Сәрсенбі, 6 наурыз 2013 5:00
2012 жылғы 28 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 және «Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру ережесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесін, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ережені бекіту туралы» 2003 жылғы 23 маусымдағы № 593 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:1) «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25,235-құжат):Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларында:3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«3. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсат(бұдан әрі – Рұқсат) алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – Өтінім берушілер) уәкілетті органға өтінім береді.»;2) «Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру ережесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесін, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 маусымдағы № 593 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 27, 256-құжат):тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесін, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ережені бекіту туралы»;1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесінде:13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«13. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің өтінімдері бойынша материалдар мен геодезиялық деректерін, оның ішінде «қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар немесе олардың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры береді.»;көрсетілген қаулымен бекітілген Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ережеде:3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«3. Геодезиялық пункттерді есепке алу мен олардың сакталуының қамтамасыз етілуін бақылауды геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.».2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.