• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Тамыз, 2013

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ №15-07/124 , № 01-04-03/39НҚ

408 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2013 жылғы 20 наурыз                       №15-07/124                         Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

2013 жылғы 9 сәуір                  № 01-04-03/39НҚ                Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

«Астық нарығын реттеу және мақтаның қауiпсiздiгi мен сапасы бойынша жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 19 мамырдағы №18-03/276 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 маусымдағы №169, «Астық нарығын реттеу және мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 19 мамырдағы №18-03/277 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 маусымдағы №170 бірлескен бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз:1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының кейбір бірлескен бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:1) «Астық нарығын реттеу және мақтаның қауiпсiздiгi мен сапасы бойынша жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 19 мамырдағы №18-03/276 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 маусымдағы №169 бірлескен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7067 тіркелген, 2011 жылғы 23 шiлдедегi №309-316 (26710) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған): Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiнде:2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бақылау субьектілерін тәуекел топтарына бөлу бастапқы бөлу кезінде объективті өлшемдер және кейінгі бөлу кезінде субъективті өлшемдер негізінде жүзеге асырылады. Бастапқы бөлу кезінде бақылау субъектілері 2 тәуекел дәрежесі топтарына бөлінеді: 1) жоғары тәуекел дәрежесіне астық қабылдау кәсіпорындары жатады; 2) төмен тәуекел дәрежесіне астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар жатады.»; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:«5. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салынады.»;Астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау өлшемдерiне қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мақтаның қауiпсiздiгi мен сапасы бойынша жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiнде:2-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсететін мақта өңдеу ұйымдары;»; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:«5. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салынады.»;Мақтаның қауiпсiздiгi мен сапасы бойынша жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiне қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;2) «Астық нарығын реттеу және мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 19 мамырдағы № 18-03/277 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 маусымдағы № 170 бірлескен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7068 тіркелген, 2011 жылғы 23 шілдедегі № 309-316 (26710) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған): көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жіберуді;3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республика­сының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығы министрі            А.МАМЫТБЕКОВ.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің біріншіорынбасары –Қазақстан РеспубликасыныңӨңірлік даму министрі            Б.САҒЫНТАЕВ. 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы №15-07/124  және Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының  Өңірлік даму министрінің2013 жылғы 9 сәуірдегі №01-04-03/39 НҚ   бірлескен бұйрығына 1-қосымша

Астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiне  қосымша

Тәуекелдер дәрежесін бағалау өл­шемдері№    Өлшемдер атауы    Өл­шемдердің талаптарға сәйкес келмеуі балдармен бағаланадыАстық қабылдау кәсіпорындары1    Белгіленген нысан бойынша автомобильдер және темір жолдар таразысында жүктерді өлшеудi тiркеу журналын толтыру*    52    Тауарлық-көліктік жүкқұжаттарының болуы    53    Орташа тәулiктiк сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып, белгіленген нысан бойынша автомобиль көлігімен қабылданған астыққа жүкқұжаттар тiзiлiмiн жасау*    10

4    Белгіленген нысан бойынша астықтың зертханалық талдау нәтижелерiн тiркеу журналын толтыру*    55    Белгіленген нысан бойынша астықты тазалау, кептiру актiлерін жасау*    56    Астықтың сандық-сапалық есебінің кітабын жүргізуге қойылатын талаптарды сақтау    207    Астықтың сандық-сапалық есебiнің нысандарын, журналдарын және кітаптарын сақтаудың белгіленген мерзімдерін сақтау*    58    Астықты тиеп жөнелтуге алынған бұйрықтардың есебі журналын толтыру    59    Белгіленген нысан бойынша астық қолхаттарының тізілімін жасау**    2010    Астық қолхаттарын беруге және ресімдеуге, сондай-ақ астық қолхаттарының тізілімін жүргізуге жауапты тұлғаларды анықтайтын ішкі құжаттың болуы    511    Таза және бүлінген, сондай-ақ өтелген астық қолхаттары бланкілерін сақтауға жауапты тұлғаларды анықтайтын ішкі құжаттың болуы    512    Астық қолхаттарының таза бланкілерін тікелей астық қабылдау кәсіпорнында сақтау    513    Астық қолхаттарының бүлінген бланкілерін астық қабылдау кәсіпорнында бес жыл сақтау    514    Өтелген астық қолхаттарын астық қабылдау кәсіпорнында бес жыл сақтау    515    Астықты сақтау кезінде біртекті партиядан алынған орташа сынама бойынша айына бір рет толық техникалық талдау жүргізілгенін растайтын құжаттың болуы     316    Астықты сақтаудың қысқы жағдайына ауыстыру бойынша іс-шараларды уақытында жүргізу    1017    Астық қоймалары алаңының (астық қабылдау пунктінің) 10 %-ы көлемінде бос қойма сыйымдылығының, элеваторларда – сүрлем үстіндегі транспортердің әрқайсысына ең кемінде бір бос сүрлемнің болуы    518    Астық қоймаларының және оның барлық технологиялық желілерінің жарамды күйі     519    Астықты зиянк