• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Шілде, 2013

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ № 01-04-03/77НҚ, № 358

341 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

2013 жылғы 17 мамыр     № 01-04-03/77НҚ,                        Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

2013 жылғы 15 мамыр                       № 358                     Астана қаласы

 

«Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 385 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 192 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаң­­тардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағын, 15-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамыз:1. «Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 385 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 192 бірлескен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7089 нөмiрмен тiркелген, «Заң газеті» газетінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 114 (2104), 2011 жылғы 11 тамыздағы № 115 (2105) нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерінде:5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«1) автомобиль көлiгi саласында:жоғары дәрежелi тәуекелге:жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер;қауiптi жүктер тасымалын жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер;механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық байқау жүргiзуді жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер жатады;орташа дәрежелi тәуекелге:iрi габариттi және ауыр салмақты жүктер тасымалын жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер;автостанциялар, автовокзалдарға иелiк ететiн тексерiлетiн субъектiлер жатады;болмашы дәрежелi тәуекелге:өзге де жүктер тасымалын жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер жатады;»;8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:2) темір жол көлігі саласында: өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:поездар қозғалысына байланысты қызметкерлердi кезеңдік медициналық тексеруден өткiзудiң, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты локомотив бригадалары мен қызметкерлерiнiң денсаулығын рейс алдында бақылаудың болмауы;поездар қозғалысына байланысты қызметкерлердiң қозғалыс қауiпсiздiгi мәселелерiн регламент­тейтiн қолданыстағы нұсқаулықтар мен ережелердi және лауазымдық нұсқаулықтарды бiлу мәнiне кезеңдік тексеру жүргiзілмеуі;дефектоскопия мен диагностика жүйелерi құралдарын жарамды жағдайда ұстамау және тиiмдi пайдаланбау;«Қозғалыс қауiпсiздiгi күнi» тақырыбы бойынша апта сайынғы тексерулер өткiзілмеуі; анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде шаралар қабылдаумен қауiпсiздiктi бақылау құрылғы­лары мен аспаптарының жай-күйiн тексеру мен пайдалануды бекiтiлген график бойынша орындамау;жүргiзiлетiн жұмыс ерекшелiгiне сәйкес техникалық жарамды аспаптармен және техникалық құралдармен қамтамасыз етпеуi;темір жол көлігінің техникалық құралдарын пайдалану кезінде қозғалыс қауіпсіздігін сақтамау; жылжымалы құрамда жарамды бастапқы өрт сөндіру құралының болмауы;темір жолдар, темір жол станциялары, жолаушы платформалары, сондай-ақ поездар қозғалы­сына және маневр жұмыстарына байланысты темір жол көлiгiнiң басқа да объектiлерiнде сигналдық қоршауларының болмауы;жұмыс өндірісі орындарын сигнал белгілерімен қоршам