• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 284

238 рет
көрсетілді

2013 жылғы 27 наурыз Астана, Үкімет Үйі

Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы

2013 жылғы 27 наурыз Астана, Үкімет Үйі

Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі     С.АХМЕТОВ.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы №284 қаулысымен бекітілген

Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және республикалық бюджет (бұдан әрі - бюджет) қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша жыл сайынғы мемлекет сыйлықақыларының сомаларын айқындау, сондай-ақ бюджетке қайтаруға жататын білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақыларының сомаларын айқындау үшін қолданылады.

 

2. Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын айқындау

2. Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысы (бұдан әрі - мемлекет сыйлықақысы) жинақтаудың ең аз мерзімі бір жыл болған кезде, 1 қаңтардағы жағдай бойынша білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығының сомасына қарай (бұдан әрі - салым сомасы) мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

МС = СС/100хСМ

мұнда:

МС - мемлекет сыйлықақысы;

СС - салым сомасы;

СМ - мемлекет сыйлықақысы пайызының мөлшері (7 - Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес басым санатқа жатқызылған салымшылар үшін немесе 5 - қалған санаттағы салымшылар үшін).

3. Басым санатқа жатқызылған салымшының мәртебесі өзгерген жағдайда мемлекет сыйлықақысы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

МС = (СС / 100 х 7 / 12 х К) + (СС / 100 х 5 / 12 х (12 - К))

мұнда:

МС - мемлекет сыйлықақысы;

СС - салым сомасы;

К - салымшының басым санатқа жатқызылған кезеңі (айлар).

4. Мемлекет сыйлықақысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) жүз еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда АЕК-тің бір жүзге еселенген мөлшері есептеледі.

5. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).

 

3. Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысын айқындау

6. Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда:

1) оператор аталған жағдай туралы мәліметтер алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл жөнінде қатысушы банкке хабарлайды және салым бойынша төменде көрсетілген ақпаратты сұратады:

салым бойынша жарнаның жалпы сомасы;

салым бойынша банк сыйақысының жалпы сомасы;

білім беру қызметтерін төлеуге жіберілген жалпы сома;

салым бойынша нақты жинақталған қалдық;

2) қатысушы банк оператордан хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты ұсынады;

3) оператор ақпаратты алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қатысушы банкке бюджетке қайтаруға жататын және осы әді