2013 жыл 1 шілде Астана қаласы
«Темір жол көлігімен тасымалданған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-I бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
2013 жыл 1 шілде Астана қаласы
«Темір жол көлігімен тасымалданған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-I бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
2001 жылғы 8 желтоқсаннаң «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Темір жол көлігімен тасымалданған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-I бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3931 нөмірімен тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 239 (973) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесінде:
32 – жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
32.
Минералдық отын, мұнай және олардан айырып алынатын өнімдер; битуминозды заттар; минералды балауыздар
27012000 тен 27090000 дейін
27110000 тен 27490000 дейін
Барлық атауы
».
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оны МОИП орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р. В. Склярға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
МинистрА. ЖҰМАҒАЛИЕВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 25 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8577 болып енгізілді.