Денсаулық сақтау министрлігінде Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиеваның қатысуымен баспасөз жиыны өтті.
15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында барлық өңірлерде тұрғындарды емханаларға тіркеу жұмысы жүргізілмек.
Денсаулық сақтау министрлігінде Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиеваның қатысуымен баспасөз жиыны өтті.
15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында барлық өңірлерде тұрғындарды емханаларға тіркеу жұмысы жүргізілмек.Науқан аясында жергілікті жұрт өздері емделіп жүргенімен, көңілі толмайтын емханаларын басқасына алмастыруға құқылы. Сондай-ақ, олар өз емханаларының қызметін ұнататын болса, бұл шараға қатыспай-ақ қоюына болады. Мұндай жағдайда медициналық ұйым ондай азаматтарды автоматты түрде келесі жылға тіркейді. Бұл туралы жиында Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры мәлім етті. Оның айтуынша, қандай да бір мекеме тұрғындарды өздеріне тіркеуге алудан бас тартса, заңсыз болып табылады. Себебі, 2010 жылдан бастап республиканың әрбір азаматына медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы берілген. Денсаулық сақтау мекемелері тұрғылықты мекенжай туралы тіркеу қағазын сұрататын болса, ол да заңсыз. Бүгінде тіркеу қағазы болмаса да әр азамат медициналық көмек алуға құқылы.
Жиында департамент директоры келесі жылдан бастап әрбір қазақстандыққа тегін медициналық көмек көрсетуге республикалық бюджеттен айына 800 теңгеден бөлінетінін, одан бөлек азаматтар ауырмаса да, жыл сайын республиканың әрбір тұрғынына 50 диагностикалық ем-дом қарастырылғанын баяндады. «Орташа алғанда бізде халықтың 30-40 пайызы сырқатты болады және оларға аталған 50 қызметтен артық көмек қажеттілік етеді. Егер де сау адам осы қызметті қажет етпесе, онда бұл қаржы амбулаторлық деңгейде өзге сырқаттарға жұмсалады», деді ол.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, биыл әр қазақстандыққа бюджеттен ай сайын 500 теңге бөлінген.
«Егемен-ақпарат».