• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2013

Парламентаралық ынтымақтастық – Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси үнқатысудың маңызды бөлігі

324 рет
көрсетілді

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, екі ел қарым-қатынасының маңызды мәселелерін талқылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, екі ел қарым-қатынасының маңызды мәселелерін талқылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Бұл – мәртебелі мейманның біздің елімізге алғашқы мем­лекеттік сапары.

Нұрлан Нығматулин Қазақ­стан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев пен Қытай бас­шы­сы­ның сындарлы саясатының арқасында екі ел халқының игі­лігі жолында жоғары деңгейдегі мемлекетаралық қарым-қатынас орнап, тұрақты әрі қарқынды да­мып келе жатқанын тілге тиек етті.

Сонымен бірге, Қазақстан мен Қытайдың – ШЫҰ, АӨСШК, БҰҰ сияқты халықаралық ұйым­дар аясындағы байланысы да назардан тыс қалмады.

Мәжіліс Төрағасы ҚХР Төр­ағасы Си Цзиньпиннің сапары барысында жан-жақты страте­гиялық серіктестікті одан әрі ны­ғайту туралы Бірлескен декла­рация қос мемлекет ынты­мақ­тастығының тамырын терең­дететініне сенім білдірді.

КХР Төрағасы екі елдің түрлі саладағы өзара қатынасына жо­ғары баға бере келіп:

– Қазіргі таңда біздің қаты­насымыз бұрынғыдан да қар­қынды дамып келеді, – деді.

Сонымен бірге, Си Цзинь­пин өзінің біздің елімізге сапары Қазақстан Президентінің арқасында қол жеткізілген ке­лісімдердің нәтижесінде біздің елдеріміздің арасында орнаған стратегиялық, достық және тату көршілік қатынастың нақты көрсеткіші екенін баса атап өтті.

Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы мен Қытай басшысы парламентаралық байланыстың маңыздылығына да ерекше көңіл бөлді.

Нұрлан Нығматулин Пар­ламент Мәжілісінде Халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысымен ынтымақтастық жөнінде топтың бар екенін алға тарта келіп, біз үшін үдемелі экономикалық өсім, инновация, жемқорлықпен күрес, басқа да салаларды заңнамалық қамтамасыз ету жағынан қы­тай­лық әріп­тестеріміздің тәжірибесі маңызды, деді.

Кездесу соңында Мәжіліс Төрағасы ҚХР Төрағасының Қазақстанға сапары стра­те­гиялық серіктестікті одан әрі нығайтып, екі ел қарым-қа­тынасының, соның ішін­де, пар­­ламентаралық ынты­мақ­тас­тық­тың нығаюына тың серпін беретінін атап айтты.

Соңғы жаңалықтар