• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Наурыз, 2020

Бүгіннен бастап ереже бұзғандарға айыппұл салынады – Ерлан Тұрғымбаев

723 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзғандарға айыппұл салынатынын айтты.

«Төтенше жағдай кезінде Ішкі істер органдары қауіпсіздік шараларын атқарып жатыр. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында  карантиндік режим күшейтілді. Мекемелер жұмысы тоқтады, үйден шығуға шектеу қойылды. Адам көп жиналатын орындар жабылды. Көшеде 3 адамнан артық жиналуға, сондай-ақ  жасөспірімдерге жалғыз шығуға болмайды. Көліктер қозғалысы шектелді», деді Ерлан Тұрғымбаев.

Сондай-ақ министр  бүгіннен бастап ереже бұзғандарға  айыппұл салынатынын мәлімдеді.

«Тәртіп бұзғандармен 3 күн бойы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгіннен бастап ереже бұзғандарға  айыппұл салынады. Ал қарсылық танытқандар 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады», деді ол.