• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2013

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы № 55

379 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы № 55

Жұма, 26 сәуір 2013 0:55

2013 жылғы 15 наурыз Астана қаласы

«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 194 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8238 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 22 (27961) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесiнде:8-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:«10-1) мұрағат ісі бағытындағы жұмысқа сәйкес келетін білім беру саласындағы педагогикалық мамандықтар бойынша жұмыс уақыты;».2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Заң департаментi осы бұйрықтың:1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және ресми жариялануын;2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр        М.ҚҰЛ-МҰХАММЕД.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 1 сәуірде Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8401 болып енгізілді.