Сәрсенбі, 17 сәуір 2013 0:10
2012 жылғы 26 қараша, Астана қаласы
«Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Ішкі су және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:1. «Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6991 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2011 жылғы 24 тамыздағы № 8, (408); 2011 жылғы 25 қыркүйектегі № 9, (409) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидаларында:мемлекеттік тілдегі 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Сәрсенбі, 17 сәуір 2013 0:10
2012 жылғы 26 қараша, Астана қаласы
«Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Ішкі су және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:1. «Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6991 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2011 жылғы 24 тамыздағы № 8, (408); 2011 жылғы 25 қыркүйектегі № 9, (409) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидаларында:мемлекеттік тілдегі 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Кеме қатынасының тіркелімі егер кеме пайдалануда болмаса, кеме иесі Кеме қатынасы тіркеліміне жазбаша өтініш ұсынғанда сыныптамалық, кезекті және жыл сайынғы куәландыру күнін ұзартады.»;163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«163. Өртке қарсы конструктивтік қорғау элементтерін кезекті куәландыру кезінде олардағы отқа берік және от ұстаушы құрылымдар мен ойық қақпақтары оқшауларының техникалық жай-күйі тексеріледі. Қажетті жағдайларда жекелеген учаскелердің жамаулары мен оқшаулауын ашады.Шахталар, желдету арналары, түтін құбырлардың сақина кеңістігі, жарық люктерінің және басқа жүк оймаларының, машина және сорғы үй-жайларды және олардың жетектерінің есік жабуларының жарамдылығы тексеріледі.»;24-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;көрсетілген қағидаларына 34-қосымшада:64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«64. Сынаманы іріктеп алу зондты, бұрандалық бітеулері бар саңылауды газдардың шығу жүйесінен атмосфераға шығуына дейін кемінде 0,5 м және газдар сынамасы температурасы кемінде 373 К қамтамасыз ету үшін қозғалтқышқа жеткілікті жақын арақашықтықта орнатады. Зондты түтіктің шығару коллекторының жалғанған фланецтен бастап құбырдың тура учаскесінің 6 диаметр арақашықтығында орнату ұсынылады.Сынаманы іріктеп алу зондты орнату үшін бұрандалық бітеулері бар штуцерді құбырдың учаскесінде кеме командасының күшімен орнатады.»2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Н.Б. Есембаева) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Министр А. ЖҰМАҒАЛИЕВ.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің2012 жылғы 26 қарашадағы № 804 бұйрығына қосымша
Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидаларына 24-қосымша
Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттар тізбесі1. Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттары Кеме қатынасы тіркелімімен сыныптамалық қызметін жүзеге асыру кезінде құжаттарды беру мақсаты және көрсетілетін қызмет түріне байланысты кемеге сияқты, ұйымдарға және жеке тұлғаларға беріледі.2. Жасаудағы кемелерге сыныптамалық және алғашқы куәландыруды жүзеге асыратын Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері осы Тізбеге қосымшаның 1-5, 19, 22, 23-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ресімдейді.Пайдаланудағы кемені алғашқы куәландыру кезінде, сондай-ақ кеменің аты өзгергенде барлық құжаттармен жаңамен ауыстырылады. Кеме иесі өзгерген жағдайда, кеме иесі көрсетілетін барлық куәліктер жаңамен ауыстырылады.3. Кеме қатынасының тіркеліміне барлық басты объектілерге жасау, қайта жабдықтау және жетілдіру осы Тізбеге қосымшаның 19, 22, 23-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылады.4. Кемені жасағаннан кейін ресімделген құжаттар, поштамен Кеме қатынасы тіркеліміне жіберіледі, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне – кемемен бірге олардың алғаны туралы капитанның қолхатымен немесе поштамен жіберіледі.5. Осы Тізбеге қосымшада көрсетілген құжаттардың барлық санамалаған нысандары Кеме қатынасы тіркелімі директорының бұйрығымен бекітіледі.
Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарының тізбесіне қосымшаҚұжат нысаны Құжаттың атауы Құжаттар саны Ескертпекемеге Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне Кеме қатынасының тіркелімі үшін1 2 3 4 5 6Сыныптау куәлігі1.РС-3.1 Сыныптау куәлігі1 1 - Ішкі және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерге беріледі2.РС-2.7 Сыныптау куәлігі (тек кемені мемлекеттік тіркеу үшін ғана) 1 1 - Кемені мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға ұсыну үшін арналған3. РС-1.0 Жүзуге жарамдылық туралы куәлік1 1 - Ішкі және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерге беріледі4. РС-1.7 Жолаушылар куәлігі1 1 - Жолаушылар кемесіне, сондай-ақ тасымалдау шарттары бойынша адамдарды тасымалдау үшін қолданылатын жүріп тұратын кемелерге беріледі5. РС-2.0 Мұнай, пайдаланылған су және қоқыспен ластануды болдырмау туралы куәлік 1 1 - Ішкі суда жүзетін барлық кемелерге беріледі
6. РС-2.4 Мұнай, пайдаланылған су және қоқыспен ластануды болдырмау туралы куәлік 1 1 - Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерге беріледі7. РС-2.1 Бір жолғы жүзіп өтуге берілетін куәлік1 1 - Ішкі су жолдарында және теңіз аудандарында жүзіп өту кезінде рұқсатты ресімдеу кезінде халықаралық рейстерді орындамайтын кемелерге беріледі8. РС-1.9 «М-ПР», «О-ПР» сыныпты кемелердің жүк маркасы туралы куәлік 1 1 - Халықаралық рейстерде жүзбейтін «М-ПР», «О-ПР» сыныпты кемелерге беріледі9. РС-1.8 Өлшеу куәлігі 1 1 - Кеме иесінің өтінімі бойынша халықаралық рейстерді орындамайтын «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерге беріледі10. РС-2.2 Жабдыққа және жабдықтауға берілетін куәлік 1 1 - «Өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерге беріледі11. РС-2.3 Радиожабдыққа берілетін куәлік1 1 - Халықаралық рейстерді орындамайтын «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемеге беріледі12. РС-2.6 Дәнекерлеушіге рұқсат беретін куәлік1 1 - ІЖКҚ 5-бөлімінде регламенттелген конструкцияларды пісіру үшін дәнекерлеушіге (операторға) рұқсат бергенде беріледі13. РС-2.5 Кемелерден атмосфераны ластануды болдырмау туралы куәлік 1 1 - Ішкі және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерге беріледі14. РС-2.8 Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін кеменің жарамды болуы туралы куәлік 1 1 - Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін жарамды деп танылған ішкі және аралас суларда жүзетін кемелерге беріледі15. РС-5.0 Техникалық құралдардың/ жабдықтардың қағидаларына сәйкес келуі туралы куәлік1 1 - Жаңа кемені жасау кезінде қолданылуы ұйғарылған пайдаланылған кемелердің механизмдеріне, электр және басқа жабдықтарына ресімделеді16. РС-1.1 Кемені куәландыру актісі1 1 - Егер куәландыру нәтижесін толықтай жазу қажет болса, кемені немесе оның элементтерінің кез келген куәландыру нәтижесі бойынша ресімделеді17. РС-1.2 Кемені жыл сайынғы куәландыру актісі1 1 - Алдыңғы куәландырумен салыстырғанда кеме элементтерінің техникалық жай-күйі өзгермеген жағдайда ресімделеді18. РС-1.3 Кемені кезекті куәландыру актісі1 1 - Кемені кезекті куәландыру нәтижесі бойынша ресімделеді19. РС-1.4 Корпусты кезекті куәландыру актісі1 1 - Кеме корпусын кезекті куәландырудан кейін ресімделеді20. РС-1.5 Кемені сыныптамалық куәландыру актісі1 1 - Кемені және оның элементтерін куәландыру нәтижесі бойынша ресімделеді21. РС-3.3 Қысымдағы ыдыстарды гидравликалық сынаудың ішкі куәландыру актісі 1 1 - Ыдыстарды куәландыру кезінде ресімделеді
22. РС-1.6 Жүк көтеру құрылғысын куәландыру актісі1 1 - Жүк көтеру құрылғысын куәландыру кезінде ресімделеді23. РС-4.0 Ұйымды куәландыру актісі1 1 кейін Тану туралы куәлігін кейіннен ресімдеу үшін ресімделеді
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8254 болып енгізілді.