Сенбі, 18 мамыр 2013 0:54
2012 жылғы 24 желтоқсан Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Сенбі, 18 мамыр 2013 0:54
2012 жылғы 24 желтоқсан Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 31 мамырда № 226-227 (26625) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шарттың жалпы талаптары:
1) шарт жасасқан күн;
2) банктік заемның (бұдан әрі – заем) мақсаты, бір айдан аспайтын мерзімге берілген заемды, кредиттік желі аясында төлем карточкалары бойынша берілген шарттарды, овердрафт кредитін, сондай-ақ оның аясында займ алу үшін займ беру туралы шарт (шарттар) жасасу қажет болатын кредиттік желіні ашу туралы келісімді қоспағанда, бизнес-жоспарға немесе заемның техника-экономикалық негiздемесiне және (немесе) заемшының өтінішіне сәйкес келеді;
3) заемның жалпы сомасы және валютасы;
4) заемның мерзімі;
5) сыйақы ставкасының түрі (тіркелген немесе құбылмалы), сыйақы ставкасының мөлшері жылдық пайызбен, шартты жасау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 нөмірімен тіркелген) 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына сәйкес сенімді жылдық тиімді салыстырмалы есептеудегі сыйақы ставкасының мөлшері;
6) шартта құбылмалы сыйақы ставкасы көзделген болса, құбылмалы сыйақы ставкасын есептеу тәртібі;
7) ислам банкінің коммерциялық кредитті беруі кезіндегі үстеме бағасының түрі (тіркелген немесе тауарды сатып алу бағасының пайыздық мәнімен);
8) өтеу тәсілі (қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз);
9) заемды өтеу әдісі: аннуитеттік (теңдей төлемдермен өтеу) немесе сараланған (негізгі борышты теңдей үлеспен өтеу арқылы) не банктің ішкі ережелеріне сәйкес басқа тәсілмен;
10) заем бойынша берешекті өтеу кезектілігі;
11) уақтылы өтелмеген және сыйақы төленбеген жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және оның мөлшері. Жеке тұлғаға заем беру кезінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) шекті мөлшері, сондай-ақ Банктер туралы заңда көзделген есептеу тәртібі көрсетіледі;
12) комиссиялардың толық тізбесі және олардың заем беруге байланысты алынуға жататын мөлшері;
13) заемды өтеудің және сыйақының тәртібі (касса арқылы, банктік шотқа қашықтатылған терминал арқылы және басқалар тараптардың келісімі бойынша), кезеңділігі;
14) қамтамасыз етусіз берілген заемды қоспағанда, қамтамасыз ету (түрі: кепіл, тұрақсыздық айыбы, кепілдік, кепілдеме, ұстап қалу және өзге түрлері);
15) заемшының шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше тәсілмен орындамаған жағдайда банк қабылдайтын шаралар;
16) шарттың қолданылу мерзімі;
17) заемшы – заңды тұлғаның банкке ұсынатын есебінің түрлері мен мерзімдері;
18) заемшының (тең заемшының) ол туралы мәліметтерді кредиттік бюроға беруге және кредиттік бюроның ол туралы банкке кредиттік есеп беруге келісімінің, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпараттың болуын көрсету;
19) банктің пошталық мекен-жайы мен электрондық адресі туралы ақпарат, сондай-ақ оның ресми интернет–ресурсы туралы деректер.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Жеке тұлғамен жасалған ипотекалық заем шартында жасалған заем шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу үшін заемшының банк омбудсманына Банктер туралы заңға сәйкес жазбаша өтініш беру құқығы болады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Банкке қойылған шектеулерде тыйым салуды көздейтін мынадай талаптар бар:
1) заемға қызмет көрсету бойынша заемшы – жеке тұлғамен шарт жасасу күніне бекітілген тарифтерді, комиссиялық сыйақылар мен басқа да шығыстардың мөлшерін және есептеу тәртібін бір жақты тәртіпте өсіру жағына өзгертуге;
2) жасалған шарт шеңберінде комиссияның жаңа түрлерін бір жақты тәртіппен енгізуге;
3) заем беру туралы талаптарымен сақтандыру шартын жасасу туралы және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын анықтау мақсатында бағалау жүргізуге талаптар көзделген болса заемшыны, кепіл берушіні сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдау кезінде шектеуге, сондай-ақ заемшыға өзінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру міндетін жүктеуге;
4) мына жағдайларды қоспағанда, жасалған шарт шеңберінде бір жақты тәртіппен жаңа заемдарды беруді тоқта тұруға:
банктің шартта көзделген жаңа заемдар беруді жүзеге асырмау құқығы туындаған кезде;
заемшы шарт бойынша банк алдындағы өз міндеттемелерін бұзған кезде;
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3925 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде – 4602 нөмірімен тіркелген) сәйкес банк жүргізген мониторингтің нәтижесі бойынша анықталған заемшының қаржылық жағдайы нашарлаған кезде;
Банктің шартты орындауына ықпал ететін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын өзгергенде;
5) мына жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалармен шарт жасасу күніне бекітілген сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен өсіру жағына өзгертуге:
шартпен көзделген жағдайларда, заемшының заем алу және заемға қызмет көрсетумен байланысты дәйекті ақпараттарды ұсыну бойынша өз міндеттемелерін бұзуы;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген жағдайларда, сондай-ақ шартта көзделген мына жағдайларда банктің міндеттемелерді мезгілінен бұрын орындауды талап етуге құқының пайда болуы:
банкке алдын ала жазбаша ескертусіз, жиынтығында акционерлік қоғам (шаруашылық серіктестік) акцияларының он және одан көп пайызын (қатысу үлесі) иеленетін заемшының қатысушылары (акционерлері) құрамының өзгеруі;
заемшымен және (немесе) кепіл берушімен кепілге қойылған мүліктің мөлшерін, жай-күйін және оны сақтау шарттарының орындалуын құжат бойынша және нақты тексеруге, сондай-ақ үшінші тұлғалардың заемшы (кепіл берушінің) мүлкіне, оның ішінде банкке кепілге қойылған мүлікке талаптар қоюы кепіл ұстаушы болып табылатын банктің құқын бұзуы;
6) заем алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі борышты мезгілінен бұрын ішінара өтелген немесе мезгілінен бұрын толық өтелген жағдайларды қоспағанда, заемды мезгілінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының басқа түрлерін өндіріп алуға;
7) егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түскен болса және заемшы сыйақыны немесе негізгі борышты төлеуді одан кейінгі жұмыс күні жүргізген жағдайда тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге түрлерін өндіріп алуға».
9 – 10 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Шартпен бірге тараптардың қолдары қойылған займды өтеу кестесі беріледі, онда шарттың нөмірі мен жасалған күні, заем сомасы мен валютасы, өтеу күндері және негізгі борышты, сыйақыны өтеу сомалары және олардың жиынтық мәні көрсетілген кезекті төлемдердің мөлшерлері, келесі өтеу күніндегі негізгі борыштың қалдықтары, сондай-ақ төленуі тиіс негізгі борыш пен сыйақының жалпы жиынтық сомалары және олардың жиынтық мәні, заемды өтеу кестесі жасалған күн көрсетіледі.
Сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі шарт бойынша заемды өтеу кестесі оның берілу күніне жасалады және одан кейін кезекті төлемдердің мөлшерлері түзетіледі және шартта белгіленген тәртіпте заемшыға (тең заемшыға) мәлімет үшін жеткізіледі.
Егер заемшы (тең заемшы) жеке тұлға болып табылса, заемды беру күніне жасалған заемды өтеу кестесінде сондай-ақ заемшының (тең заемшының) таңдаған әдісі туралы белгісі бар банк ұсынған өтеу әдістерінің тізбесі болады.
Заемның заемды өтеу кестесін өзгертуге алып келетін талаптары өзгерген кезде, заемды өтеудің жаңа талаптар ескерілген жаңа кестесі жасалады.
Заемның кезекті бөлігін беру заемшының өтініші және заемды өтеудің қол қойылған кестесі негізінде жүзеге асырылатын кредиттік желі ұсынылған кезде, заемды өтеу кестесінде осы қаулының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мәліметтер болады.
8-тармақтың және осы тармақтың талаптары бір айдан аспайтын мерзімге займ беру туралы шартқа, кредиттік желі аясында төлем карточкасы бойынша берілген шартқа, овердрафт кредитіне, сондай-ақ оның аясында заем алу үшін заем беру туралы шарт (шарттар) жасасу қажет болатын кредиттік желіні ашу туралы келісімге қолданылмайды.
10. Шарт банк және заемшы арасында жазбаша нысанда қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берумен, мемлекеттік тілде және орыс тілінде жасалады, ал шетелдік тұлғалармен шарт жасасқан жағдайда мемлекеттік және тараптарға қолайлы тілде жасалады.
Шарттың мәтіні А4 форматты парақтарда, «Тimеs New Rоmаn» шрифтінің мөлшері 12-ден кем емес, әдеттегі әріпаралық, бір жоларалық интервалмен және абзац шегінісін қолдана отырып басып шығарылады.
Жеке тұлғалар үшін осы қаулының 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген талаптар шарттың алғашқы екі бетінде (немесе шарт бір уақытта екі тілде ресімделетін болса парақты екі бағанға бөле отырып, алғашқы төрт бетте), 3-тармағының 12), 13), 14), 15), 16) тармақшалары және 2-тармағының 6) тармақшасы тікелей олардан кейін көрсетілген реттікпен көрсетіледі.
Заңды тұлғалар үшін осы қаулының 3-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген талаптар шарттың алғашқы екі бетінде (немесе шарт бір уақытта екі тілде ресімделетін болса парақты екі бағанға бөле отырып, алғашқы төрт бетте), 3-тармағының 2), 13), 14), 15), 16) тармақшалары және 2-тармағының 6) тармақшасы тікелей олардан кейін көрсетілген реттікпен көрсетіледі.
Шарт (оферт) жасау туралы жазбаша ұсыныс жіберу арқылы банктік заем шартын жасаған кезде оферттің алғашқы екі және кейінгі беттерінде осы қаулының 10-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген талаптар осы тармақта белгіленген реттікпен беріледі. Осы қаулының 10-тармағының екінші бөлігінің талаптары офертке қолданылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г.МАРЧЕНКО.
Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 28 қаңтарда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8308 болып енгізілді.