• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №307

372 рет
көрсетілді

2013 жылғы 29 наурыз Астана, Үкімет Үйі

«Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына жэне су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 359-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:

4-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) және 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«15-1) тұшыту әдістері - судан еріген тұз бен басқа да қоспаларды алып тастаудың физикалық және химиялық әдістері;

15-2) теңіз сулары - егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы шегіндегі Каспий және Арал теңіздерінің сулары.

Аумақтық суларды (теңізді) есептеу Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын тиісті географиялық нүктелерді қосатын бастапқы түзу сызықтан, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тиесілі құрлықта да, аралдарда да судың ең көп қайтатын жиегінен жүзеге асырылады.

15-3) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;»;

72-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) теңіз суын шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін пайдаланған кезде су жинағыштар үшін тұшыту әдістерімен бірінші белдеудің шекарасы жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық және гидрологиялық жағдайларға байланысты, бірақ су жинау арнасына су қабылданатын жерден кемінде 100 метр акватория бойынша барлық бағыттарға белгіленеді.

Теңіз жағалауының нақты гидрофизикалық және топографиялық-гидрологиялық ерекшеліктері­не байланысты су жинау арнасының теңіз жаққа қарай ұзындығы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, СҚА негіздемесі жобасының негізінде, бірақ кемінде 300 метр болып белгіленеді.»;

74-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Теңіз суларын тұшыту әдістерін қолдану кезінде теңіздегі СҚА екінші белдеуінің шекарасы гидрофизикалық және топографиялық-гидрологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, су жинағыштан барлық жаққа қарай акватория бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны бере отырып, СҚА негіздемесі жобасының негізінде алып тасталады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С.АХМЕТОВ.