сандық форматына толық көшуге дайындалуда.Мемлекеттiк арналардың тұжырымдамаларын қайта форматтау және жаңа тақырыптық арналар жасаудың шеңберiнде 2011 жылы «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарында рейтингi төмен бағдарламаларды жабу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлдi, «Балапан» және «Мәдениет» тақырыптық телеарналары, «Classic» жаңа радиосы ашылды. 2012 жылы «Бiлiм» және «Жаңалықтар-24» телеарналары қызметтерін бастады.2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасы  100% мемлекеттiк тiлде хабар таратуға көштi. Бүлдiршiндерге арналған «Балапан» телеарнасы да тек қазақ тiлiнде хабар таратады. Интернетте Baq.kz агрегатты-сайты iске қосылды, онда 90–нан астам қазақ тiлдi ақпарат ресурстары шоғырландырылған. Меншiктi сайттары жоқ аймақтық БАҚ-қа  54 арнайы парақ ашылды. Қазақ тiлдi Wikipedia порталының ұлттық тiлдегi мақалалардың саны жөнiндегi рейтингi 125 орыннан 36 орынға көтерiлдi, бұл «1 000+мақала» санатындағы елдерден «100 000+ мақала» санатындағы елдердiң қатарына көшуге мүмкiндiк бердi.Елдегi 234 мемлекеттiк мұрағат мекемелерi республиканың бiрыңғай мұрағаттар жүйесiн құрайды. Қазақстандық мұрағатты халықаралық мұрағаттық кеңiстiкке интеграциялау мақсатында 14 алыс және жақын шет елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөнiндегi келiсiмдер жасалды. Соңғы 20 жылда Ұлттық мұрағат қорының көлемi және жеке құрам бойынша құжаттар саны 11,6 миллионнан 24,2 миллион сақтау бiрлiгiне өстi.Қазақстанның кітап шығару саласы бүгінгі күні көтерілу үстінде. Қазіргі таңда Кітап палатасында 314 баспа мен кітап шығарушы ұйым тіркелген. Шығарылып жатқан әлеуметтік маңызды әдебиеттің ассортименті кеңейтіліп, кітаптардың полиграфиялық орындалуы мен көркем безендірілуі жақсаруда.Бұл ретте әлеуметтік маңызды әдебиет – бұл қоғамның рухани-танымдық және интеллектуалдық-мәдени әлеуетін арттыруға, өскелең ұрпақты патриотизм, ұлттық және жалпыәлемдік құндылықтар идеалдары рухында тәрбиелеуге, сондай-ақ, елдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-танымдық және мәдени өміріндегі жетістіктерді кеңінен таратуға бағытталған көркем, ғылыми, публицистикалық, энциклопедиялық және басқа да өзекті шығармалар.Қаржыландыру. 2005-2010 жылдары мемлекеттiк ақпараттық саясатты қаржыландырудың көлемi 80 598,7 млн. теңгенi құрады, атап айтқанда, 2005 жылы – 8 811,8 млн. теңге, 2006 жылы – 10 480,4 млн. теңге, 2007 жылы – 12 077,8 млн. теңге, 2008 жылы – 16 467,4 млн. теңге, 2009 жылы – 16 467,4 млн. теңге, 2010 жылы – 16 293,9 млн. теңге.Негiзгi проблемаларды талдау.Бiрiншi. Отандық ақпараттық саланың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмен деңгейi.Екiншi. Медиялық инфрақұрылымның технологиялық артта қалуы.Үшiншi. Цифрлық телерадио хабарлар таратудың болмауы.Төртiншi. Қазақстандық Интернет жүйелерi сегментiнiң жеткiлiксiз дамуы.Бесiншi. Қазiргi заманға сай ақпараттық технологиялардың және Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын автоматтық режимде орталықтандырылған мемлекеттiк есепке алудың болмауы.Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау.Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, соның iшiнде, «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының нормаларын iске асыру арқылы жетiлдiру, мiндеттi теле-радио арналарды ұсыну кепiлдiгiмен 100 пайызға дейiн халықты эфирлiк цифрлiк телерадио хабар таратумен қамтамасыз етуге, отандық телевизиялық және радиоарналардың дамуына жағымды құқықтық жағдай жасауға, ұлттық радиожиiлiк қорды оңтайландыруға және оны орынды қолдануға мүмкiндiк бередi. Ақпараттық-коммуникативтiк технологиялардың даму процессi БАҚ үшiн Интернет желiсiнiң мүмкiндiктерiн қарқынды қолдану жолымен ақпаратты таратудың жаңа мүмкiндiктерiн ашады. Газеттер мен журналдардың электрондық аналогтарын құру, меншiктi интернет-ресурстар ашу, оларды online режімiнде тарату Қазақстан туралы ақпарат қызықтыратын ел азаматтарына, сондай-ақ, шетелдiк интернет пайдаланушылар үшiн ақпарат көздерiн кеңейтуге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, БАҚ-тың интернетке шығуы олардың жұмыстарын жеделдетудiң деңгейiн арттыруға ықпалын тигiзедi.

3-стратегиялық бағыт. Қазақстан халқын бiрiктiру факторы ретiнде төзiмдi тiлдiк орта құруРеттелетiн салалар мен қызмет аялары дамуының негiзгi өлшемдерi.Сала инфрақұрылымының жай-күйi. Тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк тiлдi үйрету орталықтарының өңiрлiк желiсi жоспарлы түрде кеңейтiлуде: 2005 жылы – 8, 2006 жылы – 12, 2007 жылы – 36, 2008 жылы – 45, 2009 жылы – 93, 2010 жылы – 101, 2011 жылы – 132 орталық.Саланың табыстары және жетiстiктерi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi – Мемлекеттiк бағдарлама) бекiтiлдi.Мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностар тiлiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты.Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде тiл бiлiктiлiгi стандарттарын пысықтау басталды: мемлекеттiк тiлдi оқытудың стандарттарын жетiлдiру, оны меңгерудiң деңгейiн А1-А2 – тiлдi оңай қолдану, В1-В2 – өздiгiнен қолдану, С1-С2 – бiлiктi қолдану деңгейлерi бойынша бағалаудың жүйесiн енгiзу жөнiнде жұмыстар жүргiзiлдi. Қазақ тiлiн оқыту үшiн шешiмдерiмен тапсырмалар әзiрлеу бойынша дайындық жұмыстары аяқталды.238 аталым баспа өнiмi әзiрленiп, басып шығарылды, олардың iшiнде аса құнды, қазiргi заманғы ғылыми-теориялық талаптарға сай лексикографиялық еңбек – 15 томдық «Қазақ әдеби тiлiнiң сөздiгi» бар. Сонымен қатар, барлық жастағы балаларға арналған 15-томдық «Әлем балалар әдебиетiнiң iнжу-маржандары», классикалық әдебиеттердiң «Әлемдiк классика» 25-томдығы, аудиокiтаптар, инновациялық ғылыми-әдiстемелiк бағдарламалар, т.б. басылымдар жарық көрдi.Мемлекеттiк тiлдi үйренудiң жүйесiне жаңа ақпараттық технологияларды енгiзу мақсатында 2008 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi» порталы жасалып (www.til.gov.kz), онда интернет – сервистердiң жиырмадан астам түрi орналастырылды.Мемлекеттiк органдарда құжат айналымын мемлекеттiк тiлге кезең-кезеңмен көшiру қамтамасыз етiлдi. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу мониторингiнiң автоматтандырылған жүйесi енгiзiлдi. Мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк тiлдегi құжат айналымы 82 %-ға жеттi.Төзiмдi тiлдiк орта қалыптастыру. 2011 жылғы жағдай бойынша этномәдени бiрлестiктер жанында 190–нан аса жексенбiлiк мектептер жұмыс iстейдi (2005 жылы мектептердiң саны 160 болған), оларда республикамызда тұратын 7 мыңнан астам балалар мен ересектер 30-ға жуық этностық топтардың тiлдерiн оқиды.Қаржыландыру. 2005 – 2010 жылдары бөлiнген қаржының көлемi 8 млрд. 282 млн. теңгенi құрады: 2005 жылы республикалық бюджеттен – 327,9 млн. теңге, 2006 жылы – 588,5 млн. теңге, 2007 жылы – 1 млрд. 639,2 млн. теңге, 2008 жылы – 1 млрд. 543,9 млн. теңге, 2009 жылы – 1 млрд. 24,1 млн. теңге, 2010 жылы – 668,9 млн. теңге бөлiндi.Негiзгi проблемаларды талдау.Бiрiншi. Қоғамдағы мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi.Екiншi. Мемлекеттiк тiлдiң елiмiздiң әлеуметтiк-коммуникативтiк кеңiстiгiнде жеткiлiксiз енгiзiлуi.Үшiншi. Қазақстандық қоғамдағы тiлдiк мәдениеттiң төмендеуi.Төртiншi. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталының сақталу және нығаю қажеттiлiгi.Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау.Мемлекеттiк тiлдi оқытудағы бiрыңғай әдiстеме мен стандарттардың жоқтығы, қазақ тiлiн оқытатын оқытушылар мен мамандардың дайындық деңгейiнiң төмендiгi, оқыту инфрақұрылымы қызметiнiң бiрыңғай стандарттарының, сондай-ақ мемлекеттiк тiлдi меңгеру процесiнiң ынталандыру және мониторингi жүйесiнiң жоқтығы қоғамда мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiн арттыруда тежегiш фактор болып отыр.Елiмiздiң әлеуметтiк-коммуникативтiк кеңiстiгiне мемлекеттiк тiлдi енгiзу процесiндегi маңызды фактор ретiнде оның халықаралық қатынас, бос уақыт пен ойын-сауық саласындағы белсендi қолданылуы, оның заң, ғылым және жаңа технологиялар тiлi ретiнде дамуы, мемлекеттiк тiлде сөйлеудiң беделiн арттыру мен оны отбасылық құндылық ретiнде дәрiптелуi болып табылады.Қазақстандық қоғамның тiлдiк мәдениетiн арттыру, лингвистикалық капиталын нығайту саласында терминология, антропонимика, ономастика саласындағы мәселелердi шешу және ономастика, сөйлеу мен жазу мәдениетiн жетiлдiруге септiгiн тигiзу, сондай-ақ толерантты тiлдiк орта құру басымдыққа ие болып табылады.4-стратегиялық бағыт. Мемлекеттiлiктi және ел бiрлiгiн одан әрi нығайту, iшкi саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуРеттелетiн салалар мен қызмет аялары дамуының негiзгi өлшемдерi.Қоғамдық-саяси сала инфрақұрылымының жай-күйi. Республикада  10 саяси партия, 818 этно-мәдени бiрлестiк (бұдан әрi – ЭМБ), 18 000 астам үкiметтiк емес ұйымдар (бұдан әрi – ҮЕҰ) және бiрқатар кәсiптiк одақтар жұмыс iстейдi. 2006 жылдан бастап, ҮЕҰ жыл сайынғы өсiмi – 1000-нан астам ұйымды құрайды.Табыстар мен жетiстiктер. Елiмiзде болып жатқан қоғамдық-саяси процестердiң, этникааралық қарым-қатынастар дамуының жағдайы мен ағымдарын терең зерделеу мақсатында министрлiк жағдайды жүйелi мониторингiлеу механизмiн дұрыс жолға қойған. Ел дамуының негiзгi басымдықтарын, стратегиялық бағдарламалық құжаттарды түсiндiруге бағытталған ақпараттық-насихаттық iс-шаралар өткiзуге қатысты тұрақты түрде жұмыс жүргiзiлiп келедi. Әлеуметтiк мәлiметтерге сәйкес мемлекеттiк саясаттың бағдарламалық құжаттары мен негiзгi бағыттары туралы халықтың хабардарлық деңгейi 85%-дан астамды құрады.Министрлiктiң үйлестiрушiлiк рөлiнiң аясында билiктiң, бизнес пен ҮЕҰ негiзгi әлеуметтiк әрiптестiгiн жолға қойған, 2006-2011 жылдарға арналған Азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы тиiмдi iске асырылды. Нәтижесiнде, заң жобаларын әзiрлеуге, бағдарламаларды iске асыруға, елiмiздiң маңызды даму мәселелерi бойынша қоғамдық тыңдаулар өткiзуге ҮЕҰ-ы кеңiнен тарту күнделiктi тәжiрибеге айналды. Мемлекет пен ҮЕҰ-дың әрiптестiгiнiң басымдықтарын белгiлейтiн, Азаматтық форумдар жүйелi түрде өткiзiледi. Салалық мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс­тар дамуға бет алды.  2011 жылдан бастап барлық мүдделi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларына олардың азаматтық сектормен өзара iс-қимылдарының тиiмдiлiгi индикаторлары енгiзiлдi.Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың шеңберiнде соңғы төрт жылда Министрлiк тарапынан қоғамдық өмiрдiң түрлi салаларындағы ҮЕҰ-дың  700–ден астам әлеуметтiк маңызды жобалары қаржыландырылды. Министрлiктiң басты әрiптестерi – барлық республикалық шығармашылық одақтар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры, республикалық этномәдени бiрлестiктер, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы, «Болашақ» президенттiк бағдарламасы түлектерiнiң қауымдастығы, Мемлекеттiк тiлдi дамыту қоры, Iскер әйелдер қауымдастығы, Қазақстан жастарының конгресi, «Атамекен» одағы және көптеген басқа да әйелдер, жастар, ардагерлер, экологиялық ҮЕҰ. Мемлекеттiк тапсырыстың барлық процедураларын айқын және ашық орналастырғаны үшiн министрлiк «Таным» қоғамдық сыйлығының иегерi болды.Заңнамалық базаны жетiлдiру. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы» жаңартылған Қазақстан Республикасының Заңы күшiне ендi.Қаржыландыру. 2005-2010 жылдары қаржыландыру көлемi 3 млрд. 430 млн. теңгенi құрады: Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыруға 2005 жылы 59,7 млн. теңге бөлiндi, 2006 жылы – 200 млн. теңге, 2007 жылы – 299,2 млн. теңге, 2008 жылы – 709,2 млн. теңге, 2009 жылы – 917,2 млн. теңге, 2010 жылы – 1 млрд. 206 млн. теңге бөлiндi.Негiзгi проблемаларды талдау.Бiрiншi. Халық арасында ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргiзу әдiстемесiн жетiлдiру, сондай-ақ «үндесу алаңдары» қызметiн қамтамасыз ету саласында да әдiстемелiк база құру қажеттiгi туындап отыр.Екiншi. Мемлекеттiк рәмiздер саласындағы заңнамалардың мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз ету тәжiрибесiн жетiлдiру талап етiледi.Үшiншi. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру және орналастыру саласындағы заңнамалық, әлеуметтiк-экономикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк қамтамасыз ету бұдан әрi жетiлдiрудi талап етедi.Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау.Мемлекеттiң басты мiндеттерiнiң бiрi халықпен тиiмдi идеологиялық жұмыс жүргiзу екендiгiн ескере отырып, ақпараттық-насихаттық қызметтердi ұйымдастырудың механизмдерi мен әдiстерiн әрi қарай жетiлдiру, осы салада азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты кеңейту, заман талабына сай келетiн әдiстемелiк және техникалық базаны әзiрлеу және енгiзу талап етiледi.

3. Cтратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар,iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi

3.1. Cтратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар,iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi

Атауы    Ақпарат көзi    Өлшем бiрлiгi    Есептi кезең    Жоспарлы кезең2009жылы    2010 жылы    2011жылы    2012жылы    2013жылы    2014жылы    2015жылы

1    2    3    4    5    6    7    8    9    101-стратегиялық бағытМәдениет және өнер саласының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру1.1-мақсат. Отандық мәдениеттi елде және шетелдерде танымал етуОсы мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың коды (001, 003, 006, 007, 008, 009, 010, 011, 012, 013, 019, 020, 021, 028, 029, 068)Нысаналы индикаторМәдениет саласындағы қызметтер сапасымен тұрғындардың қанағаттануының деңгейi    әлеуметтiк зерттеу    %    30    50    50    52    54    56    571.1.1-мiндет. «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын одан әрi жүзеге асыру аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау және танымал етуТiкелей нәтижелер көрсеткiштерiРеспубликалық және жергiлiктi маңызы бар тарихи және мәдени ескерткiштердiң мемлекеттiк тiзiмiне енген объектiлердiң жалпы санының қалпына келтiрiлген, консервациядан өткен мәдени мұра объектiлерiнiң үлесi    ведомствоға бағынысты ұйымдардың есептерi    %    0,66    0,73    0,78    0,83    0,89    0,95    1,02Тарихи-мәдени мұраларды елде және шетелдерде танымал етуге бағытталған iс-шаралардың санының өсуi    ведомствоға бағынысты ұйымдардың есептерi    бірлік    165    168    170    180    177    179    180«Мәдени мұра» жобалары туралы тұтынушылардың хабардар болу деңгейi    әлеуметтiк зерттеу    %    40    70    75    76    77    78    80Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар    Жоспарлы кезең2011 жылы    2012жылы    2013жылы    2014жылы    2015жылыҚазақстандағы тарихи-мәдени мұраларды кешендi зерттеу    Х    Х    Х    Х    ХТарихи-мәдени мұраладың сақталуын қамтамасыз ету    Х    Х    Х    Х    ХЕл iшiнде және шетелде ұлттық тарихи мұраны насихаттау    Х    Х    Х    Х    ХМеморган көрсететiн қызметтердiң сапасына қанағаттану бойынша халыққа сауал ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде iс-шаралар жоспарын әзiрлеу     -    Х    -    -    -Ақпараттық-танымдық веб-порталдарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы туралы контенттермен толықтыру    Х    Х    Х    Х    Х1.1.2-мiндет. Мәдени құндылықтарға тұрғындардың қол жетiмдiлiгiн арттыруТiкелей нәтижелер көрсеткiштерiМәдениет ұйымдарына 1000 адамға шаққандағы келушiлердiң орташа саны:- кiтапханаға келушiлер- театрға келушiлер- мұражайға келушiлер    Статистика агенттiгiнiң деректерi    бірлік

265124256

268121257

269122258

271124260

273126262

275127264

277129266Цифрлық форматқа көшірілген кітапханалық қордың үлесі    ведомствоға бағынысты ұйымдардың есептерi    %    -    -    -    -    21    42    65«Қазақстан Кiтапханасы» мемлекеттiк электрондық кiтапхана қоры» ақпараттық жүйесiне қатысушылық    қолданушы-ларды есепке алудың электрондық жүйесikazneb.kz    мың адам    -    49    50    51    52    53    54Автоматтандырылған мемлекеттiк қызметтердiң үлесi    бұйрық    %    -    -    -    83    17    -    -Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар    Жоспарлы кезең2011 жылы    2012 жылы    2013 жылы    2014 жылы    2015 жылыМемлекеттiк мәдениет мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету    Х    Х    Х    Х    ХМәдениет нысандарын салу және қайта қалпына келтiру    Х    Х    Х    Х    ХМәдениет нысандарының қызмет етуiн қамтамасыз ету    Х    Х    Х    Х    ХМемлекеттiк мәдениет ұйымдары кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау    Х    Х    Х    Х    Х«Қазақстан Кiтапханасы» мемлекеттiк электрондық кiтапхана қорының контентiн толықтыру    Х    Х    Х    Х    ХМемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын және регламенттерiн әзiрлеу    Х    Х    -    -    -Мемлекеттiк қызмет көосетулерді электрондық форматқа көшiру    -    Х    Х    -    -1.1.3-мiндет. Мәдениет саласындағы отандық өнiмдерге сұраныстың артуын ынталандыруЖалпы кинопрокат көлемiндегi отандық фильмдердiң үлесi     кинотеатрлар репертуары мониторингi    %    5,2    6,5    4    5    4    4    4Республикалық және өңiрлiк театрлардағы жаңа театрлық қойылымдардың саны (жылдық кесiм)    ведомствоға бағынысты ұйымдардың есептерi    бірлік    36    39    42    39    32    29    29Бизнестi тiркеу мен жүргiзуге, кеткен уақыт пен шығындарды қоса есептегенде, (рұқсаттама, лицензия, сертификат, аккредитация және кеңес алу) қатысты операциялық шығындар деңгейiнiң төмендеуi    операциялық шығындарды төмендету мониторингi     %    -    30    -    -    -    30    -Мемлекеттiк бақылаудағы жоспарлау тiркеуiнiң саның 30%-дейiн төмендету    ведомствалық есептiлiк    %    -    -    -    10    10    10    -Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар    Жоспарлы кезең2011 жылы    2012 жылы    2013 жылы    2014 жылы    2015 жылыМәдениет саласындағы қайраткерлердi ынталандыру (дарынды тұлғаларды қолдау, мәдениет қайраткерлiне мемлекеттiк сыйлықтар мен стипендиялар төленуiн қамтамасыз ету)    Х    Х    Х    Х    ХӘлеуметтiк-маңызды және мәдени iс-шараларды ұйымдастыру    Х    Х    Х    Х    ХҰлттық фильмдер шығару    Х    Х    Х    Х    ХБизнестi тiркеу мен жүргiзуге қатысты операциялық шығындарды азайтуға бағытталған ұйымдастыру-тәжiрибелiк iс-шаралар өткiзу     Х    Х    Х    Х    ХМемлекеттiк бақылау субъектiлерiнiң жоспарлы тексерулерiнiң санын төмендетуге бағытталған ұйымдастыру-практикалық iс-шаралар өткiзу    Х    Х    Х    Х    ХАтауы    Ақпарат көзi    Өл-шем бiрлiгi    Есептi кезең    Жоспарлы кезең2009жылы    2010жылы    2011жылы    2012жылы    2013жылы    2014жылы    2015жылы2-стратегиялық бағытОтандық ақпараттық кеңiстiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру2.1-мақсат. Мемлекеттiк ақпараттық саясатты, баспа және мұрағат iсiн iске асырудың тиiмдiлiгiн арттыруОсы мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың коды (001, 003, 018, 019, 020, 021, 022)Отандық ақпараттық өнiмдерге тұтынушылардың сұраныс деңгейi    әлеуметтiк зерттеу    %    -    -    30    50    52    54    56Ұлттық мұрағат қорының көлемiн арттыру    бағыныстағы мекемелер және жергiлiктi атқарушы органдардың есептерi     сақ. млн. бірлік    -    -    300,0    550,0    300,0    300,0    300,02.1.1-мiндет. Мемлекеттiк ақпараттық саясатты БАҚ арқылы iске асыруТiкелей нәтижелер көрсеткiштерiЖаңа мемлекеттiк отандық телевизиялық және радиоарналарды iске қосу    жасалған жұмыстардың актiлерi    бірлік    -    1    1    3    1    -    -Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде шығарылған отандық баспа БАҚ материалдарының көлемi (газеттер)     жасалған жұмыстардың актiлерi    А-2 Форм. жол    12685    13240    12 400    15 298    12 400    12 400    12 400Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде шығарылған отандық баспа БАҚ материалдарының көлемi (журналдар)    жасалған жұмыстардың актiлерi    Есепт. шы-ғару пар.    875    970    875    953    875    875    875Мемлекеттiк тапсырысты iске асыру шеңберiнде шығарылған телевизиялық және радио бағдарламалардың көлемi     жасалған жұмыстардың актiлерi    сағ.    68 708    68 708    82 546    102 165    115 392    120 855    120 855Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар    Жоспарлы кезең2011 жылы    2012 жылы    2013 жылы    2014 жылы    2015 жылыМемлекеттiк ақпараттық саясат тақырыптық бағытындағы тiзбелердi қалыптастыру     Х    Х    Х    Х    ХМемлекеттiк ақпараттық тапсырысты iске асыру жөнiнде конкурс өткiзу    Х    Х    Х    Х    ХҚоғамдық маңызы бар iс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөнiндегi әдiстемелермен қамтамасыз ету    Х    Х    Х    Х    ХМемлекеттiк арналарды тақырыптық саралау     Х    Х    -    -2.1.2-мiндет. Шетелдiк ақпараттық өнiмге тәуелдiлiктi төмендетуТiкелей нәтижелер көрсеткiштерiМемлекеттiк телеарналарда хабар таратудың жалпы кестесiндегi меншiктi өнiмнiң үлесi     жасалған жұмыстардың актiлерi    %    35    45    50    51    52    53    54Мемлекеттiк радиоарналарда хабар таратудың жалпы кестесiндегi меншiктi өнiмнiң үлесi     жасалған жұмыстардың актiлерi    %    35    45    50    51    52    53    54Мемлекеттiк арналардың спутниктiк сегменттегi хабар таратудың орташа тәулiктiк көлемi    жасалған жұмыстардың актiлерi    сағ.    20    20,5    18,1    19,6    19,6    19,6    19,6Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар    Жоспарлы кезең2011 жылы    2012 жылы    2013 жылы    2014 жылы    2015 жылыМемлекеттiк ақпараттық саясатты iске асыру бойынша конкурс өткiзу    Х    Х    Х    Х    ХКөп арналы хабар тарату желiлерi бойынша таратылатын еркiн қолжетiмдiлiктегi теле-радиоарналар пакетiн қалыптастыру    Х    Х    Х    Х    ХОтандық жаңа теле-, радио бағдарламаларын жасау    Х    Х    Х    Х    ХОтандық журналистердiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу    Х    Х    Х    Х    ХОтандық ақпараттық кеңiстiктiң дамуына қосқан шығармашылық үлесi үшiн журналистердi марапаттау    Х    Х    Х    Х    Х2.1.3-мiндет. Бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық мәдениетiн көтеру және заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуТiкелей нәтижелер көрсеткiштерiМониторингпен қамтылған электрондық БАҚ өнiмдерiнiң көлемi    БАҚ-ты мони-торингiлеу    сағ.    74 460    74 460    74 460    74 460    74 460    74 460    74 460Мониторингпен қамтылған Интернет-ресурстардың саны    интернет-ресурсты монито-рингiлеу    саны    -    -    135    135    135    135    135Мониторингпен қамтылған баспа БАҚ өнiмдерiнiң көлемi     БАҚ-ты монито-рингiлеу    жол    20 718    20 718    20 718    20 718    20 718    20 718    20 718Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар    Жоспарлы кезең2011 жылы    2012 жылы    2013 жылы    2014 жылы    2015 жылыМониторинг жүргiзу үшiн тақырыптық бағыттардың және БАҚ-тардың тiзбесiн айқындау    Х    Х    Х    Х    ХБАҚ саласындағы заңнамалардың сақталуын бақылау, заңдық тұрғыда белгiленген шараларды қабылдау    Х    Х    Х    Х    Х2.1.4-мiндет. Ұлттық мұрағат қорының құрамы мен мазмұнын және жеке құрам бойынша құжаттарды толықтыру сақтауТiкелей нәтижелер көрсеткiштерiАвтоматтандырылған есептiк-ақпараттық-iздеу жүйесiне қосылған мұрағат қорларының үлесi    бағынысты мекемелердiң есептерi    %    -    -    5    10    10    10    10Қабылдауға жататын құжаттамалардың жалпы көлемiнен мемлекеттiк мұрағатқа қабылданған құжаттардың үлесi     бағынысты мекемелердiң есептерi    %    -    -    80    85    85    85    85Мемлекеттiк мұрағаттардың негiзгi құралдарын жыл сайын жаңарту     бағынысты мекемелердiң есептерi    %    -    -    3    5    6    8    10Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар    Жоспарлы кезең2011 жылы    2012 жылы    2013 жылы    2014 жылы    2015 жылыҰлттық мұрағат қорының және жеке құрам бойынша құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету    Х    Х    Х    Х    ХҰлттық мұрағат қорының құрамын қалыптастыру    Х    Х    Х    Х    ХМемлекеттiк мұрағаттардың материалдық-техникалық қорларын жаңғырту    Х    Х    Х    Х    ХМұрағат қорларына және деректер базасына автоматтандырылған ғылыми-анықтамалық аппаратты құру және енгiзу    Х    Х    Х    Х    Х2.1.5-мiндет. Халықтың Ұлттық мұрағат қоры ресурстарына қол жеткiзуiн қамтамасыз етуТiкелей нәтижелер көрсеткiштерiМұрағат ақпаратын пайдаланушылардың қанағаттанған сұраныстарының үлесi     бағынысты мекемелердiң есептерi    %    80    80    80    85    85    85    85Белгiленген мерзiмде орындалған әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұраныстардың үлесi    бағынысты мекемелердiң есептерi    %    80    80    80    85    85    85    85Цифрлық форматқа көшiрiлген Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының үлесi    бағынысты мекемелердiң есептерi    %    -    5    5    2,4    2,4    2,4    2,4Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар    Жоспарлы кезең2011 жылы    2012 жылы    2013 жылы    2014 жылы    2015 жылыҰлттық мұрағат қорының мемлекеттiк мұрағаттарда сақталудағы құжаттарын (мұрағат құжаттарының жиынтығы, анықтамалықтар, көрмелер) пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар өткiзу    Х    Х    Х    Х    ХҰлттық мұрағат қорының құжаттарын цифрлық форматқа көшiру    Х    Х    Х    Х    ХМемлекеттiк мұрағат қызметтерiнiң дәрiптелуiне (теле-, радиобағдарламалар, БАҚ жарияланымдар, тұрақты жұмыс iстейтiн және тақырыптық көрмелер, республикалық семинарлар) бағытталған iс-шаралар өткiзу    Х    Х    Х    Х    Х2.1.6-мiндет. Әлеуметтiк маңызы бар әдебиеттi шығаруТiкелей нәтижелер көрсеткiштерiШығарылатын әлеуметтiк маңызы бар әдебиет атауларының саны     баспалардың есептерi    бiр.    474    300    405    380    374    374    374Республика кiтапханаларына таратылған әлеуметтiк маңызы бар әдебиеттердiң саны    тапсыру қабылдау актiсi    бiр.    948 000    600 000    971 000    926 000    781 000    781 000    781 000Тақырыптық жоспардың орындалу деңгейi    сараптама кеңесiнiң хаттамасы    %    100    100    100    100    100    100    100Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар    Жоспарлы кезең2011 жылы    2012 жылы    2013 жылы    2014 жылы    2015 жылыӘлеуметтiк маңызы бар әдебиеттердi шығаруға тақырыптық бағыттарды айқындау     Х    Х    Х    Х    ХКiтап шығарушы ұйымдардың тiзбесiн айқындау     Х    Х    Х    Х    ХКiтап шығару    Х    Х    Х    Х    ХРеспублика кiтапханаларына кiтап тарату     Х    Х    Х    Х    ХАтауы    Ақпарат көзi    Өлшем бiрлiгi    Есептi кезең    Жоспарлы кезең2009жылы    2010 жылы    2011жылы    2012жылы    2013жылы    2014жылы    2015жылы3-стратегиялық бағытҚазақстан халқын бiрiктiру факторы ретiнде төзiмдi тiлдiк орта құру3.1-мақсат. Мемлекеттiк тiлдi және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамытуОсы мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың коды (001, 005, 024)Нысаналы индикаторларРеспубликадағы