Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі үстіміздегі жылдың қаңтар-тамызында 56,6 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,4 пайызға артық. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 17,0 миллиард теңге болды. Нақты көлем индексі 131,5 пайызға жетті. Мал шаруашылығының өнімі 39,4 миллиард теңгеге тұрақтады.

Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға биыл 3321,0 миллион теңге субсидия бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 1866,4 миллион теңге, облыстық бюджеттен 1454,6 миллион теңге қаралды. Ал үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне 1352,3 миллион теңге игеріліп отыр. Оның ішінде республикалық бюджеттен игерілгені 457,0 миллион теңге болса, облыстық бюджет қаржысының 895,3 миллион теңгесі жаратылды.
Облыс егін шаруашылығында масақты дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды. Масақты дәнді дақылдардың жалпы өнімі 414,9 мың тоннаны құрады. Облыс бойынша дәнді-дақылдардың орташа түсімділігі гектарына 18,5 центнерден айналды. Ал мал азығын дайындау, көкөніс, картоп, майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда.
Мал шаруашылығында шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 56,6 мың тонна ет өндіріліп отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға артық.
Қой мен ешкі басы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға (2762,6 мың бас), жылқы – 2,9 пайызға (98,6 мың бас), түйе – 6,1 пайызға (5,8 мың бас), шошқа – 4,6 пайызға (42,5 мың бас) өсті.
«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде үстіміздегі жылы 4700 аналық мал басын сатып алу қарастырылған. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалдарымен 88 шаруа қожалықтарына 764,7 миллион теңгеге несие беріліп, 4104 сиыр және 217 бұқа сатып алынды.
Түйіп айтсақ, республика бойынша ауылшаруашылық өнімінің көлемінде облысымыздың үлесі 6 пайызды құрап отыр.
Абдалы НҰРАЛИЕВ,
Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығы.