• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің бұйрығы № 291

260 рет
көрсетілді

2013 жылғы 13 маусым, Астана қаласы

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 972 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес бұйырамын:1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 972 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде №8266 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 ақпандағы № 74 (28013) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:Атауы мынадай редакцияда жазылсын:«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының күдіктілері мен айыпталушыларға арналған гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидалары»;2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Респуб­ликасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.»;3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.»; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы:1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұйрықты ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жолдасын;3) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Респуб­ликасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын. 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Ә.    Жақсыбеков.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 13 маусымдағы № 291 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 972 бұйрығымен бекітілген

Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидалары

1. Жалпы ережелер1. Осы Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының iшкi тәртiп қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 15-бабына сәйкес әзірленді, күдіктілер мен айыпталушыларды (бұдан әрі – қамауға алынғандар әскери қызметшілер) гауптвахтада ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының гауптвахталарындағы (бұдан әрі – гауптвахталар) iшкi тәртiпті айқындайды.

2. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді қабылдау және камералар бойынша орналастыру 2. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшілерді қабылдауды гауптвахта бастығы немесе гауптвахта қарауылының (кезекші ауысым) бастығы тәулік бойы жүргізеді, ол гауптвахтаға жеткізілген адамды қабылдау үшін негіздеме болатын құжаттардың бар болуын тексереді, көрсетілген адамнан жауап алады және медициналық тексеруді жүргізетін медицина қызметкерінің қатысуымен оның жауаптарын жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексереді. 3. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер мынадай құжаттармен жіберіледі: ұстау хаттамасы, судья санкция берген тергеушінің, анықтаушының қаулысы не қамауға алу түріндегі жолын кесу шарасын таңдау туралы соттың қаулысы, үкім көшірмесі, оны орындау туралы өкім және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысының көшірмесі .4. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке басын куәландыратын құжаттар жеке ісінде сақталады, сұрау салу бойынша кейіннен қайтарып берумен қылмыстық іс жүргізу процесін жүргізетін органның өкіліне қолын қойғызып беріледі.5. Әскери қызметшілерді қабылдау кезінде қажетті құжаттардың болуын және олардың дұрыс ресімделгенін тексеріледі.6. Гауптвахтаға қамауға алу түріндегі жолын кесу шарасын таңдау туралы судья не сот қаулысынан үзінді ұсынылған жағдайларда онда осы жолын кесу шарасы қолданылғанға қатысты адамның толық сауалнама деректері көрсетілуге тиіс. Үзіндіні лауазымды адамның қолтаңбасымен расталған, елтаңбалы мөрмен бекітілген болуға және күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей қаулының көшірмесімен ауыстырылуға тиіс.7. Медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша гауптвахтаға  қамауға алынған әскери қызметшілер шұғыл стационарлық емделуге мұқтаж болса гауптвахтаға қабылданбайды.Медициналық көрсеткіштер бойынша оларға медициналық көмек көрсетiледi.8. Медициналық тексеруден өткізілгеннен және оның нәтижелерін алғаннан кейiн гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер төсек жабдықтарын алады. 9. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге құқықтары мен мiндеттерi, қамауда ұстау режимi, тәртiптiк талаптар, ұсыныстарды, өтiнiштер мен шағымдарды беру тәртiбi туралы ақпарат беріледі. Көрсетiлген ақпарат жазбаша, сондай-ақ ауызша беріледі. 10. Әрбiр гауптвахта стенділерінде гауптвахтада ұсталатын адамдардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерi туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған ақпарат iлiнедi.11. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер мынадай талаптарды сақтай отырып, гау­птвахтада ұсталған (сотталған адамдар, әкімшілік жолымен қамалған) басқа қамалғандардан бөлек және жеке камераларға орналастырылады:1) офицерлер сержанттар мен старшиналар құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерден бөлек; 2) мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері 1) тармақшада көрсетілген әскери қызметшілер санатынан бөлек; 3) әскери қызметші әйелдерерлерден бөлек; 4) бір қылмыстық іс бойынша немесе өзара байланысты бірнеше іс бойынша әскери қызметшілер; 5) гауптвахта бастығының шешімі бойынша не іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның жазбаша шешімі бойынша басқа күдіктілер мен айыпталушылар тарапынан өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін күдіктілер мен айыпталушылар; 6) инфекциялық сырқаттармен науқастанған немесе ерекше медициналық күтімді және қадағалауды қажет ететін әскери қызметшілер. Камералар бойынша орналастыруды камераларға орналастыру жоспарына сәйкес Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес гауптвахта бастығы немесе қарауыл (кезекші ауысым) бастығы жүргізеді. 12. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ортақ камералар сипаттамасында көрсетілген құлыппен жабылатын ортақ камераларда ұсталады. Гауптвахтада ұсталатын адамдарды жеке камераларға орналастыруға гауптвахта бастығының дәлелді шешімі бойынша:1) Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудiң өзге де мүмкiндiгi болмаған кезде;2) өмiрі мен денсаулық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде;3) гауптвахтада ұсталатын адамдардың жеке ұстау туралы жазбаша өтiнiші болған кезде; 4) басқа қамауға алынғандарға және сотталғандарға, гауптвахта қарауылының (кезекші ауысымның) жеке құрамына тіл тигізген; 5) гауптвахта қарауылының (кезекші ауысымның) немесе әскери полицияның басқа да лауазымды адамдарының заңды талаптарына бағынбаған; 6) гауптвахтада ұсталатын күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау тәртібі мен қағидалары бұзылған; 7) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттарды сақтаған, жасаған және пайдаланған; 8) құмарлық ойындарына қатысқан жағдайларда жол беріледі.13. Жеке камераға күнтізбелік бiр күннен артық мерзімге қамауға алуға Заңның 31-бабының тәртiбiнде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша прокурор санкция берген гауптвахта бастығының дәлелді қаулысы негізінде жол беріледі.Мынадай жағдайларда жеке камераларға орналастыруға прокурордың санкциясы талап етілмейді: 1) осы Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудің өзге де мүмкіндігі болмаған кезде; 2) күдіктінің немесе айыпталушының не басқа да күдіктілердің немесе айыпталушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде; 3) күдіктінің немесе айыпталушының жеке ұстау туралы жазбаша өтініші болған кезде; 4) егер күдіктілер мен айыпталушылар күндіз ортақ камерада ұсталса, оларды жеке камераларға орналастырған кезде.14. Оқшаулау тәртібі гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің барлық жүріп-тұруында (гауптвахта дәліздері мен аумағында жүрі-тұруында, серуендеуінде, санитарлық өңдеуде, еңбек объектілерінде) қамтамасыз етілуге тиіс.15. Оқшаулауды қамтамасыз ету үшін камералардың терезелері камераға табиғи жарық түсуіне кедергі келтірілмейтін торлармен жабдықталады.

3. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге жеке тiнту жүргізу, дактилоскопия жасау, оларды суретке түсiру және заттарын тексеру 16. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге жеке тiнту жүргiзiлуге, дактилоскопия жасалуға және суретке түсiрiлуге, ал олардың жеке заттары тексерілуге тиіс.17. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тiнту және олардың заттарын тексеру сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттар мен азық-түлiк өнімін не осы әскери қызметшіге тиесiлi емес заттарды анықтау және алу мақсатында жүргiзiледi. 18. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарға адам өмiрiне және денсаулығына қауiп төндiретiн немесе қылмыс жасау құралы ретiнде не қамауда ұстау мақсаттарына қарсыласу үшін пайдаланылуы мүмкін құралдар, заттар мен азық-түлік өнімі жатады. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер өздерімен бірге алып жүре алатын, сақтай алатын, сәлемдемелер арқылы ала алатын азық-түлік өнімі, бірінші кезекте қажет заттар, аяқ киiм, киiм мен басқа да өнеркәсіптік тауарлар тізбесіне (бұдан әрi – Азық-түлік өнімдерінің тiзбесі) сәйкес азық-түлік өнімін сәлемдемелер арқылы алуға рұқсат етіледі.19. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер қабылдау және одан тыс жерге жөнелту алдында, жеке камераға қамауға алынған кезде жеке тiнтуге жатады. 20. Жеке тiнту әскери қызметшіні, оның киiмi және аяқ киiмiн мұқият тексерумен сүйемелде­неді. Пластырь жапсырмалары, гипс және басқа да танулар медицина қызметкерiмен бiрге тексерiледi. Киiмге жасырын тiгiлген заттар анықталған кезде матасы сөгiледi. Аяқ киiмнен өкшелер, металл тағалар алынады.21. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тiнтуді гауптвахта қызметкерлерi жүргiзедi. Жеке тексеруді тек тексерушімен бірге жынысы бір екі куәгердің қатысуымен жынысы бір адам жүргізеді. Гауптвахтаға қаумауға алынған әскери қызмешілерге дактилоскопия жасайды.22. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшілерді, олардың жеке iсiнде тану фотосуреттері болмаған кезде гауптвахта әкімшілігі суретке түсіредi. Олардың әрқайсысына көлемi 4,5х6, 6х9 сантиметр алты фотосурет (үшеуi алдынан және үшеуi қырынан) жасалады.23. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің заттарын тексеру гауптвахтаға келіп түскен кезде, одан тыс жерге жөнелтер алдында, басқа камераға, әскери-медициналық мекемеге ауыстыру кезінде олардың қатысуымен жүргiзiледi.Олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын заттарды тексеру екі куәгердің қатысуымен меншігінде бұл заттар бар адамның қатысуымен жүргізіледі. 24. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге жеке тiнту немесе олардың заттарын тексеру хаттамамен ресiмделедi, оған тыйым салынған құралдардың, заттар мен азық-түлiк өнімінің алынғаны туралы акті қоса беріледі. Жеке тiнту мен заттарды тексеру қатар жүргiзiлген кезде бiр хаттама жасалады. Хаттамаға гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметші және жеке тiнту немесе заттарына тексеру жүргiзген гауптвахта қарауылының бастығы қол қояды.25. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшінің хаттамаға қол қоюдан бас тартуы және оның тiнту немесе заттарын тексеру кезiндегi барлық талаптары хаттамада жазылады. Хаттама мен акті жеке iске тіркеледі. 26. Жеке тiнту кезінде тыйым салынған құралдарды, заттар мен азық-түлiк өнімін алу туралы хаттама жасалады.

4. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттар мен азық-түлiк өнімін алу 27. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден сақтауға қабылданған немесе оған тиесілі алынған ақша, құндылықтар гауптвахта бастығына сақтауға тапсырылады. Жеке құжаттар (жеке басын куәландыратын құжаттар) гауптвахта бастығында сақталады. Сақтауға және па йдалануға тыйым салынған құралдар, заттар мен азық-түлiк өнімі қамауға алынғандардың заттарын сақтайтын бөлмесіне сақтауға тапсырылады немесе жойылады.28. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден алу не сақтауға қабылдау нәтижелері бойынша Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша үш данада алу актісі жасалады. Бiрiншi данасы гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге берiледi, екiншi данасы – бөлiмнің уәкілетті өкіліне беріледі, үшiншi данасы жеке iсте сақталады. Гауптвахтада ұсталатын қамауға алынғандарды (ұсталғандарды, күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды) есепке алу кітабында алынған және сақтауға қабылданған заттар мен мүлік туралы жазба жасалады және үш данада жасалатын оларды қабылдағаны туралы оған қолхат беріледі, одан кейін тұтқындалған камераға орналастыру үшін гауптвахта (кезекші ауысым) бастығына жіберіледі. 29. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден заттар мен азық-түлiк өнімін сақтауға қабылдауды медициналық бөлім қызметкерінің қатысуымен қарауыл (кезекші ауысым) бастығы жүргізеді. 30. Қамауда ұстау кезеңiнде гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден ақшаны немесе құндылықтарды алудың немесе табудың әрбiр фактiсі бойынша олардың келіп түсу көзін және нақты иесiн анықтау мәніне қызметтік тексеру жүргiзiледi.  31. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің өтiнiшi бойынша және адамның не iс жүргізуінде қылмыстық ісі бар органның келiсiмiмен гауптвахтада сақтауда тұрған құралдар, заттар және азық-түлiк өнімі гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің туыстарына берiледі.32. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған жағдайда сақтауда тұрған оған тиесілі ақша, құндылықтар, басқа да құралдар, заттар және азық-түлiк өнімі оның туыстарына беріледі.

5. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету33. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер:1) ұйықтайтын орынмен;2) төсек-орын жабдықтарымен ұйқы ауқытында: матрацпен, жастықпен, көрпемен, екi жаймамен, жастық тысымен;3) асхана ыдысымен және асхана аспаптарымен ас-ауқат ішу уақытында: тегешпен, кружкамен, қасықпен;4) жалпыәскери жарғылармен, кітаптармен, журналдармен және мерзімді басылыммен қамтамасыз етіледі.Барлық камераларға түнгі уақытта кезекші жарық түсіріледі.34. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге аптасына екі реттен жиі емес ұзақтығы кемінде 15 минут душта жуыну мүмкiндiгі берiледi. Моншада жуыну аптасына бір рет гауптвахта бастығы белгілеген күндері және сағаттарда жүргізіледі. Моншада жуыну күндері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің іш киім­дері мен төсек жабдықтарын ауыстыру, сондай-ақ оларды медициналық тексеру жүзеге асырылады. 35. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге олардың өтiнiшi бойынша ұсыныстар, өтiнiштер, шағымдар жазу үшін жазу құралдары (қағаз, шариктi қаламсап) берiледi.

6. Сәлемдемелердi қабылдау және гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге беру 36. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге бірінші кезекте қажет заттары, маусым бойынша киімі бар сәлемдемелер, бандерольдер алуға рұқсат етіледі. Сәлемдемелер мен бандерольдер гауптвахта бастығының қатысуымен тексеріледі. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған беруге рұқсат етілген заттардың тiзбесi гауптвахтаның стендісіне iлiнедi.37. Сәлемдеме жеткізген адам өтінішті Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша екі данада толтырады және оған қол қояды. Өтініштің екі данасы, сәлемдеме, сәлемдеме жеткізген адамның жеке басын куәландыратын құжат гауптвахта қызметкеріне беріледі. 38. Сәлемдемені қабылдай отырып, гауптвахта қызметкері келушіге жеке құжаттары мен қабылдағаны туралы қол қойылған өтініштің бір данасын қайтарып береді, ал екінші данасын гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші сәлемдемені алғаны туралы қолтаңбасын қойғаннан кейін оның жеке ісіне тіркейді. Жеке істе сәлемдемені алғаны туралы белгі қойылады. Өтінішке қол қоюдан бас тартылған жағдайда онда ол туралы тиісті белгі жасалады. 39. Сәлемдемеде, бандерольде, хатта табылған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіде болуға тыйым салынған құралдар немесе заттар алынады және қайтару себептерін көрсете отырып, сәлемдеме жеткізген адамға қайтарылып беріледі. Сәлемдеме пошта арқылы алынған жағдайда тыйым салынған құралдар, заттар немесе ақша әскери қызметшінің жеке заттарының тізімдемесіне енгізіледі және жазалау мерзімін ө

Соңғы жаңалықтар