• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Шілде, 2013

Экспорт: орнымыз – отыздықта!

320 рет
көрсетілді

2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдегі жетекші экспорттаушы елдердің ішінде 30-шы орынға шықты. Бұл туралы Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) World Trade Report өзінің 2013 жылғы кезекті есебінде мәлімдеді. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы экспорт көлемі 92,3 миллиард долларды құрады.

 

2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдегі жетекші экспорттаушы елдердің ішінде 30-шы орынға шықты. Бұл туралы Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) World Trade Report өзінің 2013 жылғы кезекті есебінде мәлімдеді. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы экспорт көлемі 92,3 миллиард долларды құрады.

Мемлекет басшысының бас­тамасымен жаһандық дағдарыс жылдарында тиімді реформалар жасау арқылы өзгелермен салыстырғанда оқ бойы озық шыққан Қазақстан экономикасы дамудың жаңа баспалдақтарын бағындырды. Соңғы жылдары ерекше басымдық берілген еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИД) шеңберінде отандық тауар өндірушілердің өнімдерін шетелдерге шығару мақсатында жүргізілген кешенді шаралар өзінің тиімді нәтижелерін берді. Бұл бағдарлама іс жүзіне асырыла бастаған жылдар ішінде еліміздің экспорттық әлеуеті айтарлықтай өсті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің жалпы экспорт көлемі 92,3 миллиард АҚШ долларын құрап, үш жыл ішінде 54 пайызға артты.

Қазақстан тауарлары бүгінде әлемнің 120 мемлекетіне экспортталса, 111 мемлекетке қа­зақ­стандық дайын өнімдер жө­нел­тіледі. Қазіргі кезде әлемдік сауда деңгейіне қарағанда Қазақстан экспорты жоғары қарқынмен өсіп келеді. Яғни, 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстан экспортының орташа жылдық өсімі 7 пайыз болса, әлемдік экспорт деңгейі 6 пайызды құраған.

Елбасының экономикамызды шикізатқа тәуелділіктен арылту туралы белгілеген тапсырма­лары да ойдағыдай орындалуда. Бүгінде Қазақстан тек шикізат экспорттау­шы ғана ел емес. Мәселен, 2012 жылы қайта өңделген тауарларды экспорттау тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет биік межеге жетіп, 25,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Қайта өңделген тауарлар экспортының өсімі 2012 жылы 14 пайызды құраса, шикізат экспортының өсімі 2,4 пайыз болды. Экспортқа шығарылатын дайын тауар өнімдері 2010 жылы 2,3 миллиард АҚШ доллары көлемінде болса, 2011 жылы 3,2 миллиард доллар, 2012 жылы 4,2 миллиард АҚШ долларына жетті. Осы жылдар ішінде дайын тауар өнімдері экспорты 29 пайызға өсті.

Қайта өңделген қазақстандық өнімдерді импорттайтын шетел­дер­дің бірінші бестігіне Қытай (мыс, ферроқорытпа, мұнай өнім­дері), Ресей (уран, мыс, прокат), Швейцария (мұнай өнімдері, алтын, күміс) Түркия (мыс, мырыш, мұнай газы), Германия (ферроқорытпалар) мемлекеттері кіреді. Соңғы жылдары алюминий сымдарын экспорттау үш есе артты. 2012 жылы Украина және Өзбекстан мемлекеттеріне 9 миллион доллардың алюминий сымдары жөнелтілді. Трансформаторлар экспорттау екі есе артты. 2012 жылы Ре­сей, Өзбекстан, Украина және Түркіменстанға 30 миллион АҚШ доллары тұратын трансформатор­лар жөнелтілді. Пропилен по­лимерлерін экспорттау 57 пайызға артты. 2012 жылы Қытай, Ресей және Түркияға 58 миллион доллар тұратын пропилен полимерлері жөнелтілді. Макарон бұйымдары мен өсімдік майын экспорттау тиісінше, 56 және 47 пайызға өсіп, 2012 жылы Ресей, Түркіменстан, Қырғызстан, Грузия, Ауғанстан және Тәжікстан мемлекеттеріне жалпы құны 17,6 доллар болатын макарон бұйымдарын шығарса, осы мерзімде Өзбекстан, Қырғызстан және Үндістан елдеріне жалпы құны 40 миллион АҚШ доллары болатын өсімдік майы экспортталды.

БСҰ-ның 2013 жылғы есебінде атап көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуеті қарқынды өсу сатысына көтерілген. БСҰ есебінде рейтингтегі көшбасшылықты Еуропалық одаққа (2,166 триллион доллар) берген. Дегенмен, Еуропалық одақ жалпы экспорт көрсеткіші бойынша 2011 жылғы деңгейден аса алмаған. Рейтинг бойынша екінші орын алған Қытай (2,049 триллион) 2012 жылы экспорт көлемін бұрынғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға арттырған. Егер ҚХР осы қарқынын бәсеңдетпейтін болса, енді аз уақытта ол әлемдегі экспорттаушы көшбасшыға айналады. БСҰ рейтингі бойынша 2012 жылы экспорт көлемі 1,547 триллион долларды құраған АҚШ үшінші орынды иеленген. Аталмыш рейтингтегі алғашқы ондықтың құрамына Жапония (799 миллиард), Оңтүстік Корея (548 миллиард), Ресей (529 миллиард), Канада (455 миллиард) және басқалар кіреді. Осы кесте