• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 427

283 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 427

Сәрсенбі, 15 мамыр 2013 0:54

2013 жылғы 30 сәуір  Астана, Үкімет Үйі

Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаның пайдасына ақы алу қағидаларын бекіту туралы

«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіқаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды түлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаның пайдасына ақы алу қағидалары бекітілсін.

Сәрсенбі, 15 мамыр 2013 0:54

2013 жылғы 30 сәуір  Астана, Үкімет Үйі

Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаның пайдасына ақы алу қағидаларын бекіту туралы

«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіқаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды түлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаның пайдасына ақы алу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                С.АХМЕТОВ.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 427 қаулысымен бекітілген

Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдарыбойынша жүргені үшін концессионердің немесе автомобиль жолдарынбасқару жөніндегі занды тұлғаның пайдасына ақы алу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаның пайдасына ақы алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес әзірленді және ақылы жүруді ұйымдастыру үшін ақы концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары (бұдан әрі – ақылы автомобиль жолдары) бойынша жүргені үшін ақы алу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлға (бұдан әрі – заңды тұлға) – Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі және қызметінің мәні жол қызметін жүзеге асыру болып табылатын акционерлік қоғам;

2) ақылы жүруді ұйымдастыру – қазіргі заманғы ақы төлеу тәсілдерін, автокөлік құралдарының габариті мен салмағын айқындайтын техникалық құралдарды пайдалану арқылы ақылы автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін заңды тұлғаның және/немесе концессионердің ақы алу процесі;

3) ақы алу пункті – ақылы автомобиль жолдарында орналасқан, автокөлік құралдарын бақылау мен бірдейлендіруге мүмкіндік беретін техникалық құралдармен жабдықталған және онда автомобиль жолдарын пайдаланушылар жүргені үшін ақы төлеуді жүзеге асыратын өткізу пункті;

4) Р0S-терминал – жүргені үшін ақы төлеу ретінде автоматты режимде қолма-қол ақша қабылдауды немесе төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдерді қабылдауды жүзеге асыратын электронды-механикалық қүрылғы;

5) аралық шеп – автокөлік құралдарын, оның ішінде ақы алу пункттерін айналып өтіп ақылы автомобиль жолына шыққан автокөлік кұралдарын бірдейлендіруге және есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, ақылы автомобиль жолдарының бойында орналасқан техникалық құралдар;

6) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдар – техникалық құрылғы, оны пайдалану кезінде автокөлік құралдары ақы алу пунктері арқылы жүріп өткен кезде ақылы автомобиль жолы бойынша жүргені үшін ақы автоматты түрде жүзеге асырылады;

7) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Ақылы автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін ақы алу тәртібі

3. Автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыруды ақылы автомобиль жолдарына өту мен шығу жолдарында орналасқан ақы алу пунктерінде заңды тұлға және/немесе концессионер жүзеге асырады.

4. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардан жүргені үшін ақы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ақылы автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін ақы ставкасына сәйкес алынады.

5. Ақылы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін ақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.

6. Заңды тұлға және/немесе концессионер ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушылар үшін жүргені үшін ақы төлеудің мынадай тәсілдерін қамтамасыз етеді:

1) ақы төлеу жүргізгенін растайтын құжат пен артық ақшаны қайтарып беру арқылы Р0S-терминалға қолма-қол ақшамен;

2) Р0S-терминал арқылы төлем карточкасынан қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы;

3) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен алдын ала ақы төлеу.

7. Заңды тұлға және/немесе концессионер ақылы автомобиль жолына өтер алдында ақылы автомобиль жолының басталғаны туралы ақпараттық табло орнатады. Ақпараттық таблода сондай-ақ мынадай ақпарат орналастырылады:

1) ақылы автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін ақы ставкалары;

2) учаскенің ұзындығы;

3) жүргені үшін ақы төлеудің мүмкін тәсілдері;

4) ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылған автомобиль жолдарын пайдаланушылардың тізбесі;

5) басқа да пайдалы ақпарат.

8. Заңды тұлғаның және/немесе концессионердің ақы алу пунктерінде өз өкілдері бар, олар ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өту мен ақы төлеу тәртібіне қатысты пайдаланушыларға туындаған сұрақтар бойынша түсініктеме береді.

9. Ақылы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін үйымдастыруды заңды тұлға және/немесе концессионер ақы алу пунктінде жол кептелістері қалыптаспайтындай қамтамасыз етеді.

10. Ақылы автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен ақы төлеу үшін ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушылар жүрместен бұрын алдын ала қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралды ол сатылатын жерлерде (жанар-жағармай құю станциялары, бөлшек сауда дүкендерінде және т.с.с) немесе ақы алу пункттері аумағында сатып алады және оны осы құралдарға қоса берілген нұсқамаға сәйкес пайдаланады.

11. Егер ақы алу пункті арқылы жүріп өткен кезде автомобиль жолын пайдаланушының ақылы автомобиль жолы бойынша жүргені үшін ақы төлеуді жүзеге асыру мүмкіндігі болмаса, ақы төлеу үшін шотты заңды тұлға және/немесе концессионер автокөлік құралының иесіне автокөлік құралының тіркелген мекенжайы бойынша жібереді.

Ақы алудың осы тәртібі Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген автокөлік кұралдарының иелеріне қатысты ғана қолданылады.

12. Ақы алу пункті және/немесе аралық шеп арқылы жүріп өткен кезде заңды тұлға және/немесе концессионер сәйкестендіруші техникалық жабдық арқылы автокөлік құралдары туралы деректерді жинауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Мұндай деректер автокөлік құралының тіркеу нөмірлік белгісін, жүріп өту күні мен уақытын бекітетін автокөлік құралдарының бейнесуреті болып табылады.

13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген деректер тиісті пайдаланушылардың ақылы автомобиль жолдарын нақты пайдаланғанын растау болып табылады.

Бұдан басқа осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген деректер құпия ақпарат болып табылады және заңды тұлғалар және/немесе концессионер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оған үшінші тұлғалардың қолжетімділігін шектейді. Деректер заңды тұлғаның және/немесе концессионердің серверлік жабдығында жинақталады және бір жыл бойы сақталады.

14. Егер автокөлік кұралы ақы алу пунктін айналып өтіп ақылы автомобиль жолына өткен болса, мұндай көлік құралы туралы деректер аралық шептерде белгіленіп, ақы мөлшерін айқындау үшін және автокөлік құралының кейіннен ақылы автомобиль жолы арқылы шығуы кезінде ақы алу үшін ақы алу пунктінің жабдығына жіберіледі.

15. Автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп ақылы автомобиль жолынан шығып кеткен жағдайда жүргені үшін ақы осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен автокөлік құралының иесінен алынады.

16. Ақылы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралы басқа автокөлік құралын сүйреп жүріп өткен жағдайда ақы көлік кұралдарының екі бірлігінен де алынады.

17. Ақылы автомобиль жолдарын, оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:

1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:

жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;

өртке қарсы қызметтің;

авариялық-құтқару қызметтерінің;

жол-патруль қызметінің арнаулы автокөлік құралдары босатылады;

2) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүру болмаған кезде:

қала маңындағы бағыттарда және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды

(селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қаламен қосатын бағыттарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;

ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

жүк автокөлік кұралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;

ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдерді бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.