Сенбі, 16 наурыз 2013 0:55
2012 жылғы 29 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сенбі, 16 наурыз 2013 0:55
2012 жылғы 29 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
ҚазақстанРеспубликасының Премьер-Министрi С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1784 қаулысымен бекітілген
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы – энергетикалық ресурстарды пайдалануға және үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салу, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, күрделі жөндеуді жүргізу кезінде тұтынушылардың энергиямен қамтамасыз етуге арналған шығындарын оңтайландыруға байланысты сәулет-құрылыс және техникалық шешімдердің энергия тиімділігін бағалау мақсатында жүргізілетін сараптама;
3) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
4) энергетикалық ресурстар – запастағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия тасығыштардың жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа да түрлері);
5) шартты отын – техникалық-экономикалық есептеулер кезінде қабылданған, органикалық отынның алуан түрлерінің жылу құндылығын салыстыру үшін қызмет ететін, нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін бірлік;
6) аккредиттеу туралы куәлік – уәкілетті орган беретін, заңды тұлғалардың энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыру құзыретін куәландыратын ресми құжат;
7) тапсырыс беруші – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу жөніндегі қызметті алу үшін сараптама ұйымына өтініш білдірген жеке немесе заңды тұлға;
8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы бойынша сараптама ұйымы (бұдан әрі – сараптама ұйымы) – жаңа үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салудың немесе қазіргі барларын кеңейтудің (күрделі жөндеудің, реконструкциялаудың) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыруға уәкілетті орган аккредиттеген заңды тұлға.
3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде, тапсырыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады және жобалардың кешенді мемлекеттік сараптамасына және оларды бекіткенге дейін жүргізіледі.
4. Күнтізбелік бір жыл ішінде бес жүз және одан көп тоннаға барабар шартты отын мөлшерінде энергетикалық ресурстар тұтынатын жаңа үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салудың немесе қазіргі барларын кеңейтудің (күрделі жөндеудің, реконструкциялаудың) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы міндетті түрде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасына жатады.
5. Міндетті сараптамаға жатпайтын жобалар бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ерікті негізде жүргізіледі.
2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу тәртібі
6. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу үшін тапсырыс беруші жұмыс жобасы паспортының көшірмесін қоса сараптама ұйымына еркін нысандағы өтініш береді.
7. Шарт жасасуға дейін:
1) сараптама ұйымы осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жұмыс жобасы паспортының деректері негізінде өтініштің түскен сәтінен бастап бір жұмыс күні ішінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу үшін қажетті құжаттаманың тізбесін қалыптастырады және тапсырыс берушіден сұратады;
2) тапсырыс беруші сараптама ұйымына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу үшін қажетті сұратылып отырған құжаттар көшірмелерін салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын қоса береді;
3) сараптама ұйымы тапсырыс берушінің сұратылып отырған құжаттамаларды берген сәтінен бастап бір жұмыс күн ішінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу құнын айқындайды.
8. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу үшін тапсырыс берушіден сұратылып отырған қажетті құжаттамалардың тізбесі объектінің ерекшелігіне байланысты жобалау құжаттамасының бөлімдерінен қалыптастырылады, атап айтқанда:
1) жұмыс жобасының паспорты;
2) жобаның энергетикалық паспорты (жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес);
3) жалпы түсіндірме хаты;
4) бас жоспар;
5) технологиялық шешімдер;
6) сәулет-құрылыс шешімдері;
7) инженерлік жабдықтау, желілер мен жүйелер;
8) сметалық құжаттама.
9. Тапсырыс беруші берген құжаттар тізбесі және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу құны шартта көрсетіледі.
10. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу мерзімі шартпен белгіленеді, бірақ шартқа қол қойылған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.
11. Жүргізілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасының нәтижелері бойынша сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлғаның фирмалық бланкісінде сараптамалық қорытынды жасалады.
12. Сараптамалық қорытынды мынадай негізгі бөліктерден тұрады:
1) құжаттың жасалған жері және күні, сараптама жасалатын және сараптама ұйымының толық атауы, олардың басшыларының және сараптама жүргізген тұлғаның лауазымы, тегі мен аты-жөні, сараптама атауы мен өткізу уақыты, сондай-ақ жасалған шарт нөмірі туралы мәліметтер қамтылатын кіріспе бөлігі;
2) есеп беру бөлігі, онда:
жаңа үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салудың немесе қазіргі қазіргі барларын кеңейтудің (күрделі жөндеудің, реконструкциялаудың) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі;
құрылыс материалдарын, бұйымдарды және конструкцияларды, сондай-ақ қазақстандық өндірістің технологиялық және инженерлік жабдықтарын қолдану туралы ақпарат;
жобаның берілген энергия тиімділігі класына сәйкестігі келтіріледі;
3) қорытынды бөлік, онда:
жаңа үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салудың немесе қазіргі барларын кеңейтудің (күрделі жөндеудің, реконструкциялаудың) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сәулет-құрылыс және техникалық шешімдердің энергия тиімділігін оң немесе теріс бағалау;
жаңа үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салудың немесе қазіргі барларын кеңейтудің (күрделі жөндеудің, реконструкциялаудың) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сәулет-құрылыс және техникалық шешімдердің энергия тиімділігі теріс бағаланған жағдайда Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қолданыстағы заңнамасының нақты нормасына сілтеме жасай отырып келтіріледі.
13. Жаңа үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салудың немесе қазіргі барларын кеңейтудің (күрделі жөндеудің, реконструкциялаудың) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына қорытынды энергия үнемдеудің теріс бағасымен берілген жағдайда, тапсырыс берушіге сәйкессіздіктерді жою үшін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде уақыт беріледі.
14. Тапсырыс беруші энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасының барысында анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін сараптама ұйымы сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы тиісті белгісі бар оң қорытынды береді.
15. Сәйкессіздіктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта жүргізіледі.
16. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасының қорытындысы үш данада ресімделеді және оны сараптама ұйымының басшысы бекітеді. Бір данасы тапсырыс берушіге беріледі, екіншісі – сараптама ұйымында сақталады, үшіншісі – уәкілетті органға жіберіледі.