2013 жылғы 2 тамыз Астана, Үкімет үйі
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2011 жылғы 31 қаңтардағы №56 каулысына толықтыру енгізу туралы
2013 жылғы 2 тамыз Астана, Үкімет үйі
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2011 жылғы 31 қаңтардағы №56 каулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №56 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қызметінің мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу больш табылатын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы Қазақстан-Түркіменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартты, 2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы туралы шартты, 2002 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы шартты, 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартты, 2002 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманы және 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартты іске асыру мақсатында сатып алатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:
Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекара сызығын делимитациялау және демаркациялау (редемаркациялау) жүргізу үшін қажетті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
С.АХМЕТОВ.